«Ұстазы жақсының,
Ұстамы мықты»,- демекші мамандықтың ішіндегі ұстаздардың орны бөлек.Менің ойымша, ең қиын да күрделі жұмыстардың бірі -осы ұстаздық. Өйткені қай мамандықтың иесі болмасын, осы мұғалімнен білім алады.Бізге ой-сана,тәлім-тәрбие беретін ұстаздарымызды қадірлеуіміз керек.
Ұстаз- мен үшін ардақты есім.Мектеп –екінші үйіміз болса,ұстаз-екінші анамыз. Ұстаз аты -биік, әрі мәңгілік. Ұстаз...Оңашада отырып ойға кетсем,ақ жарқын мінезі, мені қиялға батырып,. жетелей жөнеледі...Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған,’’Әліппе “кітабын қолыма ұстатқан ,алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті ұстаздарымның бірі –Жахметбекова Назира апай. Мұғаліміміз ешкімге ұқсамайды,еңбеққор,білімді,мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп,ақыл айтып,барлығын үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін ерекше. Екінші ұстазым-Әмірбекова Жансая мұғалім.Ол кісі орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінен берді. Жансая мұғалім би билеуге ,ән айтуға көмектесетін. Үшінші ұстазым-Құсайынова Мүгілсім Сатбековна. Ол кісі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен береді. Осы мұғалім бізге өте көп нәрсе үйретті. Ал қазіргі мұғаліміміз -Кусайнова Айгерім. Айгерім апай қазақ тілі,қазақ әдебиеті және тарих сабағынан береді.Апайымыз алтыннан да бағалы ойлары мен ақыл-кеңестерін беруге әрдайым дайын жан.Әрбір шәкірттердің өзі сүйген,жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесін жылдар өткен сайын есінен шығармауы керек.Себебі,ұстаз баланы адам қылып,біздің жүрегімізге мақсат қоя білуге сенім ұялатқан ұлы тұлға.Біздің болашақта қандай тұлға болып қалыптасуымызға осы ұстаздарымыздың берер ақылы өте зор.Білімді,тәрбиелі,ел болашағын ойлайтын саналы ұрпаққа тәрбие беретін ұстаздарымызға мың алғыс!