Менің атым Даниил. Мен он бір жастамын, бесінші сынып оқушысымын. Мектебімізде барлық ұстаздардың еңбегін аса қатты бағалаймын. Жаныма нұр сепкен сүйікті мұғалімім – Ауталипова Катира Сериковна. Ол мені мемлекеттік тілде сөйлеуге жетелейді. Сабақтары әрқашан қызықты. Ұстазым өте ақылды, әділ және сауатты адам. Ол әрбір оқушыға кез келген жағдайда көмек қолын созып, жәрдемдесуге дайын тұрады. Мен қазақ тілінен олимпиадаларға міндетті түрде қатысқым келеді. Олимпиада, сайыстарда жеңіп ұстазымды қуантқым келеді. Мен орыс тілін қаншалықты құрметтесем, қазақ тілін де соншалықты таза білгім келеді. Сол үшін көп жұмыс жасауым керек. Тек қазақ тілі сабақтарында қазақша сөйлеу жеткіліксіз. Сабақтан соң және жексенбі күндері ауладағы қазақ достарыммен араласуға тырысамын. Ұстазым тіл үйренудің ең тиімді жолы – ереже жаттау емес, үнемі тілдік орта қалыптастыру деп айтады. Қазақ тілі сабақтарында мен мұғалімімнің айтқанын бірінші түсінемін, ол мені менің «менің көмекшім Даниил» деп көп істерді маған сеніп тапсырады. Мысалы: сабақтан кейін тапсыратын сынақтарды мен қадағалаймын немесе ойындар жүргіземін, дәптерлерді жинап аламын. Менің білімім күннен-күнге толығып келеді. Қазақ тілі сондай көркем, сондай әдемі. Болашақта қайтсем де қазақ тілінде таза сөйлейтін боламын, себебі мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Және патриотымын
Сочинения (эссе)
Наши олимпиады