Менің Қазақстаным
Менің туған жерім - Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы! Сенің туған жерің қандайдесе? Көз алдыма Жайық өзені, ұзын жасыл ағаштар келеді. Табиғатымыз өте сұлу.Сондықтан болар біздің қаланы «Жасыл қала» деп атайды. Бұл жерде көптеген батырлар,ақындар дүниеге келген. Біз сыныптастарымызбен қаламыздың ортасында орналасқан ҰлыОтан соғысының батыр қызы Маншүк Маметованың мұражайын тамашаладық. Батыр қызосы үйде тұрған екен. Және де ақын, бірнеше балаларға арналған кітаптың авторы ҚадырМырза Әлі атамыздың орталығына барып концерт көрдік.Анам алғаш рет Қазақстан жерін картадан көрсетенде мен оны балыққа ұқсаттым.Кейін Қазақстанымызда таулы аймақтардың, өзен – көлдердің, түрлі өсімдіктердің, құстармен аңдардың көп екенін оқып білдім. Жеріміз өте бай екен. Бізде мектепте «Мәңгілік ел»сабағы жүреді. Сабақ мен үшін өте қызықты, себебі бұл сабақта біз Қазақстанның басқақалаларына саяхат жасаймыз. Әр қаланың тарихымен танысамыз. Мәңгілік ел сабағынаналған білімім болашақта мен өскенде пайдағасады. Мен Отаныммен мақтанамын! Отанымол – Қазақстан!