Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгірте отыра, жаңа
тарихи кезеңдерге жан-жақты баға беріп өтті. Осыған орай рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Ол Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігік бар екенін көрсетті. Тұңғыш Президент өз сөзінде: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп баршамызға үндеу тастады. Ендеше, сенімнен шығып, бағдарламалық мақалада көрсетілген ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын барша қазақстандықтар келелі ойға салып, салиқалы пікір мен батыл шешімдерге ұмтылғаны абзал дер едім. Себебі, онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Бұл әрине бүгінгі жаһандану кезеңінде Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі
Полная версия материала