Балалы үй – базар, баласыз үй - қу мазар. Бұл мақалды мен ес білгелі естіп келе жатырмын. Ал осының терең мағынасын өзім ана болғанда түсіндім. Расыменде, бала – үйдің нұры, жарық айы. Оның өмірге келуі бір бақыт, шықылықтап күлуі бір бақыт, тәй-тәй басуы бір бақыт. Ал ана көңілі осының барлығын әр минутын, әр секундын жаттап жүреді. Сондай-ақ, бала - отбасы дәнекері. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Кішкентай нәрсе үшін ақылымзды ашуға алдырып жатамыз. Сондай сәттерде баланың толыққанда отбасында өсуі маңызды екенін естен шығарып аламыз. Ат-ананың арасындағы сезім мен сыйластығы баланың тәрбиесіне тікелей әсер етеді.
Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры
Полная версия материала