Әрбір баланың алғаш рет қолына қалам ұстатқан ұстазы мәңгі жүрегінде қалады. Нағыз ұстаз ол шәкірттің жүрегін жаулап алған ұстаз. Менің алғашқы ұстазым мейірімді, жылы жүректі нәзік жан. Олбалаларға бар білгенін үйретеді. Мен ұстазымның әрбір айтқансөзін көңіліме ұялатып, есімде сақтауға тырысамын. Мен ұстазымнан көп нәрсе үйренемін. Ұстаз үнемі оқушыларының жақсы оқығанын қалайды. Мен әрдайым ұстазымның көңілінен шығуға тырысамын. Ұстазым өте мейірімді, сыайы, әдепті, әдемі, ақылды әрі өте білімді. Бірінші сыныптан бастап ұстазымнан білім нәрімен сусындап келемін. Ұстаз көп нәрсе білу керек. Алайда мен бәрібір де өз ұстазымды қатты жақсы көремін. Себебі, маған әріптерді алғаш таныстырған ұстаз, жазу жазғызған да ұстаз, оқуға үйреткен де ұстаз. Біздің сыныптағы балалар ұстаздар мерекесіне орай ұстазымызға тамаша тосын сыйлар дайындайды. Ұстазымызды мен ғана емес басқа сыныптастарымызда жақсы көреді. Әлемдегі бар адам ұстаздың арқасында өмірге үйреніп, биіктерден көрінеді деп ойлаймын. Меніңше ұстазымның маған берген білімі мен тәрбиесі болашақта маған көп көмектеседі деп ойлаймын. Мен өскен кезде міндетті түрде аяулы,ардақты ұстаз боламын. Мен өз ұстазымды өте қатты құрметтеймін. Бұл жазғанымның бәрі де ұстазыма арналған.
Сочинения (эссе)
Наши олимпиады