2017 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бүгінгі күнде шетелдерде мекендеп жатқан қазақтардың саны туралы нақты мәлімет бір ізге түспеген. Кездескен мәліметтерде олардың ұзын саны 3,5 миллион мен 5 миллионның аралығында екендігі айтылады. Шамамен айтқанда, Ресейде 1 миллион 400 мыңға жуық, Өзбекстанда 1 500 миллионға жуық, Қырғызстанда 70 мыңға жуық, Түркіменстанда 80 мыңға жуық, Моңғолияда 100 мыңнан астам, Қытайда 2 миллионға жуық, Еуропада 30 мыңға жуық, Түркияда 20 мыңнан астам, Ауғанстанда 28 мыңға жуық, Иранда 3 мыңға жуық, Украинада 10 мыңға жуық, Тәжікстанда 10 мыңға жуық, Әзірбайжанда 4 мыңға жуық, Грузияда 3 мың қазақ бар деп есептеледі.
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі
Полная версия материала