Бастауыш сынып мұғалімі Байдилдаева Макпал Шамгалиевна
Сатира. Сахналық қойылым
Үш тілділікке көшу
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне
Қоңырау соғылады. Балалар сыныпқа кіреді. Мұғалім кіреді. Mұғалім:
- Сәлеметсіздер ме детилар.
- Сәлеметсіз бе. Здравствуйте. Good morning
- Үш тілдік сабағымызды начинать етеміз. Так, бүгін біз домашний животный деген тақырыпты өтеміз. Кім айтады, кто это?
- Мен айтайыншы.?
- Можно мен?
- Can i say?
- Бұл кошка ғой.
- Very good
- Мынау ше?
- Бұл horse
- Отлично
- А это?
- This is ит.
- Өте тамаша
- So. Детилар теперь ким сөйлем құрайды?
- Мен айтайыншы.
- Можно мен?
- Can I say?
- Ауыл шетінде көп сиыр жайылып жүр.
- Не правильно. Отыр. Саған двойка. Badly. (ренжип қалады)
- Можно мен
- Spik
- Во дворе көп dogs құтырып жүр.
- Excellent. Вот осылай 3 тилде надо предложение құрағанға
- Можно мен айтам
- Айта гой
- Every day мен өз кошкама милк беремін.
- Very good. Теперь осы сөйлемдерді даптерге записывать етеміз. (балалар жазады)
- Апай, сыртқа шығып келуге бола ма?
- Нельзя
- Dier teacher, can I go to the toilet?
- Yes. You can
- Енди балалар, мынау животныйлардың атын айтып, қандай звуктар шығарады? Айтайықшы.
- Мысық. Кошка. cat Мияуууу
- Ит. Собака. Dog. Ав - ав
- Сиыр. Корова. Cow. Муууу
- Ат. Лошадь. Horse......
- Very good дети. Біз бүгін көп білім алдық.
- Так үйге тапсырма: Үй жануарлары сочинение жазу, стишок жазу, Сенин маман, папан, достарын домашние животныены жақсы көре ма? Оған қандай тамақ береді? Как еркелетеді барин билип келиндер. Так, қазыр мен сразу бағаны кунделик кз-ке койып алайын, коментарий сразу жазайын, ато 100 пайыз көрсетпей қалады. Ал детилар, звонокка шығындар.
Балалар шықпайды. Әрқайсысы өз смартфонымен ойнап отырады. Қоңырау ішке соғылады. Сынып бөлмесіне директор ағай кіреді.
- Good morning, балалар
- Сәлеметсіз бе Адиль Ноубадиевич
- Үш тіл, үш тіл деп, аты жөнімізді де үш тілге аударып алдық қой, - деп күрсінеді.
- Балалар, русский язык, қазақ тілі сабақ болмайды.
- Ураааа
- Тыныш. Үйге қайтыңдар.
- Неге сабақ болмады, почему рано қайттың деп мамамыз сұраса не дейміз?
- Потому что апайлар Талғарға кетті, нарко, психо и сотталмаған деген справкалар жинауға, еще Депутат сайлауының жиналысына барады де. Так что сабақ скончался, үйге қайта бериндер.
- Уррррррааааа
Деп әр бала жеке-жеке өз телефонына үңілген күйде, құлақтарына наушниктерін тағып, тарайды.
Музыка ойналады.
Автор:
Әрі – сәрі жеңгейдің
Сырт сымбаты түзу - ақ
Ал сөйлеуге келгенде,
Отырғаны бұзып - ақ.
Баласына ерте - кеш
Ақыл айтқан кездегі
Шөңге де емес, шөп те емес
Болып шығар сөздері.
Анасы:
Сосед үйдің баласы
Аз жеген соң хлебті
Лицосына қарашы,
Худыйланып жүдепті.
Болам десең ақылды,
Дурак болма, қарағым
Жаттап алған мақұл - ды
Учительдің сабағын
Оқымасаң, лодырь боп,
Сен де тупой боласың.
Городта саған орын жоқ
Степьте баран бағасың!
АВТОР:
Баласы сонда дүңкиіп
Деу орнына жарайды,
Көнтек ерні бұртиып,
Көз аларта қарайды
Баласы:
Мен жиырмаға жеткенше,
Көп сөйлейсің бос, мама
Зря болтайт еткенше
Молоко бер кошкаға.
АВТОР:
Орыс тілі — аға тіл
Қазақ тілі — ана тіл
Көп тіл білу мін емес,
Тек қойыртпақ тіл емес
Осы кезде сахнаға барлық қатысушылар шағады да, хормен айтады:
«Өзге тілдің бәрін біл. Өз тіліңді құрметте!»
Публикации
Наши олимпиады