Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Ақпараттық коммуникациялық технология

Ақпараттық коммуникациялық технология

ya_socials
Опубликовано:
Автор: guma_89_1208 869

Ақпараттық коммуникациялық технология «АКТ»

Оқу бағдарламасы

Бастауыш мектеп (3-4 сынып)

  1. Түсіндірме жазба
  2. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  3. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
  4. Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады. 
  5. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.
  6. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
  7. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
  8. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
  9. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.
  10. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
  11. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
  12. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
  13. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.
  14. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
  15. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
  16. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалды қ және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
  17. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
  18. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
  19. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

  1. Ақпараттық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, уақыт өткен сайын адам іс-әрекетінің барлық салаларына еніп келеді. Ақпараттық технологияларды қолдану сандық формаларда көрсетілген түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. 
  2. Оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру бірқатар елдің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Оқушылардың айтылған құзыреттіліктерді меңгеруі – уақыт талабы, ал бұл талап ақпараттық технологиялардың әр түрлі білім беру салаларын кіріктіруге арналған ресурстар мен техникалық құралдар ұсынып, өзге оқу пәндерін оқытудағы жаңа аспапқа айналуынан туындап отыр. 
  3. «АКТ» пәніне оқытудың мақсаты оқушыларды, оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін, қазіргі ақпараттық технологияларының негізгі білімімен, жұмыс жасау дағдылары және қабылеттерімен қамтамасыз ету болып табылады. 
  4. Негізгі міндеттер:
  5. компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы оқушыларға мәлімет  беру;
  6. ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әр түрлі формаларда жіберу дағдыларын қалыптастыру;
  7. әр түрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, оқушылардың идеяларын ұсынуға мүмкіндік беру;
  8. бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау
  9. оқушыларды авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында  техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.
  10. Бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту информатика бойынша негізгі мектептің базалық курсын меңгертудің пропедевтикалық міндеттерін шешеді, сөйтіп білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті базаны құрайды.

3. Оқу үдерісінұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер

  1. Қазіргі заманда оқушылардың «қалай оқып үйрену қажеттігін білетін» және дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты және зейіні дамыған тұлға болуды талап ететін қағида білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.
  2. Мұғалімдер оқушылардың бойында аталған қасиеттерді тәрбиелеуде және дамытуда оқытудың төменде көрсетілген түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланады:
  3. оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бұрыннан меңгерген бойындағы білімін, білігін, дағдысын әрі қарай дамыту мақсатында қолданудың маңыздылығын мойындау; 
  4. мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;
  5. есептерді шешу стратегияларын оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және мысалдармен сүйемелдеу;
  6. «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушыларды оқытуды қолдау;
  7. оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен есептерді шешу мен талдауға негізделген оқу белсенділігін ынталандыру;
  8. оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту; 
  9. оқушылардың жеке, жұптық, топтық іс-әрекетін және бүкіл  сыныптыңжұмысын ұйымдастыру.
  10. Педагогикалық әдіс-тәсілдер:
  11. Саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін белсенді дамытуға, оқуға ынталандырудың басқа әдіс-тәсілдерін табуға,  мүмкіндік береді, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына көмектеседі. 
  12. Іс-әрекет тәсілі – оқытуды оқушылардың барынша дербес  танымдық іс-әрекеттерінің негізінде ақпараттық және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыратын атқарушы әрекетіне бағыттауға мүмкіндік береді. 
  13. Жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыру барысында мұғалім мен оқушының тең дәрежеде ықпалдасуын көздейді. Оқушы мен мұғалім арасындағы кедергіні жою, диалогтік қарым-қатынасты орнату, тұлғалық, шығармашылық қабілеттердің айқындалуына, ынтымақтастық пен әлеуметтік белсенділіккке талпынуға жәрдемдесу, т.б. білім беру мақсаттарын шешеді. 
  14. Құзыреттілікті дамыту тәсілі – оқушылардың білім мен біліктерді жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгеруін көздейді
  15. Кіріктіру тәсілі – «АКТ» пәнін басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. 
  16. Жүйелілік тәсілі – «АКТ» пәні бойынша курс бөлімдерін өзара байланыстыра оқытуды қарастырады.   
  17. Осы тәсілдерді жүзеге асыруда келесі жолдарұсынылады : 
  18. оқушылар жалпы жобамен жұмыс істейтін топтық жұмыс барысында (ынтымақтастықтың маңызы зор, себебі бағдарламалық өнімнің барлығын дайындауға топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады);
  19. ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру – практикалық міндеттерді шешу үшін теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, практикалық, коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру;
  20. ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі; 
  21. жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дерек көздерден қажетті  ақпаратты алу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, істелінген жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау мүмкіндігі; 
  22. алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру; 
  23. шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық сұрақтарды және мәселелерді қоя білу.
  24. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларын  қолдану құзіреттiлiгі.
  25. АКТ-ны қолдану дағдыларын оқушылар курсты меңгеру барысында көптеген құрылғылар мен қосымшаларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, құру және өңдеу, ынтымақтастық, ақпарат  және идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы дамытады.
  26. «АКТ» пәні оқу үрдісін іске асыруда компьютерлерді пайдалану үлгісі ретінде болу қажет.
  27. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
  28. «АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі – тыңдаушылардың  түрлі аудиториясымен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды дайындау. Осы мақсатқа жету үшін қажетті дағдыларды дамыту оқушылардың өз ойын еркін білдіре алатын ынталандырушы және қолдаушы орта қамтамасыз етумен бірге жүргізілуі қажет. 
  29. Оқыту үдерісінде «АКТ» пәнінің ғылыми тілі мен ұғымдар аппаратын, түрлі байланыс құралдарын сауатты пайдалана отырып, сыныптастармен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша немесе жазбаша түрде сөйлесуді  ынталандыру қажет. 
  30. «АКТ» пәнің оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым дағдылары дамиды: 
  31. оқушылардың сабақты зейін қойып тыңдап, түсінбеген жағдайда  сауатты сұрақтар қоя білуі маңызды; 
  32. қойылып отырған міндеттерді дұрыс түсіну, қажетті ақпараттарды ажырата білуі;
  33. құрбыларын зейін қойып тыңдауын өтіну, дұрыстығын тексермей болжам жасамауы.
  34. көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білуі әсер етеді. Көбінесе қорғау қорытындысының сапасы басқа оқушылардың пікірлеріне тәуелді болады.  
  35. АКТ оқыту барысында оқушылардың оқылым дағдылары дамиды, мысалы: 
  36. мәтінде тірек сөздерді белгілеу;
  37. ғылыми мәтіндермен жұмыс, семантикалық құрамын анықтау. 
  38. Оқушыларда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері: 
  39. тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру; 
  40. есептерді шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; 
  41. тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).  

  1. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері

  1. «АКТ» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалаудықолдану арқылы жүзеге асырылады. 
  2. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады. 
  3. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады. 
  4. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. 
  5. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

5. «АКТ» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

  • Оқу жүктемесінің бөлінуі        

Сынып 

Апталық сағат саны

Оқу жылындағы барлық сағат саны

1

34 

34

  1. «АКТ» сабағын жүргізудің басты талабы: сыныптағы жиһаздар топтық, жұптық, жеке жұмыстар, семинарлар және оқытудың тағы басқа да әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру үшін жылжымалы болуы қажет. «АКТ» кабинетіне қажетті жабдықтардың тізімі: 
  2. гарнитуралармен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофондары бар құлаққаптар); 
  3. құрылғылар арасында ақпарат алмасуды, мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы қолжетімді желі;
  4. қосымша құрылғылар: принтерлер, сканерлер, көшіру техникалары, проекторлар
  5. «АКТ» пәнінің мазмұны
  6. «АКТ» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, яғни дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде көрсетілген оқыту мақсаттарын қамтиды. Оқыту мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыны бағалауға, сонымен қатар олардың әрі қарай оқыту кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді. 

Бөлімдер

Бөлімшелер

1

Компьютер 

1.1 Компьютердің құрылғылары

1.2 Программалық қамтамасыз ету 

1.3 Қауіпсіздік техникасы

2

Ақпаратты өңдеу және таныстыру

2.1 Мәтіндер

2.2 Графика

2.3 Презентациялар

2.4 Мультимедиа

3

Интернет желісінде жұмыс

3.1 Ақпаратты іздеу

3.2 Ақпарат алмасу 

3.3 Интернет желісіндегі қауіпсіздік

  1. Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді, үшінші сан бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді.
  2. Оқу пәнінің базалық мазмұны

3 сынып

1. Компьютер:

1.1 Компьютердің құрылғылары

енгізу және шығару құрылғылары; 

1.2 Программалық қамтамасыз ету 

компьютерлік программалардың қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар); программа менюі; меню командаларын қолдану;

файлдар мен бумалар; компьютерде файлдарды ашу және сақтау.

  1. Қауіпсіздік техникасы 

қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері

2. Ақпаратты өңдеу және көрсету

2.1 Мәтіндер:

мәтіндік редактордың қызметі; программа менюі; мәтінді теру және өңдеу; символдар мен абзацтарды пішімдеу; мәтінмен болатын операциялар; символдарды қосу.

2.2. Графика:  

графикалық редактордың міндеті; суреттерді ашу және сақтау; редактор құрал-жабдықтарын қолдана отырып сурет салу; түстер палитрасы; суреттерді өңдеу; суретті кесу, айналдыру және өлшемін өзгерту; сурет бөліктерінің көшірмесін жасау.

2.3. Презентация:

презентация құру программаларының міндеті; программа менюі; презентацияларды ашу және сақтау; слайдта мәтін мен суреттерді орналастыру; слайд арасында ауысу; презентация дизайны; дыбысты қосу.

2.4. Мультимедиа: 

дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары; дыбыс редакторының қызметі; дыбысты жазу; дыбыстарды өңдеу және ойнату; дыбыстық эффектілерді қолдану.

3.Интернет желісінде жұмыс:

3.1 Ақпаратты іздеу

веб-парақшаларды көруге арналған программалардың қызметі; іздеу жүйелері; түйінді сөздер бойынша іздеу;

3.2 Ақпарат алмасу 

ақпарат алмасу тәсілдері; белгіленген мәтінді және суретті құжатқа көшіру; 

3.3 Интернет желісіндегі қауіпсіздік

ғаламтордағы қауіпсіздік ережелері. 

  1. 4 сынып

1. Компьютер:

1.1 Компьютердің құрылғылары

компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары;

1.2 Программалық қамтамасыз ету

файлдар және бумалармен жұмыс жасау, олармен операция жасау (құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою); файлдар мен бумалармен жұмыс жасау кезінде мәнмәтіндік менюді қолдану;  компьютерде ақпаратты іздеу (бума, файл, мәтіннің үзіндісі).

  1. Қауіпсіздік техникасы 

экранмен жабдықталған құрылғылармен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау; 

2. Ақпаратты өңдеу және көрсету:

2.1 Мәтіндер:

мәтіндік құжаттағы иллюстрациялар, суреттер мен сәндік мәтінді кірістіру;

маркерленген және нөмірленген тізімдер; мәтіннің үзіндісін құжат ішінен іздеу.

2.2 Графика:

графикалық редакторлар; фотосуреттерді өңдеу (жарық, контраст, рамка);

коллаж жасау.

2.3  Презентациялар:

слайд макеті; презентациядағы нысандарға анимацияны баптау;

суретті, сәндік мәтінді, бейне мен дыбысты презентацияға қою.

2.4 Мультимедиа:

дыбыспен жұмыс жасауға арналған программалар;

дыбыспен жұмыс жасауға арналған компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары;

дыбыс редакторында әуен жазу; бейнені жазу және оны көруге арналған компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары;

видео редакторлардың көмегімен бейнені жазу және оны өңдеу;

видео үзінділерін көшіру, орнын ауыстыру және жою.

3 . Интернетте жұмыс жасау:

3.1 Ақпаратты іздеу

браузерді баптау (бетбелгілер орнату, жүктеуін және тарихын қарау) ;

3.2 Ақпарат алмасу

ғаламтор арқылы мәліметтер жіберу, электронды пошта арқылы тіркелген файлдары бар хабарламаларды жіберу және алу; 

3.3 Интернет желісіндегі қауіпсіздік

құпиясөздер, сенімді құпиясөздің критерийлері. 

  1. Оқу мақсаттарының жүйесі

  2. Компьютер 

Оқушылар орындай алуы тиіс...

3-сынып

4-сынып

1.1 Компьютердің құрылғылары

3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

4.1.1.1 компьютердің сыртқы және ішкі  құрылғыларына мысалдар келтіру

1.2 Программалық қамтамасыз ету

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру 

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.2.3 файл және бума түсінігін түсіндіру

3.1.2.4  компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану   

4.1.2.1 қолданыстағы қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін айта алу

4.1.2.2 файлдар мен папкаларды құру, жою және орнын ауыстыру

4.1.2.3 жұмыс барысында мәнмәтінді менюді қолдану

1.3 Қауіпсіздік техникасы 

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

4.1.3.1  экранмен жабдықталған, цифрлық құрылғылармен  (телефондар, планшеттер, интерактивті тақталар және т.б.) жұмыс жасауда уақытты шектеу маңыздылығын түсіндіру 

  1. Ақпаратты өңдеу және көрсету

Оқушылар орындай алуы тиіс...

3-сынып

4-сынып

2.1 Мәтіндер

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру  

3.2.1.2 қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету )

3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

4.2.1.1 маркірленген және нөмірленген тізім құру

4.2.1.2 мәтіндік құжатқа суреттер, сәндік мәтін кірістіру (WordArt)

2.2 Графика

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану 

3.2.2.2 нысанның сыртқы түрін өзгерту (мысалы, қию, бұру, өлшемін өзгерту және т.б.)

4.2.2.1 біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру

2.3 Презентациялар

3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау

3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалану

3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану

4.2.3.1 слайдқа макет таңдау

4.2.3.2 презентациядағы нысандарға анимацияны баптау

2.4 Мультимедиа

3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару 

4.2.4.1 әуен шығару үшін арнайы программаларды қолдану

4.2.4.2 фотосуреттерді өңдеуге арналған программаларды қолдану

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану 

4.2.4.3 белгілі бір тақырыпқа бейнекөріністер  жазу 

  1. Интернет желісінде жұмыс

Оқушылар орындай алуыы тиіс...

3-сынып

4-сынып

3.1 Ақпаратты іздеу

3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды қолдану

4.3.1.1 ақпаратты іздеуге арналған  сайттағы навигация құралдарын пайдалану

4.3.1.2 браузерді дұрыстау құралдарын қолдану (бетбелгілер орнату, жүктеуін және тарихын қарау)

3.2 Ақпарат алмасу

3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру

4.3.2.1  қоса жолданған файлдары бар хабарламаларды (мысалы, электрондық поштамен) жіберу және алу

3.3 Интернет желісіндегі қауіпсіздік

3.3.3.1  Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну

4.3.3.1  сенімді құпиясөз критерийлерін ерекшелеу 

  1. Ұзақ мерзімді жоспар

Сынып: 3

Бөлімдер (Ортақ тақырыптар)*

Тақырыптар, мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

1-бөлім – Компьютер және программалар (ортақ тақырып: «Жанды табиғат») 

Компьютердің құрылғылары

3.1.1.1   енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

3.1.2.1   компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру 

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

Файлдар мен бумалар

3.1.2.2 компьютерлік программаларда  файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану 

3.1.2.3 файл және бума ұғымдарын түсіндіру

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану 

Программалар терезесі

3.1.1.1  енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру   

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану   

2-бөлім –  Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?» )

Мәтінді теру және өндеу

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру  

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру  

Мәтінді пішімдеу

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану 

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану 

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру  

3.2.1.2 қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету)

3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

2-тоқсан

3-бөлім – Компьютер және дыбыстар (ортақ тақырып: «Уақыт») 

Дыбысты жазу және ойнату

3.1.1.1  енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

3.1.2.1  компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру  

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару**

Дыбыстық әсерлер

3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату 3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

3.2.4.1   арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару

Дыбысты өндеу

3.1.2.2  компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

3.2.4.1  арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару

4-бөлім – Компьютерлік  суреттер (ортақ тақырып: «Сәулет»)

Графикалық редактордың құрал жабдықтары

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру  

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау 

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

Суретті өндеу

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру  

тоқсан

5-бөлім – Шығармашылық және компьютер (ортақ тақырып: «Өнер») 

Графикалық редактордағы фигуралар

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру  

3.2.2.1  қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

Қайталанатын үлгілер

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

3.2.2.1   қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.2.2.2 нысанның сыртқы түрін өзгерту (мысалы, қию, бұру, өлшемін өзгерту және т.б.)

Түстер палитрасы

3.1.2.2   компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.2.2.2 нысанның сыртқы түрін өзгерту (мысалы, қию, бұру, өлшемін өзгерту және т.б.)

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану 

6-бөлім – Әлемнің барлығы Ғаламторда (ортақ тақырып: «Танымал тұлғалар»)

Ақпаратты іздеу

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру 

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

3.3.1.1   нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды қолдану

Ғаламтордағы қауіпсіздік

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру 

3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды  қолдану

3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру

3.3.3.1 Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну

Презентация құру

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

3.2.3.1    мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау

3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалану

3.2.3.3  презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану

3.3.1.1   нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды  қолдану

4 тоқсан

7-бөлім – Презентацияны безендіру (ортақ тақырып: «Су –  тіршіліктің көзі»)

Презентация құрып безендіру 

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану 

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану 

3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану 

Презентацияға арналған ақпарат

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.2.1.3   құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою 

3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау

3.2.3.2   слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалану

3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын безендіру пайдалану

3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды қолдану

8-бөлім – Мәтін, дыбыс және презентация

(ортақ тақырып: «Демалу мәдениеті. Мейрамдар»)

Мәтінмен жұмыс 

3.2.1.1   мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру

3.2.1.3   құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

3.3.3.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды қолдану

Пернетақтада жоқ символдар

3.2.1.1   мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру

3.2.1.3   құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану 

Презентациядағы дыбыстар

3.3.1.1    нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор  қолдану

3.2.4.1    арнайы программаны  пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару

Сынып: 4

Бөлімдер (ортақ тақырыптар*)

Тақырыптар, мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

1-бөлім – Фотосуретті өңдеу (ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан»)

Фотосуреттерді өндеу

4.1.3.1  экранмен жабдықталған цифрлық құрылғылармен  (телефондар, планшеттер, интерактивті тақталар және т.б.) жұмыс жасауда уақытты шектеу маңыздылығын түсіндіру 4.2.2.1 біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру

4.2.4.2 фотосуреттерді өңдеу үшін программаны қолдану

Файлдармен және бумалармен жұмыс жасау

4.1.2.1 қолданыстағы қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін айта алу

4.1.2.2 файлдар мен бумаларды құру, жою және орнын ауыстыру

4.1.2.3 жұмыс барысында мәнмәтінді менюді қолдану

2-бөлім – Мәтінмен жұмыс жасау (ортақ тақырып: «Жалпыадамзаттық құндылықтар»)

Құжаттағы суреттер

4.1.2.2 файлдар мен папкаларды құру, жою және орнын 

4.2.1.2  мәтіндік құжатқа суреттер, сәндік мәтін кірістіру (WordArt)

ауыстыру

Тізімдер

4.1.2.3 жұмыс барысында мәнмәтінді менюді қолдану

4.2.1.1 маркірленген және нөмірленген тізім құру

4.3.1.1  ақпаратты табуға арналған  сайттағы навигация құралдарын пайдалану

2-тоқсан

3-бөлім – Дыбысты өңдеу (ортақ тақырып: «Мәдени мұра»)

Дыбыспен жұмыс жасауға арналған программалар

4.1.2.1 қолданыстағы қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін айта алу 

4.2.4.1 әуен жазу үшін арнайы программаны қолдану

Әуен жазу

4.1.1.1 компьютердің сыртқы және ішкі  құрылғыларына мысалдар келтіру

4.2.4.1 әуен жазу үшін арнайы программаны қолдану

4-бөлім – Презентациялар (ортақ тақырып: «Кәсіп әлемінде»)

Презентацияға арналған ақпараттар

4.2.3.1  слайдқа макет таңдау

4.3.1.1  ақпаратты табуға арналған  сайттағы навигация құралдарын пайдалану

4.3.1.2 браузерді дұрыстау құралдарын қолдану

Презентациядағы анимациялар

4.2.2.1 біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру

4.2.3.2 презентациядағы нысандарға анимацияны баптау

3-тоқсан

5-бөлім – Видео құру (ортақ тақырып: «Табиғат құбылыстары»)

Бейнежазба 

4.1.1.1 компьютердің сыртқы және ішкі құрылғыларына мысалдар келтіру

4.1.2.1 қолданыстағы қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін айта алу 

4.2.4.3 белгілі бір тақырыпқа бейнекөріністер  жазу

Видеоны өңдеу

4.1.2.2 файлдар мен бумаларды құру, жою және орнын ауыстыру

4.2.4.3 белгілі бір тақырыпқа бейнекөріністер  жазу

6-бөлім – Мультимедиа (ортақ тақырып: «Қоршаған ортаны қорғау»)

Презентациядағы дыбыстар

4.2.1.2 мәтіндік құжатқа суреттер, сәндік мәтін кірістіру (WordArt)

4.2.3.2   презентациядағы нысандарға анимацияны баптау

Презентациядағы видео

4.3.1.1   ақпаратты табуға арналған  сайттағы навигация құралдарын пайдалану

4.2.3.2   презентациядағы нысандарға анимацияны баптау

4-тоқсан

7-бөлім – Электрондық пошта (ортақ тақырып: «Ғарышқа саяхат»)

Ғаламтор арқылы мәліметтер жіберу

4.1.2.2 файлдар мен бумаларды құру, жою және орнын ауыстыру

4.1.2.3 жұмыс барысында мәнмәтінді менюді қолдану 

4.3.2.1  қоса жолданған файлдары бар хабарламаларды (мысалы, электрондық поштамен) жіберу және алу

Құпиясөз күші

4.3.1.2 браузерді дұрыстау құралдарын қолдану (бетбелгілер орнату, жүктеуін және тарихын қарау)

4.3.2.1  қоса жолданған файлдары бар хабарламаларды (мысалы, электрондық поштамен) жіберу және алу 

4.3.3.1  сенімді құпиясөз критерийлерін ерекшелеу 

8-бөлім – Болашақтағы компьютердің құрылғысы (ортақ тақырып: «Болашаққа саяхат») 

Компьютердің құрылғылары

4.1.1.1 компьютердің сыртқы және ішкі  құрылғыларына мысалдар келтіру

4.1.3.1 экранмен жабдықталған цифрлық құрылғылармен  (телефондар, планшеттер, интерактивті тақталар және т.б.) жұмыс жасауда уақытты шектеу маңыздылығын түсіндіру

Бейнелерді құру

4.2.2.1 біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру 

4.2.4.2 фотосуреттерді өңдеу үшін программаны қолдану

4.3.1.1   ақпаратты табуға арналған сайттағы навигация құралдарын пайдалану

4.3.1.2 браузерді дұрыстау құралдарын қолдану (бетбелгілер орнату, жүктеуін және тарихын қарау)

  1. *  Әр тоқсанда 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп,  оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды кіріктіру ұсынылады. 

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты