Қазақстан Республикасы орталық Азияда орналасқан мемлекет. Біздің еліміздің жер көлемі жағынан әлемде 9-орын алады. Қазақстанда 18 миллион адам тұрады. Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде — Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстан территориясы 14 облысқа бөлінген. Біз Павлодар облысында тұрамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол мемлекетіміздің басшысы.
Еліміздің астанасы –Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ресми тілі –орыс тілі. Қазақстанда көп ұлт тұрады. Көп бөлігін қазақтар құрайды. Елдің негізгі ақшасы – теңге.
1991 жылы біздің мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алды. Бұл біз үшін өте маңызды мереке. Мен мектепке оқуға келген жылы 2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. Біздің мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi деп ұстазым айтқан. Біздің елде әр адамның құқығы мен бостандығы бар. Осылай деп Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған. Конституция - біздің еліміздің негізгі заңы.
Менің әжемнің аты – Жұмабике. Ол Солнечный поселкесінде орталық кітапханада жасайды. Кітапханада цифрландыру жұмысы жүріп жатыр. Енді барлық кітапты компьютерден оқитын боламыз. Кітапханада интернет бар. Оқырмандар көп келеді.
Біз жас әрі мықты мемлекетте тұрамыз. Өз Отанымызды, туған жерімізді қорғау – біздің міндетіміз. Мен өз шығармамды бір жыл бұрын жазып бастап едім. Қайта-қайта оқып шығып едім. Мен өз елім туралы ерінбей жазып жүретін боламын.