Махаббат – қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтын тамаша сезім. Махаббат – бұл неке мен отбасының жүрегі! Махаббатты бағалай біліп, оның отын өшірмей, аялау қажет, және бұл көп жағдайда адамның өзіне байланысты! Егер ері мен әйелі бір-біріне жақсы тірек бола білсе, олардың отбасы да бақытты һәм тату болмақ. Адам махаббатты, сыйластықты, жылылықты сезінсе, ол отбасылық өмірдің
өркендеп нығаюы үшін бар күшін салады. Сондықтан қандай жағдай болмасын, отбасымызды сақтауымыз керек. Берік, тату отбасын құруға махаббат күшінің қаншалықты әсер ететіндігін мен енді ғана түсіндім. Мен сені шексіз сүйемін.
Шежірелі мекен
Полная версия материала