Сүйікті ұстазым
Ұстаз – осы атау менің сәби жүрегімнің төрінен ең биіктен орын алған есім.Менің түсінігімде ұстаздан асқан дана, мейірімді, сабырлы, жүрегі жылылыққатолы жан жоқ секілді. Қашанда сыныптағы шәкірттері үшін қамқорлық танытыпжүретін, бізге алаңдайтын, ылғи үздік болғанымызды қалайтын. Менің ұстазым, иә сүйікті ұстазым, алғаш қолыма қалам ұстатып, әріптанытқан ұстазы – Кошыгулова Бану Мырзашқызы. Әкем мен анам алғашмектепке әкеліп, ұстазыммен кездестіріп, «бұл сенің ұстазың, енді осы кісі сағанбарлығын үйретеді, сен тек мұқият тыңдасаң болғаны» деген сәттен бастапҰстазымды қатты жақсы көріп, бауыр бастым.Ұстазым сыныптағы барлық баланы өз баласындай көретін. Күн сайын біздіқарсылаған кезде, біз анамызды көргендей құшақтап алатынбыз. Ол да біздісағына күтіп тұрғандай қарсы алып, үйге қайтарда қимай қоштасатынбыз. Әрбірөткізген сабағы өте қызықты өтетін. Қоңырау соғылған кезде сабақтың қалай өтіпкеткенін білмей қалатынбыз!Иә, менің ұстазым осындай жан! Қазір өзге мектепке ауысып кетсем деалғашқы ұстазым әр тоқсанды аяқтаған сайын, үлгерімімді сұрап, менің ең сүйіктішәкірті екенімді айтып отырады. Ұстазым менің ұстазым, Келеді өзіңе ұқсағым. Баулаған өнерге, білімге, Мейірімге толы әркез құшағың!Ғалым да, Шахтерде бас иіп, құрмет көрсеткен Ұстаз мен үшін дана жан!Қаншама шәкірттері Ұстаздан білім алып ел басқарып, спортта жеңіске жетіп,елінің атын шығарып жатыр. Сол алыптардың да Ұстаздан білім алғаны, алғашқолдарына қаламды Ұстаз ұстатқаны белгілі. Осындай беделді адамдардан сұхбаталған кезде, «алғашқы ұстазыңыз қандай еді?» деген сұраққа олар, үлкентебіреніспен, балалық шағына ойша саяхат жасап, естеріне алып жатады. Мен деөскенде үлкен өнер адамы болғым келеді. Мен де Ұстазым жайлы сол кездетебірене айтқым келеді. Сол кісімен мақтанғым келеді. Менің ұстазым, Меніңақылшым!