Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
«Озық ойлы Абайтанушы» танымдық сайысы.
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, мәнерлеп жатқа айтуға, талдауға бейімдеу;
Дамытушылық: Білім алушылардың тіл байлығын, ой өрісін, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Тәрбиелік: Білім алушылардың эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.
Көрнекілігі: Абай портреті, слайд, бейнебаяндар, өлең, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Сайыстың барысы: Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары - адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайысымызды бастайық.
«Озық ойлы Абайтанушы» танымдық сайысы
Полная версия материала