Сочинения (эссе)

RCDO.KZ » Конкурсы » Сочинения (эссе) » Менің Қазақстаным

Менің Қазақстаным

ya_socials
Опубликовано:
Автор: admin01 618

Қазақтың құт қонып, қыдыр дарыған, табиғатымен талай жанды тамсандырған көрікті жерлерінің өте көп екендігіне мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің қоры «Kazakh Tourism» АҚ ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолы» атты экскурсиялық туры барысында Алматы облысы мен Елбасының туған жеріне саяхатқа қатысу арқылы көзім әбден жетті. Бұл бағдарлама кіші отанның жаңғыруы арқылы жалпыұлттық патриотизмің қалыптасуына бағытталған. Ол өлкетану, өлкетанулық мұражайлар жүйесін дамытуға негізделіп, білім беру жүйесінде орта мектептердің бағдарламаларында туған өлкені зерттеуден бастау алады. Әрбір мекен өзінің қаһармандары мен тарихи орындарына бай. Сол себептен әрбір аймақта аймақтық тарихты оқытуды, мәдени және тарихи ескерткіштерді және жер­гілікті ауқымдағы мәдени нысандарды қайта қалпына келтіруді ұйымдастыру қажет. Бұл жоба жастар арасында туризмді жандандыруға мүмкіндік беріп, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулиды.

Алматы бізді құшақ жая, өзінің жағымды ауа райымен қарсы алды. Тарихы мың жылдан асқан қалаға жасаған алғашқы экскурсиялық саяхатымыз ҚР Орталық мемлекеттік мұражайынан бастау алды. Мұражайға кіргеннен көзімізге «Алтын адам» бейнесі сап ете түсті. Құдды бір байлықтың үстіне түскендей ерекше сезім бойды керней кетті. Әрі қарай мұражайдың сәнін кіргізіп тұрған құнды дүниелермен танысып, бойымызға қаншама рухани дүние сіңірдік десеңізші, шіркін! Бұл сезім бөлек қой! Бұл мұражайды ресми сайты арқылы онлайн режімде аралап шығуға да болады. Бірақ шынын айтқанда, дәл осылай өз көзіңмен көргендей болмайтындығы бесенеден белгілі дүние. Экскурсиялық саяхаттың кезекті объектілерінің бірі, бірі әрі бірегейі жиырма сегіз панфиловшылардың саябағы болды. Бұл жәй ғана кезекті экскурсиялық орын емес, бұл тарихтың қайнар көзі сарқырап ағып жатқан бұлақ іспеттес орын. Бұл жерге келген адамның бойын бірден жаужүрек соғыс құрбандарының рухы шарпып, қосыла шырқалып тұрған жеңіс әуендері сол рухты одан әрмен асқақтатып, жаныңа ләззат бір сезім сыйлайды. Саяхат барысында салиқалы саясат жүргізіп отырған кемеңгер көшбасшымыздың оқыған білім ордасы Қарасай батыр атындағы мектепке бардық. Білесіз бе, ондағы оқушылардың өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетіндігі, шешен де ойлы сөйлей білетіні, Абайша сілтегенде жүрекке жылы тиетін, «айнасы теп – тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игергендігі мені тәнті етті. Елбасымыздың ғұмырын жатқа білетін бұл оқушылармен бірге оқығым келіп те кеткендігі рас. Көшбасшымыз көрсеткен көкжиек — үздіксіз табысқа жету үлгісі. Меніңше, олар «Елбасымыз Н.Назарбаев оқыған мектептің оқушылары» деген атқа әбден лайық!   Осы саяхатта маған нағыз әсер қалдырған  ата-бабамыздың шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы, елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің нышаны іспеттес ескерткішіміз «Тәуелсіздік» монументі болды. Кере қарыс маңдайынан ғарышқа ұзын жол салып, сұңғыла сертінде бодандық булыққан, ал дұғалы сөзінде азаттық аңқыған арыстан жүректі, абадан мінезді тәуелсіздіктің көк түтінін көкке көтерген тәуелсіздік құрбандары құрметіне тұрғызылған бұл монументтің архитектуралық мағынасы тереңде. Өзекті өртке ораған қоғамда өз үйімізге өзіміз  өгей болып,  желтоқсанда жастығы жалын атқан желтоқсан боздақтарына арнап жыл сайын ашық сабақтар өтетінбіз. Сол сабақтарда міндетті түрде сол ар құнын құлпыртып, кешегі керауыз сатқынды састырып, бүгінгі сорауыз жалтаққа қастығып, көңілдің көгінде қырандай сусылдап, жүректің қобызын күңіренткен тәуелсіздігіміздің нышаны болған осы ескерткіш жайлы сөз кететін. Мен бұл күнге дейін аталмыш ескерткішке аса мән бере қоймапппын, тек сол бір сәтте көрген тарихи ескерткішім биылғы өткен іс-шараларда көрсетілген көріністерде көзіме елеңдей түсіп, еліміз аңсап жеткен тәуелсіздігінің мағынасын енді ғана толық түсінгендей болдым. Әсем шаһардың топырағын толғатып, жібектей желімен сырласып, шөбімен, тауымен, құсымен мұңдасып тұрған бұл тарихи ескерткіш жайлы жаза берсем де алған әсерімнің шын бейнесі шыға қоймас.

 Қорыта айтқанда, біз — Алтайдан Атырауға, Сарыарқадан Алатауға дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр даланы мекен еткен қайсар халықтың ұрпағымыз. Бұл бейбіт өлке бізге ата-бабамыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, аманатқа қалдырған баға жетпес мұрасы.  Адамның ғұмырымен қатар келетін, еш толас таппайтын, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, тіршіліктің құт берекесі, адамның игілігі үшін жаратылған жаратылыстың сыйы осынау қазақтың тұмса табиғатының өзгеше екендігін саяхат арқасында түсінгендей болдым десем, артық айтқандығым емес. Қазақ жері табиғаты көркем, тауы мен даласы жанға жайлы мекендерге кенде емес. Жер жәннаты Жетісу, шыңдары көк тіреген Алтай, емдік қасиеті де, шипасы да мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш… айта берсек көп. Бірақ Қазақтың көркем табиғатының қызығын қазақ неге көрмейді? Қазақтың сай даласы да сұлулыққа бай. Біз ғана емес, бүкіл әлем халқы жыл он ай демалыс іздесе, елімізге келсін. Не іздесе де, қазақ даласынан табылады. Бірақ, өзгені қойып өзімізде сол табиғатты игілікке пайдалана алмай отырмыз. Бұл жайт көңілге өкініш тудырады. Ал осы алтын-жақұтқа бергісіз байлығымызды көпке таныту үшін мен аянып қалмаспын. Себебі, мен онымен мақтана, марқая өзге елдің өкіліне айта аламын. Осы саяхат маған бұрын соңды сезінбеген сезімді, сыйлады. Бұрын соңды алмаған рухани азық боларлық талай дүниені берді. Саяхат арқылы әрбір мекен өзінің қаһармандары мен тарихи орындарына бай екендігін ұқтым. Және бір ұққаным, тұмса табиғат – табыс көзі екен. Тек соны дұрыс жолға салып, отандық туризмнің қанат жайуына ықпал жасау керек. Мұны жасау мына менің, сенің және оның, яғни өскелең ұрпақтың қолында. Ал бұл жоба сол нәрсені біз жан дүниемізбен түсініп, шын ықыласпен ұғыну үшін жасалған өте пайдалы жоба болды деп нық сеніммен айта аламын. Осындай тарихи-мәдени орындар мол шоғырланған отаным Қазақстанның кең даласын, тауларын, шыңдарына қанатын тіреген бұлттарын, мөлдір көлдерін шын сүйе білетін адам оның нағыз «Саяхат елі» екендігіне шүбә келтірмейтіндігі анық!

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты