Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті
қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы.
Халқымыздың тәрбие әдістері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып
келе жатқан асыл қазынамыз. Сол тәжірибе, таным, ұлттық
құндылықтарымыздың бірі де бірегейі халқымыздың салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары, өнегелері. Ал біздер, осы құндылықтардың заңды
жалғастырушысы мен қорғаушыларымыз болып табылады. Ұлтымыздың
мақтанышына айналған ұлттық құндылықтарымыз ұлттығымыздың негізі
мен темірқазығы. Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен
оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық,
кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық,
қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық,
сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат
сынды қасиеттер жатады.
Ұлттық құндылық арқылы балаларды тәрбиелеу – заман талабы
Полная версия материала