Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Қазақтың ұлтық ойыны «Асық ату»

Қазақтың ұлтық ойыны «Асық ату»

ya_socials
Опубликовано:
Автор: Dyussekeeyueva08 546

Өткізу уақыты:  27 наурыз  2019 жыл.

Өткізу орыны:  Қарағанды қ., Р.Люксембург көшесі  1, КММ Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің» ішкі спорт аланы.

Қатысушылар: «Айгөлек», «Қуаныш», «Балдырған», «Бөбек», «Ботақан», «Құлыншақ» және күндізгі «Қүншуақ» корпустарынын балалары мен тәрбиешілері. 

Мақсаты: Асық ойнынымен танысып, ережелерін сақтап, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасының) ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.

Қалыптастырып - түзету міндеттері: Қазақтың ұлттық ойынын жаңғыртып, меңгерту.

Білім беру - түзету міндеттері: Асық ату ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асықты үй жануарларынан алатынымызды дәлелдеу.

Тәрбиелеу-түзету міндеттері: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке баулу. Балаларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу. 

Құрал жабдықтар: Ысқырық, секундомер, асық, суреттер, шармен безендіру, музыка т.б

Жұмыстың нәтижесі: Егер қазақтың ұлттық ойындарында асықтың түрлерін дұрыс қолдана білсек, асықпен ойнауға деген қызығушылықпен сұраныс артар еді.

Нұсқаушы1: Сәлеметсіз бе  тәрбиешілер, балалар, және қонақтар? 

Нұсқаушы 2:   Құрметті тәрбиешілер, балалар, және қонақтар. Бүгін біз ІІ-кіші топтар арасында қазақтың ұлтық ойыны «Асық ату» ойынына жарыс өткіземіз. «Асық party» - АСЫҚ ПАТИ - ны бастамас бұрын «Асық ату» ойыны жайлы кішкене айтып өтейін. 

Нұсқаушы1: Асық ату — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. 

Нұсқаушы2: Елімізге, жерімізге деген махабаттымызды, құрметтімізді ән ұран шырқап көрсетейік.Казакстан Республикасының ән ұраны шырқалсын.(ән ұран қосылады)

Нұсқаушы1:Мысалы, қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жол болып тұрғандығын білдіреді.

БІРГЕ екі нұсқаушы:АСЫҚТАРЫН АЛШЫСЫНАН ТҮССІН  дей келе бастайық.

Нұсқаушы2: Бізде 1) «Айгөлек», 2) «Қуаныш», 3) «Балдырған», 4) «Бөбек», 5) «Ботақан», 6) «Құлыншақ» және күндізгі 7) «Қүншуақ» корпустарынын  балалары бар, жарысты бастау үшін біз жеребьевка өткіземіз. Үлкен спорттық жарыстарда «жеребьевка» жүйесін қолданылады, бүгін біз де жеребьевкамен жарыс қалай өтетінін анықтаймыз. Топтардың тәрбиешілері ортаға шығып үстелдін үстінде (жеребьевка) қағазды тартады, жеребьевка бойынша бір топ автоматты түрде финалға өттеді, ал қалған алты топ екі группаға бөлініп, топтағы команда екінші топтағы бір командамен ойнайды. 

Нұсқаушы1: Жеңімпаз төрт команда полуфиналға өттеді, финалда екі команда кездеседі. Міне жарыс қалай өтетіні анықталды , енді әділ-қазылар мүшесімен таныстырып өтейін:

1)_______________________________________________________

2)_______________________________________________________

3)_______________________________________________________

 

Нұсқаушы2:Балалар жарысты бастамай тұрып, денемізді қыздырып алайық. (сергіту сәті  1)

Нұсқаушы1: Ал енді жарысымызды бастаймыз. Ортаға номері 1:1 командалар шығады, (__________________ ) Балалар ойынның ережесімен таныс бірак, біз қайталап өтейік (ережені түсіндіру, ақырын музыка қосу)

Командалар ойнайды жеңімпаз команда финалға шығады (орындыққа отырады),

Нұсқаушы2:Келесі ортаға нөмері 2:2 командалары шығады (__________________). (Жеңімпаз команда финалға шығады)

Нұсқаушы: Ойнымызды жалғастырамыз енді ортаға нөмері 3:3 командалары шығады (__________________). (Жеңімпаз команда финалға шығады)

Нұсқаушы1:  «Жасы кіші демеңіз,

Ақылы асса аға ғой.

Қой асығы демеңіз,

Қолыңа жақса сақа ғой»,- деген қазақпыз 

Нұсқаушы 2: Ал міне финалистеріміз анықталды, финалды бастамай тұрып билеп алайық , денемізді қыздырып алайық (сергіту сәті2)

Нұсқаушы 1: Міне балалар финалға да жеттік, ортаға үш финалист командаларын шақырамын. Асықтардың бәрін тез соққан команда жеңімпаз аталады, асықтарды санап, екінші орынға ие болған команда анықталады, үшінші орынға аз асық соққан команда ие болады. Ал кеттік.

Нұсқаушы 2:Жеңіске ___________ тобы жетті. Құттықтаймыз. 

Кәне балалар мадақтамалар дайын болғанша би билейік (сергіту сәті  3(мадақтамаларды дайындау)

Нұсқаушы1:Ал енді марапаттау рәсіміне көшейік (грамота, медаль беріледі)

Нұсқаушы2:Міне балалар жарыс аяқталды, келгендеріне, жарысқа қатысқаны үшін көп-көп рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыз.

                             Асықтың түрлері мен атаулары

Алшы –асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол - бірінші дәрежелі асық.

Тәйке- асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол - екінші дәрежелі асық.

Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. ( 1 сурет)

Шіге ( Шік ) - асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.( 1 сурет)

Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.

Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.

Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.

Табан – асықтың тәйке жағы.

Оңқай –асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы.Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.

Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармаңына басылып ыңғайлы ұсталуы.Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.

Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді.Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.

Қорғашбай сақа-табан жағынан ойылып қорғасын құйылған сақа.

Құлжа сақа- арқардың асығы.

Толай (томпай)- бұзаудың, тайыншаның асығы(жалпы сиыр асығын томпай дейді). Мұз үстінде әдейі асық ойнау үшін жасалған алаңда ойнағанда, алыстан атылатын ойындарға толай сақа ретінде пайдаланылады.

Жабайт-қой асығының сақадан кейінгі қорғасын құйылмаған түрі. 

Шүкей(үшкейт)- қой асығының кішкенесі. Қозы, ешкі асығы. Ең кішкене асық.

Кеней- шүкейдің көп жұмсалып мұжылған (мүжілген) түрі.

Ешкімер – ешкінің асығы.

Асық ойындары –құмар, омпа, хан, ханталапай, тас қала т. б.

Алшы ойыны. Алшы ойыны- асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өтеқажет.«Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында ойын жүргізуші барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол - бірінші, тәйке түссе - екінші, бүк түссе - үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.

Омпа

Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады.Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.Ойынның мақсаты –асық ұту.Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, біріншісіне төрт бұрыш жасайды.Дәл ортасындығы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. 

Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектерң бойынша қолдарындағы сақаларымен «Омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимесе, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын ары қарай жалғаса береді.

Өріс ойыны

Түзу бойына алшы, тәйке кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып атасың. Кімнің бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра жерге тастайды.Алшы т.скен сақа иесі бірінші, тәйке екінші, бүк үшінші, шік төртінші болып атады.Сақа асыққа тиіп «алшы» түссе, тізілген асықты түгел ұтып алады. Сақа асықтарды құлатып, сақа бүк түссе, шік жатқан асықтарды ұтады.Ал сақа асықтарға тиіп, шік түссе, бүк түсіп жатқан асықтарды ұтады.Бұзылған асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп қояды.Келесі кезектегі ойыншы сақасымен тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда сақа асықтарға тиіп, өзі омпа түссе,онда өрістен атылған сақалар домалап түскен жерінде жатуға тиіс.Келісім бойынша үш рет қайталауға болады.Кімнің сақасы төрге озып кетсе, сол бірінші болып кері атады. Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы қалған асықты сақамен қосып, басынан асыра жерге тастайды.Ұтқан асығыңды жинап отырасың. Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алады.

Асықты тігіп ойнау

Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы Балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Содан 1-1,20 см немесе 1,5 мерге дейін болады.Мұны «Көн» деп атайды. Ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 метр не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерденқайта атады. Сөйтіп, көннен шығарғандарын ала береді.Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі 

ойыншы атады.Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуы тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.

Тас қала

Асық ойынының ендігі бір түрі –«Тас қала». Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Олар тегіс жерді таңдап алып, шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды.Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды.Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе, ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады.Алшы - бірінші, тәйке - екінші, бүк - үшінші, шік - төртінші.Егер ойыншының асығы омпа түссе, ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады.Егер де екі не үш адамның асығы алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда сақалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен дерден қаита алады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады.Егер атушы «Тас қаланы» бұзып, бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді.Қалған ойыншылар «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады.Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.

Хан

Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі –«Хан» ойыны.Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Ойынға қатынасушылар көнге қанша асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Содан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «Хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған ( әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізушісін тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «Хан» көп асықтың ішінен көрінбей қалуы 

мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «Ханды қара басты» даусын естігеннен кейін бас салып асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың арасында «Хан» ашық жатса, онда «Ханмен » бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы қалай болса солай дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады.Сондықтанойынға қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиелеуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.

Ханталапай

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарй шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын жеделдету,Жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Құмар

Бұл да - асықпен ойналатын ойын.Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді.Ойынға қатынасушылардың саны 5-6 адамнан аспауы керек. «Құмар» үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойналады. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады.Ойынның кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешіледі. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүке үшінші, шіге төртінші т. с. с. кезек алады.Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін негізгі төрт қыры болады.Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды. Алшыны - жылқы, тәйкені - түйе, бүгені- қой, шігені - ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысылы, төртеуі де алшы түссе – «Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке - үш, бүге - екі, шіге - бір ұпай алады. Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айналдыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй шертеді.Ертеде терме айтып, арты отбасылық ойын- сауыққа айналған.

Атқапыл

Мұны кей жерде «Көтеріспек» деп атайды.Бұл ойынға екі бала қатысады.Біреуі сақасын иіріп, екіншісі сол сақаны екінші бала өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп апарады.Осылайша екі бала бірінің сақасын бірі атып, бір-бірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді. Бұл ойын балаларды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге үйретеді.

Иірмекіл

Бұл ойын екі немесе төрт бала ойнауға ынғайлы. Ойынды екі бала айнаса, тәртібі төмендегідей: әр балада 5-6 асықтан болуы керек. Екеуі бір-бірлеп асық иіреді. Қай баланың асығы алшы түссе, сол осы екі асықты уыстап алады да жерге жайлап шашып жібереді. Екі асықтың бірі алшы түссе, онны алады. Екінші асықты иіреді. Ол алшы түссе, оны да алады. Бұдан соң екі бала тағы да асықтарын бір-бірлеп иіреді. Асығы алшы түскен бала екі асықты сыпырып алып, жерге тастайды. Сол кезде бір асық алшы, бір асық шіге түссе, екеуін де алады. Осылайша асығы алшы түскен баланың тастаған асығы шіге түсіп отырса, олұтысқа иебола береді.Асық алшы түспей, басқа ыңғайдышіге ұтысқа саналмайды. Екі бала кезек-кезек иіріп отырып, ойынды жалғастыра береді. Бұлойын балалардың есте сақтау қабілетін арттырады

Қорытынды 

Қорыта айтсам, кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес болып барады. Кез келген ойын автоматтарына бас сұқсаң көбіне көп қазақтың баласын кездестіресің.Ойын автоматтарының зиянын атап өтсем, оларды төмендегінше жіктеуге болады.Біріншіден, бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп. Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп қалады. Ал, ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып келе жатқан асық ойыны күш-жігерді жетілдіріп, дәлдікке, мергендікке үйретеді. Бір байқағаным, бүгінгі балалар ата- анасынан оқуқұралға емес, осындай компьютер ойнына ақша сұрап жатады. Мұның соңы неге апарып соғатынын кім білсін?.. Сосын ол балалардың тәбеті бірте- бірте құмаройындарына да шабуы ғажап емес.Ал, асық ойынын кез келген жерде, қалаған уақытында ақша төлемей-ақ ойнай бересің. Бірақ қазір түр –түрімен жаңарып, санамызды улап жатқан құмар ойындарының көптігінен құмарпаздар асық ойнына аса мән бермей жүр. Уақыт өте келе асық ойнының денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті. Бір жағынанадам денесі қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек тазалықтың ойыны дер едім

Полная версия материала

Тәжірибеңізде осы ойынды өткізуге жоспарлайсыз ба

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты