Ұстаз біздің білімімізге бағдар берген жан . ”Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға ”-деп бекер айтпаған шығар дана халқымыз.Сонау Абай атамыз ,Мағжан аталарымыз өзі де ұстаздан тәлім-тәрбие алған.Ұстаз өзінің шәкіртеріне білгенімен бөлісіп,білмеген оқушыға үйретіп бағыт бағдар береді .Біз сол кісілердің арқасында сауатымызды ашып,алғашқы кітабымыз болған әліппемен танысамыз .Ол кісі біздің әрбір еркеліктерімізді көтереді . Шәкірттеріне ешқашан жаман болсын демейді білсін ,оқысын,танысын,үйренсін деп талпынады .
Білімнің бастауы тәртіп .«Тәртіпке бағынған құл болмайды » дегендей бізге алғаш тәртіпті де үйреткен ұстазымыз .Ұстазымыз біздің екінші анамыз.Аналарымыз балаларына ешқашан жамандық тілемейді ғой ,олар әрқашан қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай бізді әлпештеп ,аялап өсіреді.Ұстаздарда аналар секілді шәкірттеріне дәл солай қарайды.
Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы бейнесі.Ұстаздың лаулаған жалыны-әр жүрекке жылу сеуіп нұр құяттың қуаттың қайнар көзі.Ол әрине сезім мен нұр шашар сәуле.Күн сәулесі адам баласына адам баласына қалай жарық сыйласа ,ұстазда дәл солай шәкіртке білім апарар жарық жолды көрсетеді.Ұстаз өзінің күн тәртібінде оқушысының білім тәрбиесіне сарып бел буған періште секілді.
Менің сүйікті ұстазымда дәл сондай жан .Өмірінің жартысын шәкіртінің болашағы үшін қиған .Мен үшін ұстазымның қалдырған бейнесі мейірбан ,жүзінен нұр құйылған қорғаушы періште іспеттес. Ұстазымның әр сабағын сыңғырлаған үнімен оқи отырып,әр оқушының жадына мәңгі қалатындай етіп түсіндіреді. Роза мұғалімге алғысым шексіз .Сөзімнің соңында Н.Әлімқұловтың өлеңімен аяқтағым келеді.
Мұғалім- ардақты жан ,ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас ,
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан
Арманның асқарына ұмтылған жас .