Мен Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши кентінде дүниеге келгенмін.Мен Жекей руынан тарағанмын. Үлкен атамыз Дәулет, Дәулеттен төрт атамыз тараған .Олар:Өмірбек,Қазбек, Мырзабек,Молдабек..Мен ,Қазбек атадан тарағанмын. Қазбектен Самсай ата, Самсайдан кейін менің атам Амандық тараған. Амандық атам отыз жасында жол апатынан қайтыс болған. Тірі болса 2017 жылы алпыс жасқа толар еді.
Менің отбасымда бес адам бар. Әжем,әкем, анам,сіңілім және мен.Әжем зейнеткер.Әкем құрлысшы.Анам болса, бала бақшада тәрбиеші Сіңілім «Зере»бала бақшасында тәрбиеленуде.Мен Кеңқияқ орта мектебінде 1- класс оқимын.Көптеген сайыстарға кішкентай болсамда қатысып мадақтамалар мен алғыс хаттар алып жүремін.Әрқашан отбасым мені қолдап жүреді. Әжем ,әкем,анам тіпті кішкентай сіңілімде менің жетістіктеріме қуанады.
Әжеміз үйдің үлкені болғандықтан ,әжеміз отбасымыздың ұйтқысы.Сол кісінің айтқанымен жүреміз.Әжем тәрбиеге көп көңіл бөледі,тәрбиелі,қарапайым болғанымызды қалайды. Мен, тату отбасында өсіп келемін.Себебі,сыйластықты, бауырмалдықты ,татулықты көріп өсіп келемін. Отбасым аман болсын! Мен, отбасымды жақсы көремін!