Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Қазіргі таңда оқыту үрдісінде қолданылатын білімді тексеру мен бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдері

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде қолданылатын білімді тексеру мен бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдері

ya_socials
Опубликовано:
Автор: sar.azhar034 521

Саркытханова Ажар

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Ғылыми жетекші: Арман Мұратқызы

Тақырыбы:Қазіргі таңда оқыту үрдісінде қолданылатын білімді тексеру мен бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдері

Жоспар:

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1)Оқыту процесінде оқушылар білімін тексерудің, бағалаудың маңызы мен қызметі. 

2) Қазіргі кезде оқыту процесінде қолданылатын білімді тексеру мен бағалаудың технологиясы

3) Оқушылардың білімін тексеру әдістерін жетілдіру, оны сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі 

III.Қорытынды

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: осы тақырыптың толық ашылуына тақырыпқа бағытталған зерттеулерді көбейту қажеттілігі туып отыр. Мектепте оқушылардың білімін тексерудің түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білімнен алғандарын ғана тексеріп қоймай, олардың сол алған білімдерін өзбетінше пайдалана білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге төселдіре отырып, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу.

1.  Білім – өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық-тарихи құбылыс, оның мән-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ. Білімнің әлеуметтік өмірдегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процессі қоғамның тіршілік әрекеттерімен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болу дәуірінен басталады. Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұныныа көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды қажет етеді. Алайда, мектепте оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын білімді саралау, таңдап алу мәселелері туды.

 Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі мен оқушылардың алған білімдерін тексеру оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды.  Л.Н.Толстой былай дейді: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, олардың көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі, қайта өзімнің сабақ оқытуымдағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті».  Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны және оқушы білімін дұрыс тексеру  жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.Қазіргі заман талапбына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дұрыс жүргізе алуы қажет.

2.1.  Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бұл бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Тексерудің тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исаков, Е.И.Перовский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктың ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған. 

           Тексеру мен бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Рьвов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.  Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады. Себебі «тексеру», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.  

            Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен дамуы динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.  20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерімі сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық-лабораториялық» әдіс жүйесіне негізделген «өздігінен бақылаудың» түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілікке әкелсе, екінші жағдайда оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді. 30 жылдары білім, білік, дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П.Г.Ананьев) көптеп көңіл аудар бастады. 40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмысы қолға алынды. Онда білімді тексеру (Е.И.Петровский), оқушыларды бақылау ретінде қарастырды. Оқушыларды бақылау және тексеру: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды. 80 жылдардан бастап оқуты нәтижесін ескеп алу, бақылау және бағалаудың мазмұны мен амал-тәсілдері мен қызметінің дидакикалық-әдістемелік негіздерін талдап, қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.  Дегенмен де, бүгінгі таңда оқыту теориясында білімді тексеру немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.

           Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.  Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.   Тәрбиелік қызметі оқушылардың жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.

Тексерудің негізгі мақсаты - баланың іс-әрекетін ынталандыру, олардың белсенділігін дамыту, дағдысын қалыптастыруға көмектесу. Бала алған білімді игеруі жою баянды етуі бойынша, оқу процесі барысында негекөңіл бөлу керек, қай жерде кемшілік жіберді, сол кемшілікті қалай түзету қажеттігін білгені дұрыс. Осыдан келіп ұстаз бен шәкірт арасында ынтымақтастық орнайды. "Ынтымақтастық педагогикасы" дегеніміз осыдан туындайды.

         2.2 Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибелік қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.

           Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру және бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:Ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық, сұрақ), жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру), практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу), машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау картиналарын, жұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану), өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес қою).  Оқыту процесінде бақылаудың: 

1)Фронтальдық; 2) топтық; 3) дербес формалары қалыптасқан. 

          Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.

          Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. 

           Баға - білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. 

          Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалаудан бұрын, сол берілген білімнің қабылдануын, дағдының қалыптасуын тексерген жөн. Білімді тексеру арқылы мұғалім "Балаға не берді, бала дағдыны қалай қалыптастырды, білімді қалай қабылдады, кемшілік неде және кімнен?" деген сияқты сұрақтарға жауап табады.

 Бақылау - жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесін де мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн

                          Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технолгиялық әдіс-амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге әкеліп соғады: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім деңгейімен салыстырыла қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің, «қорқытып тәрбиелеудің» құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондай сабақта тыныш отырмайтын оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. Керісінше, «жақсы атты» болуға, оқушы тілін табуға тырысып, «жомарт апай, ағай» атануға ұмтылатын әріптестеріміз де жоқ емес.   Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен тексерудің түрлерін ұдайы толықтырып отыруды мұғалімнің өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

  Сайып келгенде мұғалімдер оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, ұйтқы болуда. Мұғалімдер оқушыларға берілген сабақтағы әрбір тақырып бойынша өз ойларын дамытуға, әрі ойларын ірікпей, еркін жеткізуге, батыл да тапқыр шешімдерді шығаруға, ойларын өрбітуге болатын көптеген мысалдар, теңеулер келтіру арқылы қол жеткізуге болады.            

Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану процесі мектептегі білім жүйесі мен оқушыны оқытып тәрбиелеуге де өз әсерін тигізе бастады. Мектептегі берілетін білімнің салмағын арттыру осы жаһандану алапатынан сақтаудың бірден-бір жолы деуге болады. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі оқушының білімін тексеруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты орнын дәлелдейді.

          1. Жаңа білімді беруде оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Оқыту процесінің қай кезеңінде қандай әдісті қолдану керектігі туралы жазылып қойған бұлжымайтын ереже жоқ, әрине. Және әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңінде бөліп топтастыру мүмкін емес. 

                   2. Білімді бекіту кезеңінде оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары. Мұндай мұғалім материалдың ерекшелігін түсіндіреді де, ондағы айтылғанды оқушыларға мәтін бойынша өздері талдап, анықтауды ұсынады. Мысалы: оқушыларға өздері жасаған жоспарлары бойынша образдарға тілдік мінездеме беру тапсырылады. 

            3. Мұғалімнің түсіндіруінсіз оқушылардың өз бетінше жаңа білім алуын ұйымдастыру. Оқушылардың өз бетінше жұмыстары жаңа білім алуға үйретуде алдымен өз бетінше істейтін жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады. Мұғалім баяндайтын, хабарлайтын тақырыптарды ойдағыдай меңгеру үшін оқушыларға  оқитын қосымша әдебиеттерді атап, оларды қамтитын жоспар жасап көрсетеді. Осындай 1-2 жаттығудан соң мұғалім тапсырма беру әдісін өзгертеді. 

                  4. Оқушылардың білімін қорыту, қайталау кезеңдерінде өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру. Оқыту процесінің маңызды бір кезеңі оқушылардың алған білімін қайталауы. Мұғалімдер тәжірибесінде қайталаудың күнделікті қайталау, тақырыптық, тоқсандық, жылдық қайталау сияқты кезеңдік түрлері бар.  Бұларды «Мына тақырыпты қайталап келіңдер», «Осы анықтаманы өткен жылы өткен анықтама бойынша естеріңе түсіріп келіңдер, сыныпта қайталаймыз»-деген сияқты оқушылардың алдына ешқандай мақсат қоймайтын тапсырмалармен шатастыруға болмайды. Ал, анық мақсат қойылмаса, өткен материалдарды қайталау түрлендіріп ұйымдастырылмаса оқушы сабақтың бұл кезеңіне қызықпайды. 

Дәстүрлі бағалауда -білім алушы оқытудың нәтижесінде нақтылық жоқ болатын, сандық бағамен бағаланатын өзінің қандай баға алғанын және не үшін алғанын түсінбейтін.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Білім алушыға да, ата-анаға белгілі критерийлер бойынша оқыту нәтижесін біліп отырады.

Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табыладыДәстүрлі бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;

-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;

-бағалау тек мұғалімнің билігінде;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;

-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);

-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;

-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;

-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері

Критериалды бағалау міндеттері:

-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалаудың артықшылықтары:

-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

-Білім берудің сапасы артады;

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

-Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

-Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

-Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

-Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

-Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

-Ата-аналарға:

-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.

            Оқушылардың танымдық қызметін дұрыс қалыптастырудағы өз бетімен жұмыс істеу процесінің сапасын тану, алған қойған барлық міндеттердің бірі болып табылады. Оқушылардың білімін тексеру барысында жұмыс істеу дағдыларын тәрбиелеу бала мектепке келген күннен, мектепті бітіріп шыққанға дейін жүргізіліп отыратын процесс.

  Соңғы жылдары қазіргі жаңашыл мектептерде оқытудың әдістеріне көп көңіл бөлініп, ол іс жүзінде қолданылуда. Осындайдың бірі оқушылардың ой-өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақтарында дәйекті түрде пайдаланып, бүкіл ұжым болып осы іске бет бұрған мектептер баршылық.

Қорытынды 

          Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, тексеру, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді.   Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыны есепке алу және тексеру мәселесіне теориялық  және практикалық талдау жасаудың маңыздығы ерекше.Оқушылардың білімдерін тексеруді жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Тексерудің тиімділігін артырып, тексерудің жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен тексерудің түрлерін ұдайы толықтырып отыруды мұғалімнің өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Бақылау - жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесін де мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн. Оқу тәрбие процесін басқару педагогикалық процесстің тиімділігі мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ оқушыларға жасалған реттеуші ықпал әсердің шамасы, сипаты және негізділігіне орайлас келеді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Айсина Майра. Оқыту -  білім мен тәрбие өзегі // Қазақстан мектебі.   – 2006. - № 2. – 28.
2. Алдабергенова Ж.Д. Оқу әдістерін тиімді қолдана білу //  Сынып     жетекшісі. - № 2. – 35.
3. Айтжанова Қ. Дәстүрлі оқытудың психологиялық – физиологиялық     негіздері // Қазақстан мұғалімі., 2004. – 27 б.
4. Алдамұратов Қ. Психология / – Алматы: Дәуір. – 1989. – 210.

5. Әбенова З. Бастауыш сыныпта оқытудың басты негіздері // Бастауыш     мектеп. – 2003. - № 5. – 18.

6. Әкімбаева Ғ.  Оқыту әдістері // Сынып жетекшісі. –2006. – №3. – 17-18.  

7. Боранбаева З.К. Әдіс – тәсілдер барысындағы оқушының іс - әрекеті  // Бастауыш мектеп. – 2000. -  № 12. – 28 – 30.
8. Бабаев С. Бастауыш мектеп педагогикасы /Алмты:Фолиант.-2000.-400 б.
9. Досқазин Э.А. Ойын әдісінің пайдасы // Қазақстан мектебі. – 2003.  - № 5. – 40. 
10. Илина А. Педагогика / Москва. Проссвещение. – 1985. – 195. 
11. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика / Алматы. – 2000. – 213 б.
12. Көшімбетова С.А. Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдерін пайдалану / Алматы. Білім жолы. – 2004. – 305.
13. Люблинская А.А. Мұғалімдерге бастауыш мектеп оқушысының   психологиясы жөнінде. Мұғалімдерге арналған құрал / - Алматы. – 1993. 
14. Мүшелбаева Н.Н. Оқытудың тиімді болуының мәні неде ? //   Сынып жетекшісі. – 2005. - № 3. – 35.
15. Оқалбек Ж., Бабаев С. Жалпы педагогика /Алматы.Білім.-1999. -420б.
16. Потолиник М.М.Управление развитием школы / Москва, Новая школа. 
- 1995. – 242.

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты