Мен Сарышығанақ ауылының орта мектебінде оқимын. Қазір тоғызыншы сыныпты бітіруге таяумын. Менің мектебімде ұстаздар өте көп. Олар ақкөңіл, жанашыр, қамқор, ақылды, сыпайы және мейрімді жандар. Олар бізге осы мектептін табалдырығын аттағаннан бастап мейріммен қарай бастады. Бізді өз білгендеріне үйретіп, бар білімдерін беруде.
Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңізші?! Сол періштелердің бірі қазір менің бала жүрегімде нық орын алған. Ол - бастауыш сыныптағы алғашқы ұстазым Жұмабекова Алтыншаш Темирболатовна. Алтыншаш апай бізге қамқор бола білген ұстаз. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Алғашқы ұстазыма алғысым шексіз.
Ал менің қазіргі ұстазым Г.С.Абдрахманова. Ол біздің сынып жетекшіміз және де сүйікті ұстазым да сол кісі. Осы ұстазым бізге қазқ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Ол кісі де аққкөңіл жан. Бар білгенін бізге үйретуде. Бізді әр қиын сәтте қолдайды, көмек қолын созады. Екінші анамыздай болып кетті. Ұстазым әрқашанда жақсы көңіл – күймен жүреді, маған ешқашанда дөрекі сөйлеген емес. Менің осындай ұстазым барына өте қуаныштымын. Мен ол кісіге де көп алғысымды айтып, ризашылығымды білдіремін.
Қысқаша айтсам мен барлық ұстаздарымды жақсы көремін. Олардың маған осы жылдар бойы берген ризашылығым шексіз. Олардың барлығы үлкен құрметке лайық жандар.
Менің ойымша ұстаз болу бұл жеңіл жұмыс емес. Сондықтан да тек қана менің ұстаздарым емес, бұл әлемдегі барлық ұстаздар үлкен құрметке сай жандар.
Мен өзімнің ұстаздарымды өте қатты жақсы көремін! Оларға мың алғыс!