Ұстаз –сөзі бұл ұлы есім. Себебі ұстаз әрбір балаға мейірімін төгіп, білімін жетілдіріп, болашаққа жетелейтін абзал жан. Бір сөзбен айтқанда ұстаз қоғамда орны бөлек жан. Ол кісі алтын уақытын бөліп, өзгенің бақытын келешегін ойлап жан күйдіреді. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап барлық шәкірттерін өз қамқорлығына алып, ең алғаш әліппені ұстатып ақ қағаз бетіне 42 әріпті жазғызатын, сенің ой өрісіңді, біліміңді дамытуға көмектесетін ол сенің мектептегі анаң әрине ұстазың. Ол қашанда өз баласындай бауырына басып, өз білгенін саған үйретуден жалықпайды.
Әр адамның ол екінші анасы ұстазы деуге болады. Ұстаздың алдында кез келген адам, мейлі Елбасы, ғұламалар, ақындарда бас иеді. Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы, ғарышкерлер т.б. атақты адамдарда ұстаз болмаса жоғары дәрежеге көтерілмес еді.
Үйретіп сандарды,
Көп еңбек сіңірген.
Кім атын атай ғой,
Мұғалім апай ғой.
дегендей, мен алғаш мектеп табалдырығын аттағанда бізді жылы жүзімен күтіп алған алғашқы ұстазым Меруерт Мусина. Ол кісі әр бір оқушының еркелігін көтеріп, қателігін кешіріп басымыздан сипады. Мені алғаш білім нәрімен сусындатқан ұстазымның алдында әр қашанда бас иемін. Бірінші сыныпты үздік оқып мақтау қағазымен марапатталдым. Екінші сыныпқа көшкенімде алғашқы ұстазым басға сыныпқа ауысып кетті, сосын мені анам басқа мектепке ауыстырды.
Ол жерде мен Әсел Рахметоллақызы күтіп алды. Бастапқыда жаңа ортаға үйренісуім қиын болды. Сол кезде маған Әсел апай ерекше көңіл бөліп жаңа достарыммен тіл табысуыма көмектесті. Екінші сыныпта мен көптеген жетістіктерге жеттім әрине оның бәрі ұстазымның арқасы. Үшінші сыныпта «ТӘУЕЛСІЗДІК –МӘНГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» атты республикалық байқауында 1 орын иегері атандым. «МЕНІҢ ҚАЛАМ» атты өнеркәсіп дизайнерінің форсайт фестивалнде 2 орын иегері атандым. Бұның бәрі Әсел Рахметоллақызының еңбегі жемісі.
Бұның барлығы тек менің жеңісім емес ұстазымның жетістігі. Келешекте де ұстазымның сенімін ақтаймын деп сенемін!
Ұстазыма мың алғыс!!!