Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Мифологиялық дүние бейнесінің тіл танымындағы орны

Мифологиялық дүние бейнесінің тіл танымындағы орны

ya_socials
Опубликовано:
Автор: zhadyra198002 471

Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Адам баласының білімі, көрген – білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік  тәжірибесін   сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық – мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда   зерттеу – қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі. Тіл қазынасындағы ұлттардың тұрмыс – тіршілігі  мен өмір тәжірибелерінен хабар  беретін, олардың мифтік санасын  танытатын, тілімізде кездесетін құрамында мифологемалары бар мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді, аңыз әңгімелер мен ертегілерді т.б. дүниенің тілдік бейнесінде қарастыру маңызды мәселе болмақ. Олай болатын себебі, тіл  дүниетаныммен тығыз байланысты ұғым. Кез келген ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным – қандай да бір ұлттың басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысы, адам және сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы. Тілді мифтік таным тұрғысынан қарастырған зерттеуші Б.Ақбердиева: “Тіл – тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей құрылысы емес. Тіл – ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Яғни, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады”, - деп жазады [1]. Демек, тілде әр халыққа тән ұлттық дүниетаным көрініс тауып отырады. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Адамзат баласының өнері мен мәдениетінің тарихында уақыт туралы мифологиялық және философиялық ұғымдар маңызды рөл атқарып келеді. Бұл ұғымдардың пайда болу себебінің өзі әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты екендігі белгілі. Мысалы, мифтік сана туралы А.Лосев былай деп жазады: «Әрине, ғылыми түсінік тұрғысынан алғанда, мифология  қиялдан шыққан дүние. Алайда, мифтік сана туралы қиялдан шыққан әлем деп айтуға мүлдем болмайды... Мифті қиялдың жемісі ретінде емес, нағыз шынайы өмірдің өзі деп қабылдау қажет» [2]. Олай болса, тіл - ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі. Бұл ғалам бейнесінің тілден көрініс табуы, яғни ғалам туралы ақпаратты тілдік таңбалар арқылы айқындау – ғаламның тілдік бейнесі деген ұғымды тудырады. Ғаламның тілдік бейнесінде адамның ғалам туралы түсініктері ғана емес, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі сияқты ұлттық дүниетанымымен қатар, оның мифтік санасы да көрініс тауып отырады.

Tіл білімінің негізгі мәселесінің бірі - тіл мен ойлауға байланысты «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы ұстанатын жаңа бағыттың өзіндік ерекшелігі. Яғни, тіл тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей көрінісі ғаңа емес. Тіл - ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан этнопсихикалық, дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Басқаша айтқанда, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің  терең құрылымдарынан бастау алады. Осымен байланысты бұл бағыттағы зерттеулерде бұрын тілдің коммуникативтік қызметінің тасасында қалып, дұрыс мән берілмей келген тілдің танымдық, руханилық қызметі - кумулятивтік қызметіне ерекше назар аударылады. Себебі өз бойында бүкіл бір халықтың рухани қазынасын жинақтап сақтайтын тілдің құдіретінің арқасыңда ұлттық рухтың табы сіңген рухани дүние ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұрпақ жалғастығы, ұлт бірлігі қалыптасатыны белгілі.

Осыған сәйкес тілді зерттеудің танымдық парадигмасы «дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеудің өзектілігі. Осы тұста этностың интеграциялық сипаттағы мәдени-рухани әлемінің ең байырғы үлгісі ретіндегі мифтік сананы тілде сақталып қалған мифтік танымның   көріністерін зерделеу барысында анықтаудың мәні ерекше. Олардың құрамынан әртүрлі ежелгі наным-сенімнің, ұжымдық   таным-тәжірибенің, өнердің, философияның, этнопсихологияның т.б. нышандарының жіктеме зерттеулердің нәтижесінде анықталуы «мифтік таным дегеніміз - мифтік сана дәуірінде дүниенің миф арқылы біртұтас, бөлшектенбеген, синкретті, әмбебап қалпында бейнеленген коғамдық сананың түрі» дептұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Демек, миф - байырғы адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір тәжірибесінен туған таным-түсінігі, өмір салты, ішкі сезім-түйсігінің нәтижесінде калыптасқан ойлау жүйесі.

Ғылымда қалыптасқан осы тұжырымға  негіз беретін - тілімізде сақталып, мифтік мазмұн арқылы этнос болмысын танытатын тілдік деректер, мифтік сюжеттер.

Қазіргі кезеңдегі жалпы тіл білімінде тілдің танымдық тегіне ерекше мән беріліп зерттеле бастауы тіл мен танымның, тіл мен ойлаудың ең байырғы формасының бірі мифтік танымды тереңірек зерттеуді қажет етеді. 

Тілдің терең құрылымдарында жатқан, біртұтастық пен синкреттілік, кешенділік сипат тән бұл ойлау жүйесін тек таза лингвистикалық категория ретінде тілдік заңдылықтар шеңберінде ғана анықтау мүмкін емес. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны процесс ретінде, сабақтастықта қарау, академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаға сүйену, жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің мифтік санасының ерекшеліктерінің лингвомәдени, танымдық сипаты.

Зерттеу пәні. Ағылшын және қазақ мифтерінің дүние  бейнесін сипаттаудағы танымдық сипаты мен қызметі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты  қазақ және ағылшын лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің санасындағы мифтерді  ұлт болмысымен байланыста қарастыра отырып, олардың лингвомәдени, танымдық табиғатын ашу. Бұл мақсатты орындау үшін тіл біліміндегі лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика теорияларының қағидаларына сүйене отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

- мифологиялық дүние бейнесінің ұлттық дүние бейнесіндегі орнын анықтау;

- ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифологемалардың лингвомәдени ерекшеліктерін саралау;

- ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифологиялық сипаттағы прецедент мәтіндер мен прецедент есімдердің мәдени ерекшеліктерін айқындау;

- ағылшын және қазақ мифологиялық дүние бейнесіндегі ұлттық стереотиптердің сипатын аксиологиялық тұрғыдан талдау.

Ғылыми жаңалығы:

  • ағылшын және қазақ тілдерін салғастыра отырып, мифтік танымның тілдік көріністері алғаш рет арнайы зерттеу нысанасына айналып отыр;
  • тіл мен ойлау байланысына қатысты тілді тек ойды жай білдіруші кұрал ғана емес, ойды құрастырушы, өз бойына сіңірген ұлттық рухты жеткізуші құрал деп қаралады;
  • мифтік таным байырғы адамдардың дүниені қарапайым түрдегі объективті тануының алғашқы сатысы ғана емес, дуниені өзіндік табиғатымен субъективті тануының да көрінісі екеніне мән беріледі;
  • “ғаламдық бейне” ұғымын тілмен тығыз байланыста қарастырылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида еткен отандық және шетелдік зерттеушілер Э.Тейлор, Г.Спенсор, В.Вундт, К.Г.Юнг, Р.Барт, Дж.Фрезер, Ф.Лосев, А. Вежбицкая, В.Маслова, Ю.Караулов, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева Б.М.Тлеубердиев, Б.Ақбердиева, С.Е.Керімбаева және т.б. еңбектері негізге алынды.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Д.Толкиннің «The Hobbit, Or There and Back Again» повесі, қазақ аңыз-әңгімелері, ертегілері, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық сөздіктер, тарихи–этнографиялық, мифологиялық деректер, монографиялық жазбалар жұмыстың дереккөздері ретінде алынды. Сондай-ақ, қазақ мифологиясының табиғатын ашу барысында С.Қондыбайдың «Қазақ мифологиясына кіріспе» толық шығармалар жинағының 1 томы пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында таза тілдік, атап айтқанда, сыни тұрғыдан талдау әдісі, этимологиялық, семалық сараптама, семантикалық ая, лингвомәдени сараптама, компоненттік және концептілік талдау, аударма тәсілдері, негізгі мәтін мен аударма мәтіндерді салғастыра зерттеу әдісі, түсіндірмелі аударма әдісі, салғастырмалы типологиялық зерттеу әдісі қолданылды.

Жұмыста лингвистикалық зерттеудің дәстүрлі сипаттамалы (дескриптивті) әдісі, салғастырмалы әдіс, концептуалды талдау әдістері, тілдік материалды  жинақтау, жүйелеу әдістері және т.б. қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивті лингвистика салаларының теориялық мәселелерін шешуде, принциптерін айқындауда және бұл салалардың алға қарай дамуында зерттеу жұмысының нақты нәтижелері мен тұжырымдары өз деңгейінде үлес қоса алады. 

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді ағылшын және қазақ тілдерінің мифологиялық түсіндірме сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында оқытылатын «Лингвомәдениеттану», «Лингвоелтану», «Когнитивті лингвистика», «Мәдениетаралық қарым–қатынасқа кіріспе» және «Елтану» сияқты пәндерден дәріс оқуда, семинарларда, оқу – әдістемелік құралдар жазуда, білім алушылар пәндерден курстық, дипломдық жұмыстар жазуда пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
I love English (4-5 лет)
700 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
700 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
700 тенге
В мире животных (4 года)
700 тенге
Весёлые загадки (4 года)
700 тенге
Веселые задачки (5 лет)
700 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
700 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
700 тенге
Времена года (4 года)
700 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
700 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
700 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
700 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
700 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
700 тенге
Занимательная математика (6 лет)
700 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
700 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
700 тенге
Логические задачки (4 года)
700 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
700 тенге
Математика для малышей (6 лет)
700 тенге
Начинаем читать (6 лет)
700 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
700 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
700 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
700 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
700 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
700 тенге
Пространство и время (4 года)
700 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
700 тенге
Развитие речи (4 года)
700 тенге
Развитие речи (5 лет)
700 тенге
Развитие речи (6 лет)
700 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
700 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
700 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
700 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
700 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
700 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
700 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
700 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
700 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
700 тенге
Тесты на логику (4 года)
700 тенге
Тесты на логику (5 лет)
700 тенге
Хочу все знать (4 года)
700 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
700 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
700 тенге
Цифры для малышей (4 года)
700 тенге
Часы (6 лет)
700 тенге
Этикет для малышей (4 года)
700 тенге
Логические задачки для первоклассников
700 тенге
Логические задачки для второклассников
700 тенге
Логические задачки для третьеклассников
700 тенге
Логические задачки для четвероклассников
700 тенге
Казахский язык
700 тенге
Русский язык
700 тенге
Английский язык
700 тенге
История Казахстана
700 тенге
Математика
700 тенге
Алгебра
700 тенге
Физика
700 тенге
Химия
700 тенге
Биология
700 тенге
География
700 тенге
Информатика
700 тенге
Познание мира
700 тенге
Естествознание
700 тенге
Цифровая грамотность
700 тенге
Музыка
700 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты