Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлімше- лерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеу- шілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19 тарауы- ның мақсаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады.