Мақсаты: «Алтын сақа» ертегісі желісінде мектепке дейінгі балалардың қазақ тіліне
деген қызығушылын арттыру.Қазақ халқының ертегілерімен таныстыра
отырып,оларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.өткен тақырыпты пысықтау.
Сабақтың барысы: (қазақша күй ойналып тұрады)
-Сәлеметсіздер ме? Балалар.Халдарың қалай?-Балалар,бүгін бізге қонақтар
келіпті.қонақтармен амандасайықшы.Сәлемдесу.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдаршы.
(Есік қағылады.Хат әкіліп беріледі)
-Балалар,айтыңдаршы,хат кімнен келді деп ойлайсыңдар?(Балалардың ойлары)
-Олай болса,тыңдаңдар.(Хаттың сыртында баланың суреті бар)Хат Асан атты
баладан келіпті.
-Ол қай ертегі кейіпкері кім айтады?
-Дұрыс айтасыңдар. «Алтын сақа» ертегісінің кейіпкері.Тыңдаңдар(хат оқылады)
-Сәлеметсіздер ме?Балалар!Мен Асан деген баламын.Менің алтын сақамды мыстан
кемпір алып қойды.Менің алтын сақамды алып беріңдерші.(осы жерде Асанның
суреті тақтаға ілінеді)
-Көмектесеміз бе?-Қалай көмектесеміз? (беті жабулы сандық тұрады.Ішінде асықтар
салынған)
-Балалар,мынау не?-Сандық.Бұл сандықта не бар деп ойлайсыңдар?-Бәлкім осы
болар алтын сақа.Қараңдаршы.Енді түсіндім бұр жәй асықтар.Бұл асықтарда
тапсырмалар жасырып қойыпты.(осы жерде мыстанның суреті тақтаға ілінеді)
-Кел (Артем) сен бір асықты ала қойшы.Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.
(осы жерде сандықтың суретін тақтаға ілдіремін)
Ересек топ балаларына арналған қазақ тілінен ашық сабақ
Полная версия материала