Корея жерінде біздің дәуірімізге дейінгі 57-жылдары негізі қаланған Шилла деген мемлекет болған. Сол Силланың көне астанасы - Кёнджу қаласы. Онда әйгілі «Тэрың уон» мәйіттер орны бар. Тура осы жерден табылған, кезінде Корея қоғамы үшін үлкен жаңалық болған алтын сапты семсердің жұмбағы нешеме жылдан кейін үлкен еңбектің арқасында шешілді және ол біздің Ұлы даламен тікелей байланысты болып шықты
Кёнджу қаласында 1973 жылы жолдың астын қазып, су құбырларын салу жұмыстары кезінде жұмысшылар бір қабірге тап болады. Одан алтын жалатылған заттар шығады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерден табылғандардың бәрі қарапайым адамның заттары емес. Сөйтіп олар үлкен билеуші немесе әлеуметтік мәртебесі жоғары адамның заттары болғандығы анықталған.