Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Мүгедек балдарды қоғамға бейімдеу арқылы сауықтыру жолдары

Мүгедек балдарды қоғамға бейімдеу арқылы сауықтыру жолдары

ya_socials
Опубликовано:
Автор: abiltaeva2602 840

Кіріспе

 Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында осы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты орынды мәселелер көтеріп, оларды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлу керектігін қадап тапсырған болатын. Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек. Бұл тәрбиенің негізгі мақсатыеңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру. Ең алдымен тәрбие ісіне терең сезім қажет. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі болады. Еңбек, еңбек– бәрін жеңбек. Осы бір мақалдың ішіне барлығы сиып тұрғандай. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамсыз, ата-ана қамқорлығында отырған балалар елестейді. Еңбек баланың өмірлік қажеттілігі. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың өзіндік еңбек дағдылары бірден қалыптасып кетпейді. Мұндай балалар атаана мен арнайы мамандардың көмектерін қажет етеді. Оларға өздерін танытып, айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек. Өздері өте жасық келеді. Бойында дарыны бар балалар қаншама. Мұндай балаларды еңбекке баулыса, ертең есейгенде өмірде өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Күнделікті үй тұрмысындағы еңбектің өзі баланың еңбек дамуының көзі. Баланың өзіндік қызмет дағдыларының қалыптасуын қадағалау қажет. Оның дұрыс тамақтануы, тамақтанып болғаннан кейін ыдыстарын, киімдерін жинау ұқыптылықтары еңбектену көзінің бұлағы емеспе. Үйде жасалатын жұмыс туралы түсінігін дамыта отырып, заттық ойын және іс-әрекеттерін ұйымдастыру күнделікті еңбек дағдыларының қалыптасуы болып табылады. Осы тұрғыда ата-ананың орны ерекше. Ертең есейгенде олар кім болып шығады деген сұрақ әрбір ата-ананы ойландыруы тиіс. Баласының  қалаған  ісімен еркін шұғылданып, қоршаған дүниені тануына, олардың толыққанды тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, жол аша білу керек. Осыған байланысты педагогтар да балаға арналған жеке даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Ата-ана мен педагогтар бірігіп жұмыс жасаса мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаларды еңбекке баулу мәселесі өз шешімін табады

 Негізгі бөлім

 Әр ата-ана бауыр еті-баласының дені сау болып туып, қатарынан кем қалмай өсуін тілейді. Ал балалардың өмірге мүгедек болып келуі кімкімге де ауыр соққы. Осыдан болып шаңырағы шайқалған талай отбасы бар. Мұндайда көбіне әке шіркіндер бойларын ала қашып, аналар тағдыр тауқыметін жалғыз арқалайды. Баласы қандай күйге душар болса да жүрегі езіліп тұратын қайран ана жүрегі-ай дейсің мұндайда. Хафиза Нығметқызы ашқан «Сәби» қоғамдық қорына тіркелген 70-тен астам ананың басым көпшілігі жалғызбасты  әйелдер.  Олардың  балаларына қойылған диагноз да жан дүниеңді езілтеді: Даун синдромы, аутизм, психикалық дамудың тежелуі, церебралды сал ауруы, басқа да неврологиялық сырқаттар. Дерттің ауыр түріне шалдыққан өскіндердің көпшілігі арбаға таңылған, өздігінен қозғалып жүре алмайды, сөйлеу, есту қабілеттері нашар дамыған. Балалардың кішкентай кезінде тағы ештеңе емес. Өскен сайын оларды көтеру, алып жүру жалғызбасты аналарға қияметтің қиыны. Бейкүнә баласының дертпен жалғыз арпалысып, өзімен-өзі өгейлік күйін кешуі – анасының жанын жегідей жейтіні тағы бар. Осындай психологиялық-моральдық соққыға қарамастан байғұс әйелдер үміттерін үзбей, балаларын оңалту қамымен қандай ауыртпалыққа да төтеп беруге бар.«Сәби» мүгедек баллардың аналары» қоғамдық қорының   басты  тілегі балаларын оңалтуға септігін тигізетін орталық құру.

Мүгедек балалардың ата-аналары көптеген әлеуметтік проблемалармен бетпе-бет келеді. Олардың ішінде әсіресе,мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын білім мекемелерінің тапшылығы күрделі мәселе болып тұр.Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың көпшілігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар.Олардың қоғамдық орындарға, мәдени іс-шараларға баруға мүмкіндіктері аз.Сондықтан мұң-мұқтажы бір ата-аналардың басын қосып, балаларын дамытуға жағдай жасайтын орталық аса қажет.Әрине,Астана қаласында мамандандырылған түзету білім, денсаулық ұйыдары бар.Тіпті тiрекқимыл аппараты функцияларының бұзылуынан болатын церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған еліміз бойынша жалғыз балабақша да елордада ашылған.Бірақ бұл мекемелер Астанадай үлкен қалаға аздық етеді. Елордада кәмелеттік жасқа толмаған 2050 мүгедек бала ресми тіркелген десек, соның басым көпшілігі үйде отыр төрт қабырғаға қамалып.2005 жылы ашылған қоғамдық қордың белсенділері мүгедек балаларды қоғамға бейімдейтін, қимыл-қозғалысын дамытатын оңалту орталығын өздері-ақ ашуға  әзір.  Тек  лайықты  ғимарат  таппай жүр.

«Бізге арнайы орын берілсе болғаны, қалғанын өзіміз-ақ реттеп алар едік. Орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды да таба аламыз. Түрлі үйірмелер ашуға да мүмкіндігіміз бар», – дейді қоғамдық қордың директоры.

Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуіне арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен ауыратын мүгедек балалар орналасуы мүмкін:

  •  
  • әртүрлі этиологиядағы мидың сал ауруы;

 полиомиелит салдарынан кейінгі қалыпқа келтіру және     резидуальді кезең;  сүйену-жылжу аппаратының әртүрлі туа және кейін пайда     болған деформациялары;  артрогриппозом;  хондродистрофией;  тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет     аурулары.

Мүгедек баланы сауықтыру орталығына орналастыру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, келесі құжаттарды тапсырыңыз:1.Баланың ата-анасының(заңды өкілдерінің)белгіленген үлгідегі өтініші.2.Өкілетті органның (медициналық мекеменің) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау жолдамасы:

  •  
  • туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;

 СТН;  ӘЖК;  мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;  медициналық карта;  психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес     қорытындысы;  амбулаториялық картадан үзінді;  жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі.

Балаларды МӘМ-нен шығару:

  •  
  • баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші; –     кәмелеттік жасқа толғанда;

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне қарайтын, оңалту орталықтары бар, онда әр түрлі аурулармен; тірек-қимыл және эндокринологиялық жүйелер ауруларымен ауыратын балаларды 20-27 күн аралығында оңалту курстарын өтеді.Орталыққа орналасуға қажетті құжаттардың тізімі, оңалту шараларын өткізуге қарсы көрсеткіштер барлық аймақтардың емдеу органдарында бар.

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.2008 жылдың аяғында Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы Халықаралық Конвенцияға қосылды.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 34,7 мың мүгедектер, оның ішінде 3276 мүгедек балалар тұрып жатыр.Бұл бүкіл мемлекет бойынша мүгедектер санының 7,2 пайызын құрайды.Осы адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асады.

Жеке тұтынушылықты есепке алғанда мүгедектер протезді-ортопедиялық көмекпен, сурдо, тифлотехникалық құралдармен, санаторлықкурорттық сауығумен, есту протездеулерімен, кресло-арбалармен, міндетті гигениялық құралдармен, ымдау тілімен қызмет көрсететін мамандармен қамтамасыз етіледі.Қалада психикалық аурумен ауыратын мүгедектер үшін екі медициналық әлеуметтік мекеме, 15 әлеуметтік бөлімдер және екі мүгедектерді сауықтыру орталықтары жұмыс жасайды.2009 жылдан бастап «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру шеңберінде кемтар балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде және күндізгі бөлімдерде әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Қызметтер мемлекеттік сектор және де үкіметтік емес ұйымдар арқылы ұсынылады.

Мүгедек балаларды тәрбиелеп және үйде оқытып отырған отбасыларына көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен тоқсан сайын жәрдемақы төленеді. Жан басына шаққанда орташа табыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және біржолғы материалдық жәрдемақы жасалынады.

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті.Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. Биыл жарық дүние есігін ашқан сәбилердің 11 пайызы мүгедек болып туған. Жүйе өсіп бара жатыр. Жыл өткен сайын сондай балалардың да саны үлкейіп келеді.Орта мектептерден оларға арнайы топтар да ашылып жатыр.Сондықтан мамандар әрқашан керек болады. Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар ожданын кемсітетін ,оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады. Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке ,мықты мұғалімге беруге тырысамыз[1;43 ].

Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар:мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы,жоқтығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде. Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр. Еліміздің  Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылыми нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады;логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. «Бәріне бірдей мүмкіндік » принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.

Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді.Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе – кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес.Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар.Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді – енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.

Осы орайда Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты қаламызда осындай мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналып жартылай стационар «Аялы алақан» атты бөлімше ашылды .Мұнда балалар таңертеңнен кешке дейін мамандардың қарамағында болып, үйірмелерге қатысып, бір-бірімен танысып, ұжымдық тәртіпке үйреніп, дәріс алады. Балалар бес мезгіл тамақтанады, тынығып дем алады, әр маманмен бірге ұсақ қол жаттығуларын орындап, бұлшық еттердің қызметтерін жақсартады, сюжетті рөлдік ойындарды сахналауды үйренеді. Бөлімшеде мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында  болады.  Мұндай  жәйттер  негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты. «Аялы алақан» атты жартылай стационарға келетін мүгедек балаларға әр апта сайын қаламыздағы психологиялық – медициналық педагогикалық консультациядан мамандар : психиатр, лор, көз дәрігерлері келіп тексеріп, психологиялық зерттеудің нәтижесімен таныстырып, олардың жалпы арнаулы түзеу арқылы білім беретін жүйеде оқуға және тәрбиеленуге қабілеттері туралы шешім шығарады. «Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек». Инклюзивті білім беру жүйесін   дамытуға   Үкіметтен   бастап, мектептерге дейін мән берілуде. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет.Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету,жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады.Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап ,үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады.Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға  арналған  жеке  даму  бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді [2; 21].

Бүгінгі күнде мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. БҰҰ ратификациялау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігімен дайындалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 16 қаңтардағы №64 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық аумақтарда кедергісіз жағдай мәселесін шешу үшін объектілерді түгендеу жүргізіледі.

Атап өту керек, Басқармалармен және Алматы қаласының басқа да қызметтері әлеуметтік, көліктік және дем алатын инфрақұрылымдық нысандарға түгендеу жүргізілді. Сол кезде тексерілген нысандардың ішінде (мүгедектерге қызмет көрсететін ірі нысандарды қоса алғанда) 75 пайызы  кедергісіз өту талаптарын қанағаттандырмады.

Қазіргі таңда кейбір ғимараттарда ғана көтергіш құрылғылар бар. Сауда саласының, қызметтердің, зейнетақы және жәрдемақы алу орындарының («Казпошта» бөлімшелері және Халық банкісінің филиалдары) объектілері қол жетімділігі бойынша құрылыс нормалары мен ережелер талаптарына жауап бермейді. Есіктердің параметрлері мүгедек арбасының кіруіне сәйкес келмейді, мүгедектердің көліктерін қою орындары қарастырылмаған. Мүгедектер тұратын тұрғын үйлердің кіреберістерін арнаулы кұралдармен қайтадан жабдықтау қажет. Әлбетте мүгедектердің жайлы өмір сүруі үшін барлық тұрғын үйлер ыңғайлы болуы керек. Өйткені жарақат алудан ешкім сақтандырылмаған, жас отбасыларда бесік арбамен тасуды қажет ететін балалар бар, тіпті жасы үлкен адамдарға да пандус пен лифт қажет.

Қалалық транспорттың да мүгедектерге бейімділігі аз, өйткені олар арнаулы көтергіштермен жабдықталмаған, мамандандырылған көліктің жоқ болуы, мүгедектерге бөлінген әуежайда қонуұшу алаңдарын, жолаушылар аялдамаларын орналастыруды ұйымдастырудың тиісті шешімі табылған жоқ. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды мамандандырылған көлікпен қамтамасыз ету шеңберінде өткен жылдан бастап қозғалысы қиын 1 топ мүгедектерге арналған бюджеттік қаражаттан қаржыланатын инватакси қызметі қаламызда жұмыс жасауда. Осындай қызметті көрсетуде белгілі тәжірибесі бар ЖШС «ЦРУ-ИНВАТАКСИ» әлеуметтік тапсырысты ұтып алды. Бірақ бұл әрине мәселені шешпейді және осындай мақсаттар үшін қоғамдық көлікті жетілдіру қажет. Дегенмен, жұмысқа, оқуға және тағы басқа жерлерге қандай да бір сұрақтармен бара алмай жүрген көптеген мүгедектерде енді осындай мүмкіншіліктер бар. Қалалық даму бағдарламасында осындай қызмет көрсету келесі жылдарға да қарастырылған.

Білім алу объектілеріне мүмкіндік алу мәселелеріне ерекше тоқталып өткен жөн. Алматы қаласында есту, көру, сөйлеу қабілеттері бұзылған, тірек қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы шектелген мектеп жасында және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған түзету ұйымдарының жүйесі: 9 арнаулы мектеп-интернаттары, 3 түзету кабинеті, 9 түзету бала бақшалары бар. Алайда көптеген білім беретін мекемелерде пандустармен, арбашыларға лифт пен көтергіштердің жоқтығы сияқты мәселелер бар. Мәселен, мүгедектер оқитын №8 мамандық лицей арбашыларға қол жетпес. №92 политехникалық колледжде нашар еститін ересек балалар бар.Қызмет колледжінде мүгедек балалардың арасынан 89 бала оқиды. Осыған ұқсас жағдайлар жоғары оқу оындарында да бар. Бұл мәселелердің шешімі БҰҰ Конвенциясының мүгедектердің құқықтарын қорғау шеңберінде шараларды жүзеге асыру арқасында ғана мүмкін болады.

Жобалау бойынша бастапқы кезеңде денсаулық сақтау, білім беру , көлік, тұрғын үй, мемлекеттік органдардың бірнеше объектілерін төлқұжаттау өткізіледі. Одан кейін мүгедектердің қол жетімділігі үшін талаптар сәйкестендірірледі. Бүгінде дистанциондық білім беруді тәжірибелік сынақтан өткізу жүргізіліп жатыр. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, JTI компаниясы және Тұран университетінің арасында және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен келісе отырып мүгедек балалар мен 23 жасқа жеткен мүгедектерді ҰБТ немесе кешенді тестілеуге тегін дайындау үшін білім беру жобасы басталғалы отыр.

Келісім шарттың негізгі мақсаты екі жақпен мүгедек балалар мен мүгедектерге дистанциондық білім беру жобасын жүзеге асыру болып табылады. Бұл жобаның қызметтік мақсаты дистанциондық білім беру технологиясын пайдалану  негізінде  мүмкіндіктері  шектеулі мүгедек адамдарға сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Бұл тәжірибені әрі қарай тарату мүгедектерге жоғарғы оқу орындарында, колледждерде білім алуға мүмкіндік береді. Осылайша олардың өмірлерінің сапалылығын жоғарлатады.Өздігінен жаза алмайтын бірақ компьютерде жұмыс істей алатын нашар көретін және соқыр адамдар үшін ҰБТ ның орнына сұқпаттасу мәселелерін шешу қажет.

Қаланың мүгедек адамдарының санаториялар мен пансионаттарда демалу мүмкіншіліктері бар.2009-2010 жж.көзі нашар көретін мүгедек 169 адам санаториялық-курорттық ем қабылдады. 2011 жылы90 адам болды.2011 жылы «Алатау» жаздық сауықтыру лагерінде 30 мүгедек балалар санатортиялық-курорттық ем қабылдады. Осымен қатар мүгедектердің алып жүрушілерін, мүгедек балалардың ата-аналарын жолдамамен қамтамасыз ету мәселелері тұр [3; 14 ].

Мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамда тең құқықты мүше бола отырып, ерекше қолдауды қажет етеді. Қоғамда бірінші жоспарда интеграциялау мәселелері бойынша мүгедектерді жұмыспен қамту болып табылады. Оларды жұмыспен қамту сұрақтарын шешу барлық елдерде іс жүзінде өзекті мәселе.

Жұмыспен қамтумен біздің басқарма айналысады. Жыл сайын аудандық жұмыспен қамту бөлімдеріне 200-дей мүгедектер жұмыс іздеп келеді. Жеке оңалту бағдарламасы сараптамасына сәйкес мүгедектік тобына тәуелсіз жұмысқа тұруға және жіберілуге барлық мүгедектер құқылы. Мүгедектер көбінесе Алматы қаласын дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған бағдарламасы және жұмыспен қамту 2010 бағдарламасы аясында қалалық және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылады.

Әлеуметтік еңбек орындары үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылады. Мұндай жұмыс орындары негізінен әлеуметтік қызмет көрсетумен байланысты болады. Мүгедектер де кәсіптік дайындықтан немесе қайта даярлаудан өтуге құқығы бар. Сондықтан олар өз еріктері бойынша жұмыспен қамтамасыз ету аудандық бөлімдеріне жіберіледі.Жұмыспен қамтамасыз ету және мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру сұрағын шешу мақсатында «мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын анықтау туралы» қала әкімшілігінің қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес меншік нысанының түрлеріне байланыссыз барлық ұйымдар жұмыс орындарының жалпы бөлігінің 3 пайызы  мүгедектерге квота  ретінде жұмыс орындарын белгілейді.Оңалту орталықтары жұмыстарын жеңілдету үшін балалардың келу кестесі құрастырылған, орын бөлу кезінде аймақтардан алдын-ала келетін өтініштер есептелген [4;65 ].

Әлемнің дамыған елдерінде мүгедек балаларды дені сау құрбыластарымен қатар оқытып, сол арқылы сауықтыру әдісі бар. Осынау тәсілді елімізге алғаш рет алып келген және осы бағытта балабақша түріндегі «Аруана» атты емдеу-диагностикалық орталығын ашқан кәсіпкер – Шынар Мәлікқызы.

Шынар – «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда білім алған алғашқы түлектердің бірі. «30 жасқа дейінгі өмірімді тек білім алуға, ізденуге, біліктілігімді жетілдіруге, мамандығымды шыңдауға жұмсадым» дейді өзі. Әрине, елімізде «Болашақпен» оқып келген жастар жерде қалмайтыны белгілі. Шынар да жоғары лауазымдарда жұмыс істеді. Бірақ басты мақсаты мансап қуу емес еді. Ол өз алдына кәсіп ашып, ұзақ жыл бойы жинақтаған білімін ел кәдесіне жаратуды ойлады.«Шетелде оқып жүрген кезімде мүгедек жандарды жиі ұшыратынмын.Мұндай кембағал жандар елімізде жоқтай көрінетін. Сөйтсем, албырттықпен аңғармаппын, біздегі мүгедектердің жағдайы тіптен мүшкіл екен ғой» дейді Шынар.

Біреуге қарайласуды өзінің адамдық парызы санайтын Шынарды мүгедек жандардың денсаулығы бейжай қалдырмады. Әсіресе, туа бітті ауруға шалдыққан балалардың болашағына алаңдаған ол сәбилерге қалай да көмектесудің жолдарын іздестірді. Кембағал балаларға берілетін әлеуметтік көмектер денсаулығына демеу бола алмайтынын түсінген Шынар ұзақ ізденудің арқасында сал ауруына шалдыққан жеткіншектерді құлан таза ауруынан айықтыруға болатынына көз жеткізеді. «Әлемдегі, соның ішінде еліміздегі кейбір ауқатты отбасылардың мүгедек болып туған балалары Венгрияның Пете институтында білім алады. Бұл оқу ордасының мамандары сал ауруына  шалдыққан  жандардың 70 пайызын сауықтырып шығарады. Солардың әдіс-тәсілдерін елімізге әкелу арқылы мен, тым болмаса, сал ауруына шалдыққан балаларды емдеп шығаруды өзіме мақсат етіп қойдым», дейді Шынар. Ол мұратына жету үшін аз тер төккен жоқ. Венгрияға талай мәрте барып, тіпті, екі жыл сонда тұрып келді. «Қытайдың мамандары мидың қатып қалған тамырларын жібітіп, адамның қол-аяғына жан бітіреді» дегенді естіп, аспан асты еліне де сапар шекті. Тіпті, осы үшін өзі жақсы білетін ағылшын, неміс тілдеріне қоса, қытай тілін де меңгеріп алды. Талай елдің тәжірибесін зерттеп, мәселенің мән-жайына әбден қаныққаннан кейін Шынар «Дені сау балалар мен денсаулығында ақауы бар балаларды біріктіру және оқытудың инклюзивті әдісі» атты қанат қақты жобасын «Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасына ұсынады. Әрине, балаларды тәрбиелейтін әрі емдеп шығаратын  орталық-  ты ашу оңай болған жоқ. Табанынан таусылып, талай мекеменің есігін тоздырды. Ол ол ма, емдеу-диагностикалық орталығын ашқаннан кейін

«Балаларымыз қалай мүгедек балалармен қатар балабақшаға барады?» деп шала бүлінгендер де табылды. Алайда, бұл қиындықтардың ешқайсысы Шынарды жасыта алған жоқ.

Бүгінде «Аруана» емдеу-диагностикалық орталығында 150 бала тәрбиеленуде.

Шынар Мәлік ашқан орталықтың ерекшелігі сол, мұнда сау балалармен бірге сал ауруына шалдыққандар да тәрбиеленеді. Бірақ көп емес, отыз сау бала оқитын бір топта бар болғаны бірекі ғана мүгедек бала бар. Оқытудың осы тәсілі енгізілген кәсіпкер бірқатар нәтижеге жеткенін, балалардың бойында адамгершілік қасиеттердің ұшқынын көбірек байқағанын айтады.«Жалпы, сал ауруына шалдыққан балалар жүріп-тұра алмаса да, олардың ақыл-есі түзу, жүрегі жұмсақ болып келеді.Ең бастысы, дені сау балалармен қатар ойнап, өздерін олармен тең көрген балалар ешқашан өздерін кем-қор санамайды. Бұл олардың психологиясына да оң әсер етті. Ал дені сау балалар оларға қамқорлық көрсету арқылы мейірімділіктің не екенін сезінді. Оқытудың мұндай әдісі қандай балаға да тиімді екеніне көз жеткіздік» дейді Шынар Мәлікқызы.

Мұндай жобаға «Аруананың» ата-аналары да риза көрінеді. Расымен, сал ауруына шалдыққан балалары бар отбасылардың анасы көбіне үйінде отырады. Ал осы балабақша ашылғалы ата-аналар еш алаңсыз жұмысқа баратын болған. Себебі, балалары ешкімнен кем емес, балабақшаға барып қана қоймай, логопед, психолог, ЛФК-дәрігері сынды мамандардың жіті бақылауында екендігін олар да біледі.

Әзірге «Аруана» 1-7 жас аралығындағы балдырғандарды қабылдауға ғана мүмкіндігі бар. Енді Шынар Мәлік  7  жастан  18  жасқа дейінгі жеткіншектерді оқытатын оңалту орталығын ашуды ойластырып жүр. Оған себеп болған балалардың өздері екен. Енді Шынардың мақсаты – балалардың тілегін орындап, оларды тең құрбыларымен қатар тәрбиелейтін орталық ашу. Егер сауықтыру ем-шаралары дұрыс жасалып, психологиялық-моральдық тұрғыдан қолдау көп болса, сал дертіне шалдыққан балалалар 16 жасына қарай құлан таза жазылып кетуі мүмкін екен. Шынар Мәлікқызы да бұған нық сеніммен болашақ орталықтың іргетасын қалауға кірісіп кеткен жайы бар.

Мәселен, 2005 жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 124 мыңды құраса, бүгінгі күні 150 мыңнан асқан. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде нәрестелердің денсаулығындағы мүкістердің 70-80 пайызы бір жасқа дейін анықталып, дер кезінде емделеді екен. Себебі түзету мен сауықтыру әдістерін дер кезінде қолданса, 3-5 жасқа дейін толықтай оңалып кететін балалар болатынын айтады мамандар. Алайда, бұл жағдай елімізде әлі кенжелеп тұр. Бізде көбіне баланың диагнозын қою уақыты 6-7 жылға созылып кетіп жатады да, баланың дамуы тежеліп қалады. Осы тұрғыда кеше «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен педагогикамен айналысатын 70-тен аса маман Алматыда бас қосып, республикалық семинар барысында балалар дамуына ерте араласу әдісінің соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, нәрестенің денсаулығындағы ақауларын барынша ерте анықтап, сауықтыру мүмкіндіктерін талқылады.

Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын арттыруды көздеген «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша 2020 жылға дейін мектептердің 70 пайызы инклюзивті білім берумен толық қамтамасыз етілуі тиіс, яғни арнайы қажеттіліктері бар (мүмкіндігі шектеулі) балаларды қабылдауы қажет. Дегенмен, мамандардың айтуынша, баланың инклюзивті білім алуы үшін де оны алдын ала соған дайындау қажет. Себебі арнайы мамандар, ата-аналар о баста баламен жұмыс істемесе, кейін мектепке барғанда қиындықтар туындамақ. Қазіргі таңда елімізде 3 жасқа дейінгі 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Егер олардың дамуына ерте араласу мәселесі түбегейлі шешілмесе, бұл балалардың көпшілігі мектепте оқуға дайын болмауы мүмкін. Ал ерте араласу әдісі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметке бейімделуіне де үлкен әсер етпек. Мысалы, бұл әдіс кең қолдау тапқан елдерде мүгедектердің 40 пайызға жуығы жұмыс істейді, ал бізде бұл көрсеткіш  12 пайызды ғана құрап отыр. Бұған қатысты Ресейден жеткен Санкт-Петербургтың ерте араласу институтының директоры Лариса  Самарина:

«Егер есту қабілеті нашар сәбиге бір жасқа дейін арнайы құрал кигізсе, ол сөйлеуді үйреніп, толыққанды өмір сүре алады. Ал егер үш жастан кейін кисе – оны сөйлеуге үйрету өте қиынға түседі. Сол сияқты көру қабілеті нашар, церебралды паралич, басқа да ауруларға шалдыққан балаларға қатысты да осыны айтуға болады. Күнделікті өмірде, тұрмыста қажетті дағдыларды мұндай балаларға қаншалықты ерте сіңірсек, соншалықты олар тіршілікке бейімделіп, қоғамда өмір сүре алады. Қазір Ресейде де мұндай балалардың дамуына ерте араласу жұмыстары қарқынды түрде жүруде» дейді [ 5; 34].

Мүгедек балалардың инклюзивті білім алуына  байланысты  «Дара»  қайырымдылық қоры «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның қолдауымен «Қазақстанда инклюзивті қоғамды құру» жобасын іске асырып келеді. Соның негізінде, мектеп жасына дейінгі арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету орталықтары жұмыс істемек. Қазірдің өзінде Астанада сондай екі орталық жұмысын бастаған. «Мұнда әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі. Енді жылдың соңына дейін Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында да осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр»  дейді«Дара» Қайырымдылық қорының менеджері Хадиша Сержанова. Оған қоса, арнайы қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек көрсетілмек. Ол үшін ата-аналар клубы құрылып, айына 2-3 рет бас қосып тұрмақ.

Екі күнге созылатын «Ерте жастағы балаларды түзеу-педагогикалық қолдауы» атты республикалық семинарға келген арнайы білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтары, дефектолог-мұғалімдер, логопедтер мен психологтар Қазақстанда ерте араласу әдістерін енгізу, ерте диагностикалау арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау  мәселесін талқыламақ. Сондай-ақ бұл саладағы соңғы жетістіктер мен әдістемелік құралдар таныстырылады.

 Қорытынды

 Әлемдік медицина туа бітті, ауыр дертке шалдыққан балалардың құлан-таза айығып кетпесе де оларды ортаға бейімдеуге болатынын алға тартады. Ол үшін логопед, дефектолог, невропатолог, педиатр сынды мамандардың жұмыла жұмыс істегені керек. Қоғамдық қор өкілдері балаларына қамқор болатын мұндай мамандарды табуды да өз мойындарына алып отыр.Бізге қолғабыс етуге ниетті екендіктерін айтып, хабарласатын мамандар баршылық.Сондай жандардың көмегіне сүйенбекпіз.

Қамкөңіл жандар қашан да жүрегін жылытатын жұбаныш іздейді. Өздеріне мұңдас, сырлас іздейді.Аналар бір-бірімен әңгімелесіп, шер тарқатқысы келеді.Елордада аутизм, церебралды сал ауруы секілді психоневрологиялық паталогиялары бар балаларды оңалтуға арналған орталық құрылса, дәл осы сұраныстар да өтелері сөзсіз. Қоғамдық қордың да, оған тіркелген атааналардың да қалауы осы.

Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар.Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру,жарақат,жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады.


Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты