Мен Егеменді Қазақстанда дүниеге келгеніме қатты қуанамын және мақтан тұтам. Қазақ болып туылғаныма аллаға шүкіршілік етемін.
Қазақстанның жері тұнып тұрған қазына. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар неше түрлі жануарлар да мекендейді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз , батырларымыз , ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жерімді мен әрқашан мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ даланы әлемді шыр көбелек айналсамда таба алмаймын. Өз Отаның сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтын парызы. «Туған жердей-жер болмас, туған елдей -ел болмас» дегендей әр бір адам өз жерін қайда барса да жырлай жүру керек. Мен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкин ауылында тұрамын. Мен туған жердің өзіме ыстық екенің алысқа барғанда сеземін және өзіңді өз туып өскен жерің әрқашан тартып тұрады. Биыл біздің өлкемізде үлкен мерей той: Павлодар облысына 80 жыл, Шарбақты ауданына 90 жыл, Галкин ауылына 112 жыл . Менің туған өлкемде қасиетті жерлер өте көп. Атап айтар болсақ Жылыбұлақ ауылында атақты «Маралды» шипалы көлі бар. Тұзды көл дертке дауа. Кәзір Маралды көлі үлкен бір демалыс орнына айналды. Онда адамдарға жаз мезілінде демалу үшін өте жақсы жағдай жасалған. Әр адамның туған жері көрікті, ал менің туған өлкем орманымен көрікті. Хазіреттердің бірі жерленген Хазірет Ғабдыл-Уахит кесенесі Қазақстандағы қасиетті жерлердің бірі болып табылады. Оның ерекшелігі «хазірет» атағы Бұхара қаласындағы «Мір Араб» медресесінде мыңдаған шәкірттердің арасында бір ғана адамға тағайындалады. Кесене Шарбақты ауданының «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орманының аймағында орналасқан. Хазірет Ғабдыл-Уахит қасиетті адам болды. Ол сырқат адамдарды емдейтін, болашақты болжайтын сәуегей, мұқтаж жандарға қолынан келген жәрдемін аямаған. Осы қасиеттері үшін үлкен құрметке ие болған. Хазірет Ғабдыл-Уахит кесенесіне адамдар келіп дұға оқып тілек тілейді. Былтыр жазғы мектеп алды сауықтыру лагерінде болған уақытта бізді Хазірет Ғабдыл-Уахит кесенесіне саяхат жасап, Хазірет Ғабдыл-Уахит өмірі, қасиеті жайлы тереңірек танысып қайттық. Тағы мақтанышпен айтар болсам орманың ортасында үш үлкен «Чайка», «Лесная сказка» және «Космически зори» атты демалыс орындары орналасқан. Мен көп балалы отбасынан болғандықтан «Чайка» демалыс орнына тегін жолдамамен демалып қайттым. Міне, менің туған өлкем осындай. Мен өлкеммен әрқашан мақтанып жұремін.
Қазақстан- менің мәнгі тірегім.