Еттен салқын тағамдар мен асамдықтардың адам тамақтануындағы маңызы
Асамдық тағамдардың негізгі тағайындалуы – организмді тағам қабылдауға даярлау, себебі олар асқорыту сөлінің жақсы бөлінуіне ықпал етеді.Басытқыларды суық цехта даярлайды. Ол ыстық цехпен және сауда залымен ыңғайлы байланысуы керек.Ол ерекше таза және барлық санитарлы талаптар қадағалануы керек, себебі, бұл цехтың өнімдері жылулық өндеудің соңғы кезенінен өтпейді.
Ет белоктарға, майларға, минералдық және экстративтік заттарға бай. Белоктар ағза ұлпаларын жасауға және қалпына келтіру үшін қызмет етеді, ал майлар – энергия көзі. Экстративтік заттар ет тағамдарына дәм және хош иіс береді. Сол себепті олар ас қорыту сөлін бөлуге және астың жақсы сіңуіне көмектеседі. Көмірсулар мен витаминдер өте аз.
Еттердің химиялық құрамы (%): су 52-78, белок 16-21, майлар 0,5-37, көмірсулар 0,4-0,8, экстративті заттар 2,5-3, минералды заттар 0,7-1,3, ферменттер, В1, В2, В6, В12, РР, А дәрумендері бар.