Еркіндік,
Қасиетім,
Қастерлім.
Уа, еркіндік!
Қош келдің!
(Қалқаман Сарин)
«Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы Қалқаман Сарин жырлаған, тәуелсіздік- қасиетті, қастерлі ұғым. Менің Қазақстаным тәуелсіз мемлекет. Біріншіден, мемлекеттік рәміздері гимні, елтаңбасы, туы бар. Екіншіден, ұлттық валютамыз-теңге, үшіншіден мемлекеттік тіліміздің болғаны тәуелсіздігімізді айқын етеді. Сарыарқаның орталығында орналасқан ел ордамыз –Астана да осыған күә. Астананың символы –Бәйтерек. Астана жаңа ғимараттармен күннен күнге көркейіп келеді. Астана күні - 6 шілде күні тойланады. Ол мемлекеттік мереке. Сонымен қатар, 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні де мемлекеттік мерекелер қатарына жатады. Бұл мерекеге қол жеткізудегі ауыр жол жайлы қазақ тілі сабағында әңгімелесіп, пікірлескен болатынбыз. Еркіндікке, тәуелсіздікке қалай жету қиын болса, айырылып қалмау одан да қиын деп ойлаймын. Менің тілегім, Қазақстан, өркенің өссін!!! Қазақстан жаса! Алға, Қазақстан!