Бірде аңшының әкесі қатты ауырып қалады. Емшілердің бірі:
- Егер де әкеңе сауысқаның өтін ішкізсең, ауруынан құлан таза жазылып кетеді,- дейді.
Аңшы емшінің айтқанын орындамақ болады. Сауысқандарды аңдыды. Бір кезде үйінің жанындағы ағаш қораның үстіне екі сауысқанның қатар келіп қонғанын байқайды. Екеуі шықылықтап, бірауық отырады.
Аңшы мылтығын көздеп, шүріппені баспақшы болғанда, мал айдап бара жатқан баланы көзі шалып қалды. Атудың ретін таппаған аңшы күтпеген кедергіге бола, қатты өкінеді. Әйтсе де, қос сауысқан ұшып кеткенімен, сәлден соң - ақ, баяғы орындарына қайта қонды.
Екеуін ажал айдап келді - ау шамасы, аңшы мылтығын оларға кезеп, шүріппені басып қалды. Сауысқанның бірі ағаш қораның арғы тасасына құлап түсті. Екіншісі ұзап ұшып кетпей, сол тұсқа айналсоқтап қайтадан ұшып келді.
Аңшы ағаш қораның арғы бетіне барғанда аман қалған сауысқанның оқ тиіп, жаралы болған сауысқанды тұмсығын іліп, ары қарай сүйрелеп, әкетіп бара жатқанын байқайды.
- Апырым - ай, - дейді аңшы қайран қалып, - сауысқанды өте сақ деуші еді. Ал мынаған не дерсің. Олар сонымен бірге бір - біріне өте мейірімді екен - ау. Жаралы серігін жолда қалдырғысы келмей, өлермен халде өзімен бірге әкетіп бара жатқанын қарасаңшы!
Аңшы сол күні алғаш рет емшінің айтқан сөзін орындауға шынайы пейіл танытпады. (172 сөз)
Публикации
Наши олимпиады