Менің отаным ,бабаларым найзамен ,даналарым біліммен қорғап кеткен қасиетті қазақ жері.Елімнің өткен жетістігі мен алдағы Қазақстаннның дамуы шағын ой тұрғысында шағын ойтолғамымды жазуды жөн көрдім.Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропамен ,Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Тарихында көптеген соғыстар мен жеңістер, батырлар, ағартушылар мен бабалар бар. 16 желтоқсан 1991 жылы КСРО дан бөлініп тәуелсіз мемлекет болып атанып қазақ тілін мемлекеттік тіл атады.
Республиканың тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсан күніңде президент атаңды. Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болса да Қазақстан Республикасы әлемдік аренада бәсекелістікке тұра алатын мемлекетке өсті. Мемлекетіміздің басты мақсаты әлемдегі дамыған 30 елдердің құрамына кіру. Ол үшін осындай жетістіктер жүргізілді : білім саласы дамыды (21 Назарбаев Зияткерлік Мектептері ашылды), медицина Жоғары деңгейге жетті, 2017 жылы еліміздің Астана қаласында халықаралық EXPO –2017 көрмесі өтті. Осының бәрі де Елбасының бастамасымен істеліп жатқан шаруалар.
Оған қоса еліміздің географиялық орналасуы өте қолайлы болып келеді. Қазақстан әдемі қоршаған ортасымен мақтана алады. Мысалы үшін біздің Шығыс Қазақстан облысында Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, Алакөл көлі, Бұқтырма су қоймасы, Бурабай көлі, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі секілді көрікті және тарихи жерлер бар.Біз сол байлықтарымызды мәңгілік елдің ұрпағы ретінде сақтап қалуға тиіспіз.
Еліміз қазба байлықтарға да бай екені бүкіл әлемге белгілі. Шымкент, Өскемен, Қызылорда , Қарағанда секілді қалаларда әлемдік ресурс жинау бойынша алып компаниялар орналасқан. Демек бұл жетістіктер әлемдік аренада еліміздің жоғары деңгейде орналасқанын көрсетеді. Міне алдағы уақытта Елбасы тапсырмасымен «сандық Қазақстан» жобасына кіреміз.Бұл бізге сапалы біліммен қатар ,рухани дүниелерді қашықтан білуімізге жаңаша серпін беретін ауқымды жоба болып табылады. Жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанда туғаныма ,білім алғаныма мен шексіз ризамын. «Елбасым мен елім аман болсын» - деп айта келе сөзімді былай қорытындылаймын.
Мен Серікқазы Айдана мемлекетімнің тарихын біліп болашақта Қазақстанымның дамуына бар үлесімді қосатыныма сенемін және менің елім Қазақстан екеніне мақтан етемін.