Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуының мәні, сабақтың әдістемелік
тұрғыдан ойдағыдай өтуі, біріншіден, мүғалім мен оқушының бір-бірімен
қарым-қатынасына байланысты. Екіншіден, мұғалімнің өз сабағында оқыту
әдістерін шеберлікпен қолданып, сабақты дұрыс ұйымдастырып,
дидактикалық принциптерді басшылыққа алып отыруына байланысты. Сабақ
оқушының есту, көру, ойлау, сезу, есте сақтау қабілеттерінің бәрін іске
қосатындай дәрежеде ұйымдастырылуы ңажет. Ол үшін көрнекіліктің
барлың түрлері, техникалық құралдар,оқушыны ойландыру төсілдері,
оқушының барлық сезімін қатыстыратын жұмыстың түрлері сабақта қол-
данылуы қажет.
Қорыта айтқанда, қазақ тілінің берілу және оқылу әдістеме жүйесі пән
мұғалімі үшін бұл жұмысты толық меңгеру мәселесі алдыңғы қатарда тұру
керек, кейін жаңа бағдарлама бойынша берілген сағат саны мен
оқулықтардағы тілдік материалдарды сәйкестендіре отырып, өз тәжірибесіне
пайдаланып пәннің берілу жолдарын жүйелі тұрғыдан ұйымдастыруға
мүмкіндігі бар.
Қазақ тілін ұйымдастыру жолдары
Полная версия материала