Lesson Study зерттеу: "Екінші тілде білім алатын сыныптардағы оқушылардың мәтінді түсініп, талдауға INSERT әдісі қалай әсер етеді?".
География пәні бойынша 9 сынып оқушылардының пәнді оқып-үйренуде академиялық тілді қолдана отырып, географиялық құбылыстарды талдау дағдысының төмендігі бөлімдік жиынтық бағалау қорытынды нәтижесін талдау барысында анықталды. Талдау дағдысының төмен көрсеткішке ие болу себептерін анықтау мақсатында екінші тілде оқитын сыныптардан сауалнама алдық.
Сауалнама нәтижесін саралай келе, оқушылардың көбі мәтінмен жұмыс істеу кезінде тақырыпқа байланысты түсініксіз сөздер көп болатындығы, терминдердің анықтамаларының мағынасы, кей жағдайда мәтін көлемі үлкен болатындығын, пәндік терминдердің болуы және түсіну үшін қандай да бір көмекші құралдар қажет екендігін анықтадық. Әріптестерімізбен және осы 9 сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен талқылап, кеңесе келе оқушылардың оқу жетістіктеріне талдау дағдысын арттыру жолдары талқыланып, сабақ жоспарына осы дағдыны дамыту әдістерін енгізу жоспарланды.
Қарастырылып отырған сабақ 9 сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының «2.2 Физикалық география. Гидросфера» бөлімінің «Су ресурстарының маңызы» тақырыбы бойынша жоспарланды. Бұл тақырыптың пәнді–оқып үйренудегі маңызы зор. Бұл тақырып оқу курсында шиыршықталған оқыту негізінде жоспарлау негізінде 7 сыныпта өтілген дүниежүзілік мұхит, мұхиттардың маңызын қарастырғанда, 8 сыныпта құрлық сулары тақырыптарын өткен кезде қысқаша анықтамасы айтылған.