Мұғалім оқушының үлгісі. Әлемде миллиондаған ұстаздар бар. Әр адам керемет ұстазды әр түрлі қылып елестетеді. Кейбіреулер керемет ұстаз қатал болады десе,екіншісі керісінше керемет ұстаздың мінезі жұмсақ болады дейді. Менің ойымша ең жақсы ұстаз қаталда емес,мінезі жұмсақта емес,бастысы баланың жүрегіне жол таба білуі керек. Қазіргі заманның оқушыларының мұғалімге деген талаптары жоғары. Үй жұмысын бермесін,үй жұмысын сұрамасын,ұрыспасын дегендей шарттары бар. Бірақ мұғалім бұл талаптардың бәрін орындаса мұғалімдер ұстаз болмайды ғой.
Менің сүйікті мұғалімімнің есімі Гульсим Кубегеновна. Ол кісі өзінің зеректігімен,ақылдылығымен мақтанса болады. Мен Гульсим Кубегеновнаға алғысым шексіз.Ол бізге қазақ тілінің сырын шекті.Біз білмейтін көптеген мәліметтер айтты. Гульсим Кубегеновна біздерді көптеген конкурстарға қатыстырып,біздің болашағымызды ойлайды.Біздің келешекте жақсы болып,дұрыс білім алып,дұрыс жолға түсу үшін көп еңбек етіп,біздер үшін алаңдайды.Менің ұстазым жаны таза,ақкөңіл жан. Ол кісі жүрегіме жол таба алған бір ақ жан. Бұл мұғалім өте кеңпейілді, жүрегі таза,арам ойы жоқ жан. Ол кісінің көптеген жетістіктері бар.Бірақ ол кісі көп мақтана бермейді.
Біздің Гульсим Кубегеновна Қазақстан Ұстазы Қоғамының мүшесі.Сол ұйымның көптеген медальдарының иегері.Біздің сыныпта керемет ашық сабақ өтгізіп көптеген ұстаздардың алғысына ие болған.Жиірмадан аса алғыс хаттары,1 және 2 дәрежедегі дипломдары бар. Облыстық жарыстардарға қатысқан.Олимпиадаға қатысып алғыс хаттар алған.НЗМ Өрлеу курсының III деңгейін бітірген.Жаңа бағдарлама бойынша тренер ретінде мұғалімдерге дәріс беріп, тәжірибе алысып отырады
Мен өз басым ұстаздарға таң қаламын.Таң атпай,күн шықпай мектепке қарай асығады.Олар үшін мектеп олардың екінші үйі. Осы мұғалімдер болмаса,біз қазір маймылдармен тең болар едік. Әр күні бізге білім беріп,жаңа нәрселер үйретеді. Әлемді танытады.Олар бәріне жетіседі.
Қазіргі кезде қағазбен жұмыс көбейіп кетті. Әттең ұстаздар содан айырылса ғой шіркін.Кішкене болса пайдасы тиер еді.
Гульсим Кубегеновна сіз өмірдегі керемет жансыз.Деніңіз сау болып,әлі қолыңыздан мыңдаған шәкіріт ұшырыңыз.Күліп ойнап біздің арамызда керемет,сүйікті ұстаз болып жүре беріңіз.Сізге алғысымыз шексіз!