Тақтада Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған өмір баян слайды.
Ортаға жүргізушілер шығады.
1 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті өнер сүйген қауым, ұстаздар, оқушылар! Бүгін балалар музыка мектебіндегі Дина Нүрпейісованың 160 жылдығы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылыдығына орай ұйымдастырылған «Күй керуен» атты сайысымызды бастаймыз!
2 жүргізуші: Добрый день уважаемые любители искусства, учителя, ученики! Сегодня в детской музыкальной школе мы начинаем конкурс «Күй керуен», посвященный 160-летию Дины Нурпеисовой, 30-летию Независимости Республики Казахстан!
1 Жүргізуші: Қазақтың қара домбырасының үні-күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т.б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десенші!