Мақсаты: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.
Көрнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі»
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Балалар, біздің мектепте қандай апталық өтіп жатыр? Дұрыс айтасыңдар, сол тіл апталығына байланысты : «Тілім менің-тірлігім» атты сынып сағатын саяхат түрінде өткіземіз .Сынып сабағымыздың мақсаты: сендердің тіл туралы білімдеріңді жетілдіру, өз тіліңе, туған жеріңе құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру. ,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.
Кітап –сендердің тілдеріңді дамытуға өте жақсы құрал. «Тіл-қарым-қатынас құралы» -деп бекер айтпаған. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар.Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.
Тілім менің-тірлігім
Полная версия материала