Ұстаз... Қандай қасиетті,қастерлі ұғым десеңші! Ұстаз сөзін айтқанда ,көз алдыңа ең бірінші аппақ жейдесі бар, шашы түйілген ,үсті мұнтаздай ,әдемі жүзді,ақжарқын адам елестейді.
Мен алғаш рет 5 жасымда «Алты жасар Алпамыс мектепке барады» кинофильмін қарап отырып анама менің де мектепке барғым келетінін айттым. Әрбір баланың мектепке деген құштарлығын оятқан осы кинофильм десем болады.Алпамыс сияқты қолыма сөмке ұстап,өзіме сабақ беретін апайымды көз алдыма елестетіп,қуанышым қойныма симай,жүрегім өрекпіп, ең алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Алдымнан өзім ойлағаннан да әдемі,ұзын бойлы,шашы иығынан төгіліп тұрған,күлімсірегенде жүзінен нұр тамғандай апай қарсы алды. Анамның етегіне тығылып тұрған мен апайымның керемет жүзіне қарап тұрып ,соңынан қалай ергенімді білмей қалғаным бар.Қазір сол кезді ойласам жүзіме еріксіз күлкі ұялайды.Бұл менің ең алғаш ұстаз деген ұлы тұлғаны тануым десем де болады.Жылдар жылжып өз ағысымен өтіп жатыр.Бүгінгі таңда 6 сыныпқа қалай келгенімді де білмей қалдым.Өмірдің талай қызықтары осы мектеп қабырғасында, яғни ұстаздарымыздың қасында өтеді.Ұстаздарымызды ренжіткен кездеріміз де болды.Сол кезде өзімді қоярға жер таппай,күні –түні ойланып,ертеңгі күні сол ұстаз бетіне қалай қараймын,ұстазыма қалай жақсылық жасап,кешірім сұрасам екен деп ұялып тұрғанда, ақжарқын күлкісімен алдыңнан жарқ етіп шыға келгенде «қайраны менің апайым-ай, не деген кең едің» деп ойға шомамын.Меніңше,кез-келген адам мұғалім бола алмайды.Себебі,ұстаз болу үшін табиғи дарын,ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек керек.Менің апайымда осы қасиеттің бәрі бар.Ол кісінің сабақ түсіндірісінің өзі бір бөлек, баланың жанын түсіне білуі бір бөлек.Кермет жан! Ұстаздар күніне орай «Ұлағатты ұстаз» туралы эссе жазып келуімізді сұрағанда, менің қуанғаным сондай апайымның жүзіне қарап «сіз туралы жазамын» деген ой келді.Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші ұстазымның айтқан ақыл-кеңестері,берген білімі болашағыма үлкен азық болары даусыз.Менің әдебиетке деген құштарлығымды оятқан ұстазыма ризашылығым шексіз. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың иесі болу үшін көп қиындықтардан өтерін білсем де болашақта мұғалім болуды армандаймын. Әр сабағыңа жіті дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай,сонымен қатар тәлім-тәрбие беру, Абай атамыз айтқандай жақсы қасиеттерді бойымызға дарытып, жаман қасиеттерден бойымызды аулақ ұстауымызға кеңес беретін де Ұстаз сіздерсіз. Ұстаз сіздің жүзіңізге түскен әрбір әжім, шашыңызға түскен әрбір ақ үшін біз сіздерге қарыздармыз. Болашақта сіздердің аттарыңызға кір келтірмей, Ұстазы жақсы білім,тәрбие берген екен дейтіндей, елімнің елеулі,халқымның қалаулы азаматы болуға ант етемін,аяулы Ұстазым!