Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Оқушының қобызда ойнау шеберлігін дамыту

Оқушының қобызда ойнау шеберлігін дамыту

ya_socials
Опубликовано:
Автор: balkenzhe010 080

 Шыңғырлау ауданының  білім беру бөлімі
«Оқушының қобызда ойнау шеберлігін дамыту»
Шыңғырлау, 2020 жыл
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің эксперттік кеңесінің отырысында қаралып, аудан көлемінде таратуға мақұлданды.
Хаттама №                   жыл.
Құрастырған: Г.З. Сисенова,Шыңғырлау ауданының «Балалар саз» мектебінің  І санатты қобыз класының оқытушысы.
    Сарапшылыр:                                       
ЖумагазиеваГ.Г., Шыңғырлау ауданының «Балалар саз» мектебінің  меңгерушісі.
Бертлеуова Э.Б.,Шыңғырлау ауданының «Балалар саз» мектебінің  қобыз класының оқытушысы. 
Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, баланың көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттілігі мен ұғындырылады.
Жинақ педагогтің көп жылдық іс-тәжірибесінен құралған. Балалар саз мектебінің қобыз пәні оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылады.
Еңбекте қобыз аспабында орындау өнерінің шығу тарихы, оны үйренудегі қыр-сыры мен кездесетін қиыншылықтары, көркем және сазды әуенінің сарыны, үнінің шығуы, ойнау шеберлігін меңгеру тұрғысынан дамыту міндеті қойылған.
Мазмұны

  1. Кіріспе ………..............................................................7
  2. Қобыз аспабының шығу тарихы . Қобыз түрлері. Прима қобыз...............................................................13
  3. Қобыз сабағында мұғалім мен оқушының байланысы. Қобыз үйренудің алғашқы

шарттары....................................................................14

  1. Қобыз тартуды үйрету әдістері. ...............................23
  2. Қобызды уйренудің негізгі баспалдағы. .................43
  3. Жұмыс жоспары

1-сынып ......................................................................49
2-сынып ......... ............................................................50
3-сынып.......................................................................51
4-сынып.......................................................................52
5-сынып.......................................................................53

  1. Қорытынды.................................................................54
  2. Пайдаланылған әдебиеттер .......... ...........................55

Кіріспе
Музыка – ерекше өнер түрі. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау, тереңдеу тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Ұлттық өнеріміздің шығу тарихы және даму кезеңдері Қорқыт ата бабамыздың есімімен тығыз байланысты. Қобыздың бойында он жеті ғаламның үні бар деп тегін айтпаған. Қобыз үні адамның жан–дүниесін басқа таза әлеммен байланыстырады. Рухани, таза сезімдерді адам жанына ұялатып, адалдық пен шындыққа баулиды.  Қобыз  –қиын–қыстау, тар жолда Қорқыттың талдырмас қорегі, ақыл–ойын өрбіткен, арып –шаршағанда шабыт берген, сергіткен өмір серігі. Сөз жоқ, бұл – музыкалық мәдениет тарихындағы құдіретті құбылыс. 
Жалпы қобыз аспабы үш ішекке ауысқаннан соң кәсіби жолға түсті, келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты. Өнер өрістеуі, тындаушылардың талғампаздық талабы, жаңаша қалыптасып келе жатқан педагогика жүйесі, репертуарлық сұраныс, қобызды әлде де жетілдіре түсу міндетін жүктеді. Бұл аспап шын мәнінде прима емес еді. Өйткені, оның құрылысы, бұрауы, диапазоны альтке жақын болатын. Толық альт болу үщін оған кіші октаваның «до» ішегі ғана жетіспей тұрды. Сондықтан нағыз приманың регистрінде жазылған шығармаларды орындау өте қиынға соқты. Бұл жағдайлар үш ішекті прима–қобыздың музыкалық аспап ретіндегі құндылығы төмен екендігін көрсетті. 
Шеберлігі жоғары қобызшылар даярлауға, музыкалық аспаптарды жетілдіруге қосқан үлесі өте зор. Осылайша қобызға 4 ішек тағылды. Енді техникалық жағынан еркіндік туып, дыбыс ауқымы кеңейіп, кішігірім шығармалар ғана емес, үлкен классикалық туындыларды орындауға мүмкіншілік туды. Бірақ дәстүрлі көбемен орындау әдісі сақталды, әлі гриф болмағандықтан қобыздың техникалық мүмкіншілігін скрипкамен бірдей деуге болмайды. 
Халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының ішінде қобыз – құрылысы, ойналу тәсілі күрделі, қоңыр сазды тылсым үні адамның жан дүниесіне табиғи әсер қалдыратын ерекше аспап. 
Көне дәуірлерден, Қорқыт күйлерінен басталып, соңғы ғасырлардағы Ықылас шығармаларына дейін жалғасып, бізге жеткен қобыз сарыны – халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру – бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін  парыз десек,оны оқытып, үйрету –  білікті ұстаз–мамандардың міндеті. Кезінде қобыз тарту өнерінің мектебі қалыптасып, бұл дәстүр кәсіпқойлық өнер деңгейіне көтерілген еді. 
Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс–әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз.  Қабілет дегеніміз – білгілі бір немесе бірнеше істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттері, ал дарындылық дегеніміз – қабілеттердің өте жоғары деңгейі. «Бұлақ көрсең көзін аш», – дегендей, өнерлі өрендеріміздің өнегелі болуына үлес қосу  –  ұстаздық борышымыз.
Хрестоматияға қазақтың халық әндерінен бастап, халық композиторларының ән-күйлері, кейінгі Қазақстан композиторларының ән-күйлері, кейінгі Қазақстан композиторларының туындылары, сондай-ақ басқа халықтардың бұрыннан қобызда ойналып жүрген шығармалары сұрыпталып, беріліп отыр. Мұндағы берілген шығармалардың реті оқушының сыныбына, орындаушылық деңгейіне, техникалық өсуіне қарай жеңіл шығармадан күрделі шығармаға қарай біртіндеп жүйеленіп берілді. 
Мақсаты:
Ø  Қобыз аспабында орындалатын репертуарлардың әр түрлі жанрларда көбейту, оны орындаған орындаушылардың техникасын арттыру, дыбыс шығару сапасын жетілдіру, шәкірттерін ізбасар етіп тәрбиелеп, әр уақытта қызықтыру.
Міндеттері:

  • Киелі аспап қобыз арқылы қазақ халқының тарихын,музыкалық мәдениетін, ұлттық музыкасын насихаттай отырып,ұлттық өнерді оқушылардың бойына сіңіру, музыкалық білімін жетілдіру;
  • Музыкалық қабілетін , іскер-дағдысын,дүниетанымын байыту;

Іс-тәжірибенің мақсаты
Арнаулы мамандық бойынша сабақ беретін мұғалім. Әр баланың өзіндік қасиетін әбден танып білуге, шығармашылық белсенділігін  дамытып, олардың дарын мүмкіндігін айқындай түсу үшін үшін қолайлы жағдай жасауға міндетті.
Баланың музыкалық орындаушылық тәсілін жетілдіре түсудің ең басты шарты-оң қол мен сол қолды еркін, әрі табиғи түрде дұрыс ұстауға қолдың қойылымын  үйрету иықтан бастаған жөн. Оқушы аспапта ойнау кезінде денесін тігірек ұстап, қолдың, иық, шынтақ, буын, білезік, саусақтарына дейін емін-еркін ұстап үйрету.
Баланың қабілетіне орай шығарма, этюдтар беру, гамма ойнату.Әрбір оқушыға дұрыс бағдар беріп, олардың дербес қабілеттерін ескеремін, түрлі жағдайжағдайларда немесе оларды қызықтырамын мәселелерде шешім табамын.
-Балаларды музыкалық –эстетикалық тәрбиелеу.
-Дарынды балалармен жұмыс жасау.
-Балалармен техникалық және музыкалық білімін дамыту.
-Алдына қойылған мақсатты орындау.
-Балаларды конкурстарға қатыстыру.
Әдістемелік амалдардың жүйелі қолданылуы, оқыту мақсатын орындалуы оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа тәуелді болуы себепті, әрбір оқушымен жекелей жүргізілетін мамандық сабағында оқытушыдан іскерлік талап етіледі.
Менің шәкірттерім қазіргі танда қобыз мамандыға бойынша білімдерін шындап ізімді жалғастыруда.
Қосымша білім берудің кәсіптік педагогының моделі
1.Қосымша білім беру педагогы Ең алдымен тиісті бейін бойынша музыкалық педагогикалық білімі болуы тиіс
2. Педагог бүкіл жұмыс кезеңінде жетілдіріліп, кәсіби түрде өсуі тиіс.Ол үшін педагог шебер музыканттардың мастер-класстарына қатысуы, орта және жоғары оқу орындарының доценттері, профессорлары ашық онлайн сабақтарына қатысуы тиіс. Тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуі  қажет.
3. Сондай-ақ педогог әдістемелік отырыстарға белсенді және  пассивті отырыстарға қатысуы тиіс. Өскелең ұрпақты оқыту процесін жақсарту бойынша өз іс-тәжірибемізді бөлісуге және әріптестермен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісуге тиіс,өйткені біз бірге ортақ іс жасаймыз-болашақ қоғамның лайықты мүшелерін тәрбиелейміз.
4. Педагог әр түрлі деңгейдегі байқауларға, фестивальдарға міндетті түрде қатысуы тиіс,сондықтан бұл іс-шаралар тек педагогке ғана емес, сонымен қатар білім алушыға да өзін көрсетуге мүмкіндік береді.
5. Педагог жан-жақты дамуы тиіс,өйткені музыка әдебиетпен, тарихпен өзара байланысты, сонымен қатар математика және тіл бойынша білімдері шындалып, дене дайындығы да маңызды болып есептеледі.
6.Педагогтың ең басты міндеті балаларға деген махаббатты -бұл өскелең ұрпақты оқытып-үйретуге жетелейді .Махаббатсыз  оқушыны оқуға қызықтыра алмайсыз.
7. Педагог мейірімді, сыпайы және ұқыпты болуы керек, өйткені өз оқушысына үлгі болуы керек. Баланы жақсы мәнерді тәрбиелеу-бұл педагогтың басты міндеті.
8. Мұғалім егер бала сабаққа дайын болмаса да оған деген деген қарым-қатынаста әрқашан мейірбан болуы керек.Ол үшін педагог оқушылармен әңгіме өткізіп, себептерін анықтап, одан кейін балаға қалыптасқан жағдайдан шығу жолын табуға көмектесу керек.
9.Оқытушы балаға өткен тақырыпқа сәйкес және жаңа тақырыппен байланыс сабақ өткізу тиіс. Оқушыға жаңа тақырыпты тани алмаса оған мейірбандық танытып оқу процесін шыдамдылықпен түсіндіру жұмысын жүргізу.
10.Оқытушы жаңа технологияны пайдалана отырып оқушыға жақсы бағамен көтермелеп, жұмысын көрсету қажет.
11.Оқытушы оқушыларымен ашық сабақ, концерттік бағдарламалар өткізу. Оқытушы балалармен бірге сахнаға шығып жүру мәдениетін қалыптастырып белсенділік таныту.
12.Оқытушы ата-аналармен жақсы қарым-қатынасы болу керек.Сол кезде баламенде тіл табысып оқу процесі жақсы жетістіктерге жетелейді
13.Оқытушы дарынды баланы оқыту үшін үлкен деңгейге көтеру мақсатында өз уақытын аямау қажет.
14. Оқытушы балаға өз деңгейіне сәйкес келетін репертуар беру қажет.Баланың қығушылығын ояту мақсатында әртүрлі репертуар беру қажет.
Қобыз түрлері.  Прима қобыз
Прима – қобыз – төрт сым ішек тағылатын, көлемі жағынан қобыздар тобындағы ең көне аспап. Ноталары скрипка кілтінде жазылып, еш өзгеріссіз сол қалпында ойналады. Квинта арқылы құлақ күйі келтіріледі. Дыбыс көлемі кіші октаваның соль дыбысынана дейінгі аралықта болады. 
  Прима – қобыз үнге бай, техникалық мүмкіндігі мол, оркестірдің бетке ұстар аспабы болып саналады. Оған көбінесе негізгі әуенді жүргізу жүктеледі. Штрихтын түр – түрін қолдану арқылы оның әр түрлі дыбыс бояуын пайдаланумен қатар түрлі регистрдегі фигуралар мен пассаждарды ойнауға болады. 
Сонымен бірге прима – қобызда әр түрлі мелизмдер – трельдер мен дыбыстық әшекейлерді ойнау жылдам екпінде музакының өзінде де көп қиындықтар тудырмайды. Гамма ойнау аспап үйренуде үлкен маңызы бар жаттығу жұмысына жатады. Гамманы асықпай, жай ойнап, дыбыстың әдемілілігін, тазалығына, бір дыбыстан екінші дыбысқа, бір позициядан екінші позицияға көшкенде дыбысты ойнаған сайын таза алу жағына көп көңіл бөлген жөн.Гамманы біраз ойнап меңгергеннен кейін, оны түрлі штрихтармен, әр түрлі екпінде ойнап, оң қол мен сол қолдың қимыл үйлесімін, саусақ жылдамдығын машықтандыра беру керек.  
Қобыз адамның нәзік сезімін, қуаныш – қайғысын, ой – қиялын музыка тілімен өте дәл, әдемі суреттейтін үнге аса бай, аса құнды аспап.
Ойнауы қиын, қолына алған адамның еркіне тез көне қоймайтын күрделі аспап.
Қобыз ішегі саусақтын сыртымен яғни тырнақтың көбесімен басылады.Ішекті теріс басып, тырнақпен ойнайтын тәсіл қазіргі заманда ешбір музыка аспабында жоқ, бұл қобыздың өзіне ғана тән ерекшелік. Сондықтан да бұл аспапты игеру музыкалық қабілеті күшті, үлкен дарын иелерінің ғана қолынан келеді. 
Қобыз сабағында мұғалім мен оқушының байланысы.
Қобыз үйренудің алғашқы шарттары.
Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Жүргізілген сан қилы тәжібибелердің нәтижесі – сол және оң қолды біршама уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі қарашдашпен, кейін қыл ысқышпен жаттықтырылады. Музыкалық қабілетіне қарамай-ақ оқушыға да алғашқы табиғи қалпын сақтай отырып, еркін ойнау үшін қолын дұрыс қоя білуді үйретуге болады. Істің мәнісі алғашқы үйрету әдісінде. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине, жақсы нәтиже берері сөзсіз.
Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды үйретеді, бірте-бірте дағыландырады. 
Қызығушылығын арттыру
Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің алғашқы кезеңі негізінен алғанда, шәкірт үшін қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласындағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде екі шәкіртті үйрету де жақсы нәтиже береді. Бір шәкіртке қандай да бір жаңа тәсілді көрсете отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін қоя тыңдауды тапсырады. Кезектесіп көрсетіп қайтатауды, ойнап беруді талап етеді. Осылайша екеуінің арасында шығармашылық сайыс көрініс табады. Екеуі де бірін-бірі қамшылай отырып, тапсырманы тез де жеке жеке меңгеруге құлшынады. Ұстаз өзінің қатысуымен біріне екіншісінің қобызды дұрыс не бұрыс ұстағанын тексеруді, ал байқалған оқулықты түзетуге тапсырады. Келесі сабақта олар өздерінің міндеттерін ауыстырады. 
Ұстазды оқушымен алғаш кездесуі және оның мәні
Ұстаз бірінші кездесуге мұқият дайындалады. Өйткені, оқушы үшін елеулі оқиға. Шәкірт музыка мектебіне алғашқы сабаққа келгенде қызықты да ғажайып құбылыспен жүздесетіндей жұмбақ көңілімен табалдырықты аттайды.
Біріші сабақтың әсері баланың жанында ұмытылмастай терең із қалдырады, тағылымы есте берік сақталады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау мүмкіндігіне қарай баланың ойында өзінің ұстазына және оның алғашқы сабағына деген оң немесе теріс пікірі қалуы сөзсіз. Сондықтан ұстаз алғашқы кездесуде балаға жақсы әсер қалдыруға ұмтылады. Ол шәкірттің тек қана игі әсер алуыңа, сыныпта оның өзін еркін ұстауына, сабақта белсенді де ынталы отыруына, берілген музыкалық тақырыпты жете игреуіне көмектесуге міндетті. Балалар жаңа жағдайда бір-біріне тез үйренеді. Бір мезгілде сабақты екі-үш рет оқушымен жүргізуге болады, музыка әуенімен салтанатты жүру, музыкалық ойын, музыка әуенімен салтанатты жүру,музыкалық ойын, музыка суйемелдеуімен ән салу, сонан соң әр баланың ол әуенді күйсандықта теруі. Сол сияқты, есту қабілетін дамыту және нота бойынша сауаттандыру-жетілдіру жағы да ұмыт қалмайды. Ұстаз өзі қобызда ойнап балаға көрсетпесе, тіпті жақсы болар еді. белгілі бір тұтас түсініктер құрылады., қабылданатын музыка туралы алдын–ала ойлау туралы ұғымдар, қияли–елестер пайда болады. Ендігі жерде оның шығарманы қабылдауға эмоциялық дайындығы артады. Аспаптық өнерді үйретуші ұстаз ең алдымен аспапты күтіп–баптауын үйрету керек. 
Қобызда ойнау үшін орындаушы бүкіл денесін емін–еркін бос ұстауы және есту қабілеттілігі мен зейінін топтастыруы қажет. Денені тырыстырып отыру ойынға кері әсер етеді. Ойнаушының дұрыс отырысы шеберліктің негізі болып табылады. Орындықта отыруы мығым және табиғи болуы керек. Орындықтың шетіне отырып, арқаны тік ұстау керек. Бүгінде қобыз астыңғы бөлігіне бекітілген қысқышты және қысқышсыз болады. Қысқышы бар аспапта ойнағанда оң және сол аяқтар шамамен бір дәрежеде болады. Қысқышсыз қобызда ойнағанда, көп жылдық тәжірибе байқатқандай сол аяқ аздап алға шығыңқы болса, ойнаған өте қолайлы. Қысқышты және қысқышсыз қобыздың айырмашылығы неде? Қысқышы бар қобызды оқушы екі тізенің арасына тік қойып, көп күш салмаса да қобыз орнықты тұрады, өйткені қысқыш сырғымайтын нәрседен жасалған. Ал қысқышсыз қобызда оқушы еріксіз, аяқ бұлшық еттерін қобыз орнықты болу үшін қатайтады, себебі қобыздың шанағының сырты тайғақ болып келгендіктен оқушы ынғайсыздықты немесе тұрақсыздықты сезінеді. 
Қобызшы орындыққа отырғанда орындықтың алдыңғы шетіне жақын, жотасын орындық арқалығына тіремей, денесін алға қарай қобыз ұстауға икемдеп отырады. Белін түзу, денесін емін–еркін бостау ұстайды. Қобыз шанағын екі тізесінің арасына,  аз ғана солдан оңға қарай қисайтыңқырап, ысқыш тартатын оң қолының емін–еркін қозғалуына ыңғайлы етіп отырады. 
Қобыз шанағын орнықтылық үшін екі тізе арасына қойып, қысып ұстайды. Бірақ шанақ өте кіші болғандықтан оны тіземен қысып отырып ойнау қолайсыз. Міне сондықтан да шанақтың түбіне арнайы қысқыш орнату қажет. Шанақ түбіне қысқыш орнатылғаннан кейін қобызшы емін–еркін отырып, аспапты көсілте ойнауына мүмкіндік туады. Қобыздың басы иектің сол жақ астына тіреледі, сөйтіп аспап тамақ пен тізе арасына орнықты, жылжып қозғалмайтын болып орналасуы қажет. 
Қобыздың тірегі орнықсыз болып,ойнаған кезде қалай болса солай қимылдап тұрса онда, әрине, аспапта ойнап үйрену қиынға түсері сөзсіз. Міне, сондықтан қобыз баланың бойына, қолының ұзын–қысқалығына лайықталып берілуі керек. Жас баланы өз бойына лайықсыз аспапта ойнап үйретуге болмайды. 
Ал, орындығы қобызшының аяғы жерге толық тиіп тұратындай болуы керек. Ондай орындық болмаса, аяқ астына аласа орындық немесе тиянақтап тақтай қойып отырғызу керек.
Сабақтағы қарым – қатынас
Саз педагогикасы мынандай мақсаттарды көздейді: 
1 хабар беру,
2 қарым – қатынас арқылы тұлғаны тану, 
3 Шығармашылық кәсіби қатынасты ұйымдастыру 
Сабақ жүргізуде мотивациялық – мазмұндық, мән – мағыналық және кәсіби саздық - әдістемелік амалдарын жүзеге асуы – басты талаптардың бірі болып табылады. 
Қобыз аспап мамандығы бойынша арнайы класының негізгі мақсаттары:
1 Концерттік орындаушы
2  Оркестір әртісін даярлау . Сондай – ақ, машықтану тәжірибесіне баулу, нотаны бірден жүргізіп ойнауға, орындаушылықтың практикалық және теориялық салаларын игеруге жәрдем беру оқытушының еншісінде. Бұндай мәселелерді қамтуда тек қана арнайы арнайы саздық білімнің толықтығы, әдістемелік дағдыларды игеру жеткіліксіз. Тәжірибенің маңызы зор болғанымен, оқытушыға одан басқа да жауапты міндеттер жүктеледі. Соның ішінде оқушыны саз әуенімен баурап алу, орындалатын шығарманы ықыласпен тыңдатып, оны орындатқызу т.б өнер ілімдік қарым – қатынасқа талпындырып ынталандыру. Оқушының өз бетінше білімін жетілдіруіне жәрдем беру амалдары ұдайы қарастырылуы шарт. 
Жалпы «Оқытушы – оқушы» арақатынасында саз өнері дәнекер болуы себепті саз шығармасын талдау кезінде екі жақты тұлғалық байланыс, диалог туындайтыны белгілі.
Соған орай оқытушы іздену жұмыстарымен айналысып қана қоймай, эмоциялық – эстетикалық рухани қарым – қатынасты реттей білуі қажет.  Яғни, өз қызметінде компетентті болу өте маңызды. 
Оқытушыға қойылатын басты талаптар:
1.- Оқыту ,білім беру процесін жобалау
2. – Сабақтың құрылу жүйесін қадағалау 
3. - Өзінің ұйымдастырушылық, іздену қызметіне талдау жасау 
4. – Оқушылардың үлгерімдік деңгейін қорытындылау 
5. – Оқыту – репертуарлық бағдарламасын құрастыру. 
6. – Методологиялық зерттеме, әдістемелік негіздерге көңіл бөлу. 
7. Оқушымен рухани – шығармашылық деңгейде қарым – қатынас жасай білу.
8. – Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге баулу. 
Пәннің оқу процесіндегі маңызды ролі оқытушыға, яғни, ұстазға байланысты болып келеді. Өйткені, оқытушының өзіндік стилі, эстетикалық–дүниетанымдық ұстанымы мен талғамы, оқыту әдістері мен заңдылықтары және басқа салалардан хабары жоғары, аспапты үйретуде кездесетін оқушының сұрағына толық жауап бере алатындай білімді де сауатты болуы шарт. Сондай–ақ, оның міндетіне оқушының орындаушылық ізденісін, шығармашылық талғамын қалыптастыра отырып, тәжірибе жинақтауға бағыт–бағдар беру; ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан дәстүрді, қазіргі заманғы өнер үрдісімен сабақтастыра отырып мамандықтың түрлі салалары; оқытушы, ансамбль және оркестр мүшесі, музыкалық шеберлігі мен деңгейі биік жеке орындаушы қобызшылар дайындау; ол үшін оқушының музыкалық қабілетін, орындаушылық деңгейін, өз бетімен жұмыс істеуге баулу жатады.  «Мамандық» пәні «Ансамбль», «Оркестрлік класс» және теориялық циклынан «Сольфеджто», «Музыка әдебиеті» пәндерімен де тығыз байланысты. 
             
Пәнді оқыту барысындағы оқытушының негізгі міндеттері: 

  • жаңа пьесалармен танысып, оқып орындау; 
  • өткен шығармаларды қайталау; 
  • жаңа шығармаларды өз бетімен шығару; 
  • гамма, жаттығу, этюдтермен жұмыстану, яғни оқу–жәрдемелік материалдармен жұмыстану;
  • қазақтың халық аспаптарының шығу тарихымен таныстыру; 
  • қазақ халық аспаптары оркестрінің дүниеге келуімен, әр кезеңдегі жетілдіріп отыру тәжірибесімен таныстыру; 
  • қазақтың халық аспаптарында орындаудың жеке және ансамбльдік дамуының тарихи кезеңдері; 
  • танымал аса көрнекті орындаушы–музыканттардың орындаушылық стилі мен қағидаларын меңгеру. 

«Мамандық» пәнін өткен оқушы төмендегідей талаптарды білуі шарт:

  • қобыз аспабында ойнаудың алғашқы және негізгі міндеті – аппликатура мен штрихпен жұмыс жасау шеберліктерін білу; 
  • дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгеру; 
  • шағын және ірі көлемді шығармалармен жұмыс жасай білу; 
  • өз бетімен жұмыс жасай ала білу; 
  • ансамбль, оркестрде орындаушы ретінде жұмыс жасай білу ерекшеліктерін меңгеру; 
  • дәстүрлі орындау өнерінің шығу тарихы мен даму кезеңін меңгере білу; 
  • танымал аса көрнекті орындаушы–музыканттардың орындаушылық стилі мен қағидаларын меңгере отырып оны талдай білу, солардың үлгілерімен жұмыс істей білу; 
  • қобыз репертуарларының кезеңімен таныс болу. 

Қобыз тартуды үйрету әдістері
Музыка мектептерінің қобыз сыныбына оқушылар қабылдауда ең алдымен қойылатын талап – баланың дарынын, музыкаға деген ынтасын, есту қабілетін бұрын тыңдап көрмеген жаңа әуенді есте сақтап, дәл жеткізіп қайталап беру, оның ырғағын сезіне білу мүмкіндіктерін жете тексеру. Баланың дене құрлысына , әсіресе саусақтарымен қол буындарының қимылдау ерекшеліктеріне де назар аудару қажет. Арнаулы мамандық (қобыз) бойынша сабақ беретін оқытушы ұстаз алғашқы сабақтарда әр оқушының мінез-құлық ерекшеліктерін бақылап, олардың ынтасын, белсенділігін арттырып, ой-қиялын ұштап отыруы тиіс. Ол үшін өнерге байланысты әр түрлі тақырыпта, әсіресе қазақтың ұлттық музыка өнері жайында тартымды мағлұматтар беріп, таныстырған жөн. Халық музыка аспаптар жөнінде кеңірек тоқталып, олардың сыртқы құрлысы, дыбыс ерекшеліктері мен тартып, ойнау тәсілдерін де көрсетуге болады. 
Қобыз сабағының алғашқы кезеңдер аспаппан таныстыру, оның құрлысын жете түсіндіріп, денені тік ұстап орындықта дұрыс отырудан басталады. Оқушы ең алғаш қобызды алып отырғанда, орындықтың ортаңғы бөлігінен алға таман жайғасып, сол аяғын сәл ілгері қойып аспаптың шанағын екі тізенің ортасына қысып ұстап, жоғарғы бөлігі (мойны) баланың иығы мен мойнының орта тұсына сүйеп қойылады. 
Қобыз арша, үйеңкі, қарағай, шырша ағаштарынан тұтас ойылып жасалса, оның дыбысы қоңыр сазды келеді. 
Қобыздың құрлысы қарапайым. Аспаптың мойны имектеліп келіп, кеудемен жалғасады. Кеуденің шанағы шұңғыл болып дөңгеленіп, төменгі жағы сүйірлене бітеді. Осы төменгі бөлігінің беті түйенің көң терісімен қапталады. Шанақтың тиегі болады. Мойнының жоғарғы жағында ішектерді қатайтып не босатып бұрайтын (құлақ күйін келтіретір) құлақтары орналасқан.
Қазіргі жаңартылған төрт ішекті прима қобыздың бұрауы(құлақ күйі) квинта тонына түсірілген. «Сол» - кіші октавада, «ре» , «ля»-бірінші октавада, «ми» екінші октавада.
Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау тәсілі
Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Кейінгі жылдары халық аспаптар оркестрі құрылған кезде қобызшылар бұл тәсілді өзгертіп, виолончель мен скрипканың смычок ұстау тәсіліне көшті. Оң қолмен ысқышты дұрыс ұстап үйрену үшін бірқатар жаттығуларды алдын–ала жасау керек. Мысалы, қарындашты ысқыш орнына ұстап үйрену. Ысқышты он қолдың барлық саусақтарымен бос ұстау керек. Басбармақ жартылай бүгіліп, тырнақ ұшымен таяқшадағы тұтқаны аздап тиіп тұрады. Ысқыштың тұтқа жағында ойнаған кезде басбармақ сәл бүгіліп тұрады, ал ысқыштың ортадан ұшына дейінгі қозғалысына қарай ол жүргізіледі. Басбармақты қатайтып ұстауға болмайды, себебі аспапта ойнағандықтан оқушының қолы шыршағыш болады. Сондай–ақ басбармақтың үнемі бүгіліп тұрғандығынан басқа саусақтар да қатайып, тырысып қалады. Саусақтардың еркін болуы штрихтарды орындағанда және ысқышты ауыстырғанда жеңіл көмекші қозғалыстарды жүзеге асыру үшін өте маңызды. Бұндай еркіндікке қол жеткізу үшін, яғни басбармақ басқа да таяқшадағы саусақтардың жиынтығында өте қозғалмалы болуы ысқыштың кез–келген бөлігінде емін–еркін жылжуына байланысты. Егер басбармақты белгілі бір қалыбында ұстап қалса, онда барлық саусақтар өз қимыл–қозғалысында шектеліп қалады. Демек, басбармақ басқа да саусақтардың ысқыштағы емін–еркін қозғалысына өзінің әсерін тигізеді. Осындан келіп, басбармақтың икемді және жұмсақ болып, таяқшаны қатты қыспауы қажет екенін білуге болады.  
Ышқышты ұстай білу, оны ішекте жүргізу арқылы дыбыс шығару, оң қол мен сол қолдың дұрыс қойылуын үйрету бірте-бірте жүзеге асатын күрделі жұмыс. Оқушының қобыз тартып уйрену кезінде денені босатып, иық пен шынақтарын дұрыс ұстап, қол буындарын жұмсақ иілтіп, ішек үстінде еркін әрі батыл жүргізуін мұғалім үнемі қадағалап, түзетіп отыру қажет.
Ысқышты оқушыға дұрыс ұстап жүргізу тәсілдерін үйрету үшін, алдымен оқушыға оның жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктері болып үшке бөлінетіні жайлы айтып түсіндіру керек. Ысқыштың үстіңгі жағы сәл иіліп келген ағаш таяқша,оның астыңғы жағында жарыса,жылқының біркелкі құйрық қылы керіледі.Таяқшаға бекітілген қылды тиісінше қатайтып не босаңсытып ұстап тұратын бұрандалы тетігі(қалып) болады.
Оң қолдың дұрыс қойылуын үйретуде бірінші,екінші,үшінші,төртінші саусақтардың буындарының икемділігін қалыптастыру үшін төрт саусақты төмен иілтіп,жоғары көтеріп,ысқышсыз жаттығу жасау керек. Сол қолдың алақанына қарандашты қойып,оны оң қолымен көтеріп алып көрсету арқылы да ысқышты ұстау тәсілін оңай үйретуге болады.
Ысқышты ұстағанда оң қолдың алақаны төмен қаратылып,ортаңғы саусақ бас бармаққа қарама-қарсы келіп,ысқыштың сабын (қалыбын) қысып тұрады. Қалыптың ағашы сұқ саусақтың бірінші буынында орналасады да, ортаңғы саусақтан кейінгі үшінші саусақ оған көмекші қызмет атқарады.Төртінші-ең кіші саусақ қалыптың үстінде дөңгелене иіліп ысқышты төмен басып,оны ішектің үстінде түзу жүргізуге септігін тигізіп тұрады.
Ысқышты ішекте жүргізу тәсілдері
Ысқышты қобыздың тиегінен екі елідей жоғары тұсында ішекке көлденең ұстап, қалыптың жанынан бастап, төменгі,жоғары бөліктерін айтып ескерте отырып,қол буындарының қимылымен (дыбыстың бір қалыпты әрі анық шығуын қадағалай отырып ) батыл жүргізу керек. Ысқышпен дыбыс шығаруды ортаңғы «ре», «ля» ішектерінен бастап алу ыңғайлы . Ал төмеңгі «соль» ішегінде ысқышты тиек деңгейінен төмен түсірмей, шынтақ пен білек буындарын иілте, оң жаққа қарай түзу жүргізіп отыруды ескерту қажет. Демек, ішек тиек үстінде бірі жоғары, бірі төмен орналасуына байланысты ысқышты жүргізу бағыттары әр түрлі болмақ. Ысқышты ішектің үстіне дұрыс қойып, оң қолмен салмақ түсіре жүргізіп, таза дыбыс шығара ойнауды бірден үйрену оңайлыққа түспейді. Ол үшін әр түлі ішектерде бірнеше қайтара тиісті жаттығулар жасап дағдылану керек.
Үйренуші алдымен дыбыс шығаруда жай екпінде (темп) ысқышпен ашық ішектерде жүргізуден бастау керек. Бірте-бірте ойын бір салаға келтіріп, нота ұзақтықтарын есеппен санап ойнауға машықтансын. 
П – белгісі ысқышты төменнен жоғары қарай (оңға) ойнау бағытын көрсетеді. 
V – белгісі ысқыштың жоғарыдан төмен (солға) ойнау бағытын көрсетеді.
Сол қол саусақтарының дұрыс қойылуын үйрету.
Сол қол саусақтарының қимылы қобыз аспабының өзіндік ерекшелігіне қарай лайықталып қалыптасуы керек. Ішекті басуға саусақтарды жаттықтыру үшін, қолдың бас буынын білекпен бірдей, түзу қойып, иықтарды көтере, екі қолдың шынтақтарын екі жаққа жая, қолтықтырын аша денеден алшақ ұстап, орындыққа нық отыруға дағдыландыру керек. Бас бармақ қобыз мойнының сырт жағында еркін жылжып, үшінші саусаққа қарама-қарсы орналасады, ал қалған төрт саусақ бармаққа қарама-қарсы, ішектің үстінде тұрады. Ал ойнау кезінде саусақтардың тырнақ көбесімен ішектің жанынан басып отыру арқылы дыбыс шығару керек. Сол қол буынын қатайтпай бос ұстаған жөн.
Дыбыстың таза шығуына оқушының зейінің аудара отырып, саусақтарды ретімен, дұрыс қимыл жасауға дағдыландыру үшін мынадай әр түрлі әзірлік жаттығу жасатылады:
Бірінші, екінші, үшінші, төрттінші саусақтармен, біртіндеп алма-кезек басып шығаруға жаттықтыру. Ол үшін баспалдақтан төмен түскен тәрізді (1,2,3,4) саусақтарды рет-ретімен басуды талап ету керек. Бұл жағдайда саусақтардың қойылу реті мынадай болады:
0 – ашық ішек;
1 – бірінші саусақ;
2 – екінші саусақ;
3 – үшінші саусақ;
4 – төртінші саусақ.
Ойналып отырған ноталардың арақашықтығына, тональдік жағына оқушының есту қабілеті мен зейінін бағыттай отырып, саусақтарды дәл басуға, сөйтіп дыбыстарды таза шығаруға дағдыландыру қажет.
Қобыз тарудың үстінде екі түрлі жағдайды ескеру қажет; бірі – орындалатын шығарманың, не әуеннің көркемдік сапасы, екіншісі – техникалық өрістері.
Музыка мектептерінің оқу бағдарламасына сәйкес, алғашқы оқу жылында әр оқушы бірнеше жаттығу, гамманың мажорлық, минорлық, хроматикалық түрлерін, ішектен-ішекке, позициядан-позицияға көшуді, жеңіл этюдтарды, аспапқа арналған шағын шығармалармен бірнеше халық әндерімен күйлерін меңгеруі қажет. Менің бұл ұсынып отырған көмекші құрал ретіндегі кітабымда осы талаптарға сай орындалатын шығармалардың ойналу тәртібі мен оған көркемдік, техникалық талдау жасалады.
  Ортаңғы саусақ басбармаққа қарсы екінші және үшінші фалангалар арасында таяқшаның сырт жағында жатуы керек; үшінші саусақ ысқыштың таяқшасында тырнақ тұсында жатады; сұқ саусақ таяқшада екінші және бірінші фалангалар арасында жатады. Сұқ саусақтың міндеті ішектегі ысқыш басылуының дәрежесін реттеу болып табылады. 
  Ысқыштың төменгі бөлігінде ойнаған кезде шынашақ дөңгеленіп келіп тырнақ тұсымен таяқшаның ұшына тиіп тұрады, демек ысқыштың салмағын бір қалыпта ұстайды, ал ысқыштың жоғарғы бөлігінде шынашақ түзуленеді. 
  Оң қолмен ысқышты жүргізгенде көбінесе иықты және иық сүйектерін көтеру қиындау болады. Бұл әсіресе ысқыш соңында ойнағанда байқаоады, бұған жол бермес үшін ысқышты дәл көлденең, қолдың табиғи қозғалысымен жүргізу керек. Тұтқа жағында ойнаған кезде иық және иық сүйектері толық түсіріліп және босатылуы қажет. 
  Дұрыс және жақсы дыбыс шығару сыры оң қолдың барлық буындарының бір–бірімен дұрыс байланысты қимылдауында жатыр. 
  Ішекті ысқыштың түбінен бастап тартқанда, оң қол кейін кетеді де, ал ысқыш орта шенінен әрі кеткенде шынашақты жазып жібереді, ысқыш керісінше жоғары жүргізілгенде, осы қимыл кері қайталанады.
  Ысқыш арылы–берілі жүргізілгенде саусақ пен буындары өте жұмсақ, жеңіл қимылдап, ысқышты қисайтпауы керек. Ысқышты дұрыс ұстағанда ғана аспаптан толыққанды, таза дыбыстар шығаруға болады. 
  Ысқыштың ұзына бойының барлық тұсымен бір дыбыс шығару үшін мынаны ескерген жөн: ішекті ысқыштың түбімен тартқанда қолды көтеріңкіреп оның салмағын жеңілдетеді, ұшымен ойнағанда ысқыштың таяғын сұқ саусақпен аздап басу қажет. Ішекке ысқыштың  қылы толық тимейтіндей етіп, таяқты қобыздың мойнына қарай аз ғана қисайтып ұстайды. Аспаптан әдемі таза дыбыс шығара білу орындаушыға керекті музыкалық шығарманы әсем де көркем ойнаудың негізгі шарттарының бірі. 
  Музыкалық шығарманы мәнерлі орындау үшін ең жоғары сапалы дыбыс шығаруды меңгеруі керек, ол музыканың мәнерлік негізі болып табылады. Көркемдік сапалы, толыққанды дыбыс деп – таза, еш шуылсыз, жұмсақ, толық, сазды, түр–түске бай дыбысты айтады. Мөлдір, таза сазды дыбыс шығару үшін ысқышты тиекке қатар (параллельно), ішектің бір нүктесінде ғана жүргізіп ойнау қажет. 
  Әдемі дыбыс алу өнері музыканттың көп жылдық еңбегі арқасында қалыптасады және музыкалық есту қабілетінің, шеберлік ширақтығының, аспаптан дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгерудің, сондай–ақ оқушының аспапқа икемделе білу қасиеті – сапалы дыбыс шығару үшін талап етіледі. 
  Сол қол саусақтарын ішек басуға жаттықтыру, қобыз ойнауды үйренудегі басты, күрделі жұмыстардың бірі. Өйткені барлық позицияда сол қол саусақтарының ішек басуға икемді, оңтайлы болуы, позициядан позицияға жұмсақ жеңіл көшуі болащақта аспапты жақсы меңгерудің бірден–бір жолы. Әр аспаптың табиғатына байланысты сол қол саусақтарымен дыбыс шығару тәсілі қалыптасады. Ол аспаптың үлкендігіне, ішектің санына, аспаптың бұрауына, дыбыс шығару әдісіне байланысты болады. Қобызда ойнағанда сол қол саусақтарын ішекке жеңіл қоя салмай салмақпен, жігермен басу қажет. Жаттығулар ойнағанда саусақты өте жоғары көтеріп алмай және саусақпен ішекті соқпай ойнау керек. Қобызда ойнай бастағанда бас бармақты күш салып қобыздың мойнына жабыстырып алу дұрыс емес. Бас бармақтың әр уақытта емін–еркін қозғалуы қобызда шебер ойнау мүмкіндігін арттырады. Ішекті басып дыбыс шығаруда буынмен және сол қолдың барлық салмағымен белгілі дәрежеде күш жұмсалады. Бұл жағдайда еске сақтайтын негізгі міндет ішектің аспапқа керілгендегі қаттылығын, одан шығатын дыбыстың мөлшерін дұрыс сезініп, соған лайықтап салмақ түсіріп, күш жұмсалуы қерек. Қысқаша айтқанда, қобызда ойнағанда сол қолдың негізгі екі міндеті бар: бірінші, таза дыбыс шығару, екінші, тербеу арқылы жоғарғы сапалы, әндеткен, әсем, жұмсақ құлаққа жағымды дыбыс шығару.
  Динамика (гр:dinamikos — күшейту) – дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.(плакатпен жұмыс жасау)

          Айтылуы    жазылуы             мағынасы
Форте        F Қатты,күшті
Пиано        p Ақырын,жәй
Меццо-форте       mf Орташа күшпен
Меццо-пиано       mp Ақырын
Фортиссимо       ff Өте күшті,қатты
Пианиссимо       pp Өте ақырын,жәй
Крещендо Бірте-бірте күшейте
Деминуэндо Бірте-бірте жайлата

                         
            Интонация – музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап–ақ оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені ол аспапта ойнаудың басты шарты болып табылады. 
            Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты: 
            Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін ішкі музыкалық–тыңдаушылық түйсікпен түсіну; 
            Интонация тазалығын тыңдай отыра қадағалау (тыңдап, өз ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру); 
            Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын дағдылары мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау. 
            Музыкалық – тыңдау дағдылары ән айту – сольфеджиолау нәтижесінде дамиды. Сондықтан алғашқы пәндерде–ақ аспапта қарапайым мелодиялық тізбекті интонациялауды сольфеджиомен кезектестіріп отыру қажет. Нәтижесінде тыңдаушылық бақылау қабілеті дамиды және оқушы ән дыбысы мен қобызда орындалған дыбыс интонациясын салыстыруға мүмкіндік алады. 
            Оқушыны дыбысты тыңдауға үйрету өте қажет, өйткені дыбысты сезінуді бірден үйрене алмайды, ол біртіндеп, күнделікті дайындық нәтижесінде қалыптасады. Оқушының жеткілікті дамымаған музыкалық тыңдау қабілеті, оның таза интонация мен қанағаттандырарлық дыбыс алуда назарын екі есе бөлуге әкеледі, ал ол оқушы үшін қиынға түсуі мүмкін. Қол қозғалысының үйлесімділігін, оларды қалай қою керектігін, сол қол және саусақ қозғалысының түрлерін, қозғалыс әдемілігін, жеңілдігін білмейтін оқушы тез арада оңды нәтижеге қол жеткізе алмайды. Дыбысты түсінетін және ең құрығанда қарапайым саусақ «жеңілдігін», қобыз мойнын ұстап үйренген және қате дыбысты тез қанағаттанарлық деңгейде түзете алған жағдайда интонацияны тереңдете үйреткен абзал. 
            Вибрация – дыбыстың әрленіп, жұмсақ шығуына көмектеседі. Вибрацияны білек, білезік және саусақтың көмегімен үш түрлі әдіспен орындауға болады. Бұл әдіс дыбыстың әрленіп, құлаққа жағымды шығуына септігін тигізу керек. Вибрация –музыкалық мәнерлілік құралының бірі, оның арқасында дыбыс мәнерге және әуенге ие болады. Вибрация  – тербелмелі қозғалыстар, негізінен сол қол буындарымен жүзеге асады. Осы арада дыбыс ерекше тембрлік әсемдікке өзінің жоғарлауы мен төмендеуінен сәл ауытқып барып ие болады. Оқушы бірінші үш позицияда негізгі ойнау әдістерін үйренген соң ғана вибрацияны қолдануды бастаған жөн. Вибрацияны үйретудің алғашқы кезеңінде: 

  1. аспаптың мойнын басбармақпен және басқа саусақтармен ішегін қыспау және сығымдамау; 
  2. ойын кезіндегі бос саусақтарды ішекке тигізбей ұстау; 
  3. қозғалыстар өзара тең тербелгені басты шарт болып табылады. 

Қозғалыс жиілігінен вибрацияның қандай дәрежеде, яғни кіші немесе үлкен болуы байланысты.                         Орындалатын музыкалық шығарманығ сипатына байланысты тәжірибеде ұсақ және көлемді вибрациялар қолданалады. Музыкалық фразамен жұмыс істегенде оқушы өз бетімен бұл фразаның сипатына қандай вибрацияның сәйкес келетіндігін белгілеуі тиіс. Орындалатын шығарманың музыкалық образдары орындаушыға вибрацияның әсерлі, қарқынды немесе жәй, сазды, яғни серпілістің қандай көлемде болуы керектігінен хабар береді. Бұл әдетті меңгеру мүмкіндігіне қарай тербелмелі қозғалыс жылдамдығы күшейді. Сонымен, ішекті аспаптарда вибрацияның күшеюі, ең алдымен, терең жан дүниенің сезімдерін орындалып жатқан музыкаға қоса білуге байланысты көңіл–күйге тікелей бағынышты. Жоғарғы регистрде кіші серпілісті жиі вибрация, ал төменгі регистрде кіші және жиі вибрация орындау орынсыз екенін ескертеміз. Әдетте, жиі тербелістер өте жай фразасын орындауда, ал көлемді тербелістер қатты және өте қатты фразасын орындағанда қажет. Кантиленді сипаттағы пьесаларды орындағанда көлемді вибрация, яғни көлемді, ал сезімді шығармаларда серпіліс тербелісі жиілейді. 
Штрих түрлері. Штрихтар музыкалық мәнерлілікті жеткізуде ең маңызды құрал болып табылады. Штрихтік шеберлікте штрихтерді екіге бөледі: 

  1. негізгі; 
  2. аралас штрихтар 

Негізгі штрихтар үш түрге бөлінеді: сазды немесе созылмалы; қысқа немесе үзілмелі; секірмелі немесе лақтырмалы; 
Сазды немесе созылмалы штрихтар: 

  • деташе, 
  • легато, 
  • портато; 

     Қысқа немесе үзілмелі штрихтер: 

  • мартле, 
  • нық стаккато, 
  • «Виотти-штрих»; 

Секірмелі немесе дақтырмалы штрихтер: 

  • спиккато, 
  • ұшпалы стаккато, 
  • рикошет. 

Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. 
    Деташенің бірнеше түрі бар: 

  1. Кең деташе. 
  2. Қысқа деташе. 

Легато – ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. 
Стаккато – қысқа мартле штрихтары бірігіп, бір бағытта орындалатын үздік-создық штрих. Әдетте қобызда стаккатоны ысқыштың жоғары бағытында орындайды. Стаккато штрихымен жұмыс істегенде ысқышты сұқ саусақпен шамалы басып нотаның дыбысталуы кезінде буынды жұмсақ әрі созыңқырай итеріп және итеріп болған соң ысқышты жайлап жүргізіп шығу керек. 
Мартле – штрихы деташе штрихының бір түрі. Деташе штрихынан айырмашылығы дыбыс өткір, үздік-создық шығады. Мартле қиын штрихтарының бірі. Бұны үйрену басқа штрихтарды үйренуде көмек болады. Музыкалық шығармаларда бұл штрих жеке-дара, және басқа штрихтармен аралас та кездеседі. Әрбір дыбыстан соң дыбыстың жалпы ұзақтығының жартысына тең үзіліс жасалады. Үзіліс кезінде босаған қол келесі екпінге дайын болуы керек. 
Спиккато – ысқыштың секірмелі қозғалысынан қысқа өткір дыбыстардың ойналу штрихы, яғни әрбір нотдана соң ысқыш ішектен секіріп оытрады. Спиккато екіге бөлінеді: 

  1. үлкен спиккато. 
  2. кіші спиккато (сотийе).

Үлкен спиккато буынның жігерлі қозғалысымен орындалады және жіліншік арқасында ысқыш қозғалысы да кіші, серпілісі де аз. Ысқыш салмағының ортасында негізінен буын қозғалысында орындалады. Сотийенің орындалуының әдісі қысқа деташе тәсіліне ұқсайды. 
Сфорцандо – жігерлі екпін. 
Тремоло – орындаулың эффектілі әсері. 
Портаменто – легато мен стаккатоның арасындағы аралық штрих. 
Трель - әдісі европалық аспапта да негізгі дыбыс пен оған көрші дыбыстың алма-кезек тез алынуы арқылы жасалады. 
Глиссандо – қобыз күйлерінде көп кездесетін орындаушылық тәсіл дыбыстан дыбысқа көшкенде саусақты ішектің бойымен сырғыта жылжыту арқылы алынады. 
Пиццикато – европалық ысқышты аспаптарда дыбысты ысқышпен емес, саусақпен шертіп ойнау тәсілі. 
Мелизмдер – музыкалық шығарманың жеке ноталарын немесе әуеннің белгілі бір айналымдарын құбылту, түрлендіру үшін қолданылатын арнайы таңбалар. Оларға форшлаг, трель, мордент және группето таңбалары жатады.  
Форшлаг дегеніміз – ұзақтығы негізгі өлшемнің ішіне еніп, жылдам ойналатын, белі көлденеңінен сызылған сегіздік не он алтылық ұзақтықтар. Форшлаг майда нотамен белгіленеді. Жалауы мен жалаушасы жоғары не төмен қарап жазылады. 
Мордент дегеніміз – негізгі дыбысты оның қасындағы жоғары не төмен дыбыстармен жалғастыра орындау. Мордент қысқа және ұзақ болып екіге бөлінеді. Морденттің ұзақтығы әр уақытта негізгі дыбыстың өлшеміне сай болады. Қысқа морденттің өзі екіге бөлінеді. Оның біріншісі – қарапайым мордент, ал екіншісі – сызылған мордент. 
Қарапайым мордент жоғары қосалқы дыбыстың көмегімен орындалады. 
Сызылған мордентті орындағанда төменгі қосалқы дыбыс алынады. 
Группето - негізгі дыбысқа қосалқы бірнеше дыбыстарды қосып орындау. Группето төрт дыбысты және бес дыбысты болып екіге бөлінеді. Группетоның үстіне қойылған альтерация белгілері – жоғары қосалқы дыбысқа, ал астындағысы төменгі қосалқы дыбысқа қатыста болады. 
Фермата белгісі нотаның үстіне немесе астына қойылады. 
Флажолеттер – ішектің белгілі бір бөлінген жеріне саусақтың шамалы жақындауының нәтижесінде алынатын дыбыстар.
Музыка көркемдік, әсем саздар шығаруында музыканың көптеген заңдары, ерекшеліктері, көркемдік қасиеттерінің бір салада, бір бағытта үн қосып, адамға эстетикалық азық беруі – өзінше бір табиғи құбылыс. 
Музыканың негізгі әсемдік үн беретін көркемдік қасиеттерін айтар болсақ, олар мыналар: 

  • мелодия;
  • гармония;
  • ритм;
  • метр;
  • темп;
  • регистр;
  • тембр;
  • фактура;
  • тональдік;
  • нтервал;
  • лад т.б.

Мелодия – грек халқының екі сөзінен пайда болған. Мелос – ән және одс-айту деген сөздердің қосындысы ән айту деген ұғымды анықтайды. Әннің мелодиясы текстімен сәйкес үндеседі.
Мелодия – музыканың жаны, негізгі арқауы. Адам ән айтқанда, музыкалық аспаптар баян, қобяз, скрипкада ойнағанда, мелодияның дыбысы естіледі.
Орыстың музыка зерттеушісі А.Н.Серов мелодияның атқаратын рөлі жайлы былай деген: «Мелодия да негізгі көркемдік музыка дыбыстары ішіндегі таң қалдыратыны, бұнсыз барлығы өнсіз, түссіз, жансыз...»
Көлемі үлкен музыкалық шығарманың да, әндердің де қайсысында болмасын, құлаққа жағымды мелодиясы болады. Композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» атты операсынан абайдың ариясын мысалға алуға болады. Егерде музыкалық шығарма тыңдаушыға ұнаса, оның есінде көп сақталады. Құлағынан кетпей ызындап тұрғандай болады. Мелодия негізінде әр жақты болып келеді. Ол музыканың негізі болғандықтан, басқа әсемдік беретін салаларымен тығыз байланыста болады. 
Дыбыс – мелодияның ең бір кішкене бөлігін айтамыз. Негізгі дыбыстарымыздың барлығын фортепиано музыкалы аспаптан байқау қиян емес. Бұнда ең төменгі дыбыс пен ең жоғары дыбыстарды кездестіру болады. 
Дыбыстар көп болғандықтан олар оқтын-оқтын түрлі жоғарлықта қайталанып отырады. 
Музыкадағы негізгі дыбыстар жетеу, олардың өзіне тән аттары бар: 

  • до;
  • ре;
  • ми;
  • фа;
  • соль;
  • ля;
  • си.

Ал, қалған дыбыстар көмекші дыбыстар деп аталады. Олардың аттары до-диез немесе ре бемоль, фа-диез немесе соль-бемоль деп аталады. Осы айтылған дыбыстардың өзіне тән жоғарылығы болады.
Интервал (аралық) деп биіктігі әр түрлі екі дыбыстың ара қашықтығын айтамыз. 
Интервалдардың өздеріне тән аттары бар: 
- секунда – ең жақын екі дыбыстың ара қашықтығы;
- терция – үш дыбысты қамтиды;
- кварта – төрт дыбыстан;
- квинта – бес дыбыстан;
- секста – алты дыбыстан;
- септима – жеті дыбыстан;
- октава – сегіз дыбыстан алынып, екі дыбыстың арасын мелодия үнмен жалғастырады. 
Интервалдардың мелодияға беретін әсемдік қасиеттері шексіз. Мысалы: «Совет одағының гимні» - кварта интервалымен, «Қазақ ССР-нің гимні», «Интернационал» мен «Марсельда» әндері осы интервалмен басталады. 
Қазақтың халық әні «Япурай» секунда интервалымен басталса, композитор Вармаловтың «Қызыл сарафан» романсын секста интервалымен, композитор А.Жұбановтың «Қарлығаш» квинтамен әуендете жөнеледі. 
Лад – деп тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесуінен пайда болған үндесу қатынасын айтамыз. Негізгі дыбыстар тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Әрбір мелодия сол тұрақты, тұрақсыз дыбыстардың байланысынан туады. 
Түрлі әндерді ырғағына келтіріп ойнау үшін оның заңдарын білу керек. Күнделікті айтып жүрген әндеріміз,тындап жүрген музыкалық шығармаларымыз, көңілді, шатты, марш екпінімен, көтеріңкі немесе көңілсіз, күнгірт, қайғылы және мұнды болып орындалады
Міне, осыған байланысты музыкада негізгі екі лад бар. Біріншісі – мажор (қатаң) дыбыстар үндестігі арқылы шатты сезімді, ашық көңілді білдіретін лад, екіншісі минор (ұяң) дыбыстар үндестігі арқылы күнгірт, жұмсақ, мұнды ой туғызатын лад.
Глинканың «Руслан және Людмила» операсының увертюрасы, Бизенің «Кармен» операсының увентюрасы, Хамидидің «Қазақ вальсі» мажор ладтарымен жазылса, Чайковскидің «Алтыншы симфониясының» соңы, Вердидің «Гравиата» операсының кіріспесі, Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып», Соловьев Седойдың «Москва маңындағы кештер» сияқты шығармалары минор ладтарымен жазылған.
Гармония – деп аккордты көп дыбыстардың бір-бірімен үндесуін айтамыз. Мелодияға көркемдік үн беретін – гармония. Музыкалық шығармалардың барлығына кең дауыс, әсем үн беріп тұрған музыканың әсемдік әсемдік тілінің бірі – гармония. Гармония үлкен-кішілі музыкалық шығармалардың эмоциялық жалынды мазмұнын терең сезініп түсінуге көмек береді.
Тональдік (қалыптылық) деп лад дыбыстарының өз ара бірлестігінің қандай биіктікте тұрғанын білдіретін ұғымды айтамыз. Қандай музыкалық шығарма болмасын, әр уақытта бір тональностыда жазылады. Ол жазылған тональностерінің аты сол шығарманың ішіндегі дыбыстардың негізгі тұрақтыларыының атымен аталады. Міне, музыкалық шығармаға әсем және көркемдік сән беріп, оны толықтырып отыратын әсемдік тілдің бірі тональность боп есептеледі.
Ритм (ырғақ) деп дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасын айтамыз. Ритмнің музыкада атқаратын рөлі өте зор. Музыканы үйренуге негізгі көңіл аударатын нәрсенің бірі – ритм. Адамның күнделікті өмірінің бәрі әр түрлі ритмнен тұрады. Адам жүрісінің, сөзінің қозғалыстарынң нотаға түсіретін болса, музыка ырғағы әр түрлі болып келеді. Нәрлей айтсақ, ритм музыкалық шығарманың тамыры деп аталады. 
Темп (жылдамдық, шапшаңдық) деп музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығы желісін айтамыз. Композитор қандай музыка жазбасын, әр уақытта оның ойналу немесе айтылу жылдамдығын шығарманың басында көрсетеді. 
Музыкалы шығармалардың ойналу барысында темп өте көп болғанымен, олар негізгі үш бөлумге бөлінеді. Бірінші – өте жай, салмақпен ойналатын шығармалар, екіншісі – орта жылдамдықпен, үшіншісі шапшаң және тез жылдамдықпен орындалатын шығармалар.
Тембр (әсем, сүйкімді) деп музыкалы аспаптар мен адам дауыстарының өздеріне тән әсемдік ерекшеліктерін айтамыз. Қандай музыкалық аспаптар болмасын, оның өзіне тән ерекшелігі бар. Қобыз бен домбыра, фортепиано мен аккордион, балалайка мен гармон, труба мен клорнеттің өздеріне тән дауыстарының ерекшелігі бар. 
Қобызды уйренудің негізгі баспалдағы.
Қазіргі кезеңде халыктын және кәсіби музыканттардын арасында қобызда орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы, аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Бүгінгі таңда ұлтымыздың музыка мәдениетіндегі сым қобызда орындау өнері, әсіресе техникалық жағынан, үлкен жетістіктерге жетті. Қобызда шебер ойнау-көптеген кәсіби оқушылардың қолынан келетін болды. Бұрын қобызда орындау техникалық қиындықтардың-екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Қазіргі өмір талапларына сай жас ұрпаққа білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазақ халқының ұлттық аспаптық музыкасы, оның ішінде қобыз аспабының сарыны- халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру - бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны оқытып, үйрету- білікті ұстаз мамандардың міндеті. Ұсынылып отырған бұл көмекші құралды дайындаудағы негізгі мақсатым- музыка мектептеріндегі арнаулы қобыз сыныптарының мұғалімдеріне қобыз тартуды үйрету әдістерімен бағдарлама талабына сай, дарынды оқушыларға берілетін музыкалық шығарманың тізімдері мен орындалу ерекшеліктері қарастырылған. Музыка мектеп оқушыларының музыкалық қабілетінің әр түрлі болып келетінін ескере отырып, сыныптың жалпы мүмкіндігіне сай репертуар таңдау. Үйретілген шығармалардың тональдік, формалық ерекшеліктерін талдап көрсету, динамикалық дамуы мен ырғағын, екпінін(темпін) айқындау. Бұл көмекші құрал қобыз тартып үйрену жөніндегі оқулықты көздемейді, десем де икемделудің бастапқы кезеңін меңгеруге көмектеспек ниеттемін. Кітап өзім сияқты маман ұстаздарға да, оқушыларға да білімділік пайдасын тигізетін оқулық болады деп ойлаймын.
Осынау ғажайып аспапты меңгеруге талпынған жас жеткіншектерге сәтті қадам, шығармашылық биіктер тілеймін. 
Бұл бағдарламаны балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сүйене отырып жасадым. 
Қобыз аспабын меңгертуде табиғи, логикалық жүйеде баспалдақты түрде жаттықтырып, үйрету керек. Алғашқы ішек басып,ысқышпен әртүрлі дыбыс шығару әдіс-тәсілдерін және халықтың ән-күйлерін жаттығу ретінде қолданып,оқушыны орындаушылық шеберлікке жеткізу керек.
Оқушы ұлттық өнерге бойлай отырып,халық әндерін,күйлерін, Қазақстан компазиторларының шығармаларын және өлкелік сазгерлер шығармаларын нақышына келтіре ойнауға қол жеткізеді.Сонымен қатар, күрделі классикалық шығармаларды уйретуде ұстаздың атқаратын міндеті ерекще.Ұстаз оқушының есту қабілетін,екпін дәлдігін меңгеруге,мәнерлі фрозировка жасау сезімін қалыптастырады.Оқушыны үлкен сахна мәдениетіне тәрбиелейді.Бұл бағдарламаның ерекшелегі оқушы мүмкіншілігін сезіп қоймай, басқа оқушыларға қарағанда күрделірек шығарманы меңгеріп шығады, яғни 1 жылда 2 немесе 3 сыныптың бағдарламасын еркін ойнайтын дәрежеге жетеді.Оқытушының сабақты тиімді ұйымдастыруы, оқушының үй жұмысын дұрыс орындауына,уақытын үнемді,дұрыс пайдалануға жол ашады.
Бұл бағдарлама қобыз сыныбының жас оқытушыларына әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр.
Гаммалармен жұмыс
Гаммалар- қобыз техникасының барлық элементтерін дамыту құралы. Олар түрлі тональностерге таза дауыс ырғағымен интонациясын, нақты артикуляцияны, саусақты жүгіріп тұруын, тұрақты дыбысты және оның динамикасын дамытады. Позициядан- позицияға ауысу, ысқышпен ішектерді ауыстырудағы дайындықты, қос ішекте ойнаумен әр түрлі тәсілдік техниканы дамытуды жетілдіру үшін өте маңызды. 
Оқытушы гаммалардың пьесалар мен концерттерді үйрену үшін дайындық материалы екеніне, олар қиындық туғызу үшін емес, олардан босату үшін арналғандарына оқушының көзін жеткізу керек.
Этюдтер
Этюд- орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Этюд гамма арпеджиомен қатар, оқушының техникалық дамуына көмек беріп, орындаушылық өнерді дамытуға көмектеседі. 
Әрбір жарты жылдықта этюдтер әр түрлі техникалық әдіспен емтихан ретінде тыңдалуы қажет. Бұл этюдтерді ұстаз алдын ала берілген шығармаларды меңгерудегі үлкен әдістемелік құрал ретінде пайдаланады. Негізі мұндай шығармаларды көбіне скрипка аспабына арналған оқулықтардан алып пайдалануға болады. 
Оқу процесіндегі күйлердің тиімділігі.
Қобыз үйрету барысында техникалық емтихандарда домбыраға арналған күйлерді қобызшыларға міндетті түрде ойнату қажет. Қобыз бен домбыра атадан балаға мирас болып жеткен көне аспаптарымыз. Ұстаздар болашақ қобызшыны музыкалық оқу орындарда жеке әртіс, ұстаз немесе оркестрант болуға тәрбиелейді. Мектеп, колледж бітірушілердің барлығы бірдей жеке орындаушы бола алмайды. Олардың көбі оркестрант болып, халық аспаптар оркестріне, ансамбліне орналасады. Сол себептен, қобызшыны жастайынан қазақтың күйлеріне, оның үніне, күйлердегі ерекше кездесетін ырғақтарымен екпініне бастапқы кездерге міндетті түрде үйрету керек. Күй арнайы күйсандықтың сүйемелдеуімен немесе домбырамен қосылып орындалады. 
Күрделі және ірі формадағы шығармалармен жұмыс.
Күрделі және ірі формадағы шығармалармен жұмыс жасау педагогиканың кең ауқымды міндеттерінің бірі. Ол музыкалық және техникалық орындаушылық болып екіге бөлінеді. Бастапқы кезде оқушыға күрделі музыкалық форманы түсініп ойнау қиынға түседі. Бұл мәселе бірте-бірте кішігірім музыкалық пьесалардан бастап, күрделі ірі шығармаларға көшуге көмектеседі. Күрделі шығармаларды ойнау барысында бастапқы қиындықтардың бірі –ол туындының біркелкі ойыны мен бөлек бір эпизодтарын сезініп оларды бір-бірімен байланыстырып отыруы және де әр түрлі тәсілдерді орындауы әрі музыканың шығармашылық мазмұнын түсінуге байланысты. Бұндай шығармаларды орындаған кезде оқушы өз ойынынан ләззәт алуы тиіс және оқушы эмоцияналдық және физиологиялық жағынан да дайын болуы қажет.
Жұмыс жоспары
1 сынып
Оқушының есту қабілетін ашу. Аспап құрылысы. Қол қойылымдары. Нота сауаты. Динамикалық белгілер,штрихтар және саусақ қойылымы. Дыбыс сапасы,ырғақ, есту қабілетін арттыру. Қобыз бұрауымен таныстыру. Күрделі емес штрихтар-деташе толық смычокпен, әртүрлі бөлігінде,л егато- 4 нотаны біріктіріп ойнауға дейін. Сол қол саусақтарына жаттығулар.Гамма арпеджио жеңіл түрде.
Жыл бойына 4-5 гамма мен арпеджио 1 октавада.1-2 гамма 2 октавада, 10-15 этюд, жаттығу, қысқа күйлер және шағындау 10 шығарманы меңгеру керек.
Репертуары шамамен мынандай:

  • Гамма 1 октавада деташе,легато штрихтарымен.
  • Этюд 2-3.
  • Жаттығулар әртүрлі мазмұндағы.
  • Шығармалар:Ғ.Уразалиева «Қошақан»
  • Ғ.Уразалиева « Ойын»
  • Орыс х.ә. «Как под горкой, под горой»
  • Орыс х.ә. «Ходит зайка по саду»
  • Орыс х.ә. «Во саду ли, в огороде»
  • Л.Хамиди «Елигай»
  • Е.Брусиловский «Гәкку»
  • Майра «Майраның әні»
  • К.Родионов «Этюдтер»
  • Н.Бакланова «Этюдтер»
  • Х.күйі « Кеңес»
  • Х.күйі «Кербез қыз»
  • В.Моцарт «Аллегретто»
  • В.Моцарт «Вальс»

2 сынып
Әуен, дыбыс, ырғақ мәнерімен жұмысты жалғастыру. Деташе, легато, мартле және олардың алмасып келуін. I-II-III позициялардың меңгеру. Қос ноталар. Гамма, арпеджиолар әртүрлі позицияда. Трельге дайындық жаттығулар. Күрделі шығармаларды талдап үйрету.
Жыл бойына: 6-8-этюд,күйлер әртүрлі техникалық бағытта. 5-6шығарма, 1күрделі шығарма.

  • Күйлер:Дәулеткерей « Қосалқа»
  • Дина «Тойбастар»
  • Халық күйі «Тепең көк»
  • Этюд:Я.Донт « Избранное этюды»1-3класс
  • А.Комаровский «Этюды»
  • Гаммы и арпеджио
  • Шығармалар:
  • Абай «Айттым сәлем Қаламқас»
  • Ақан Сері «Қараторғай»
  • Мәди « Үшқара»
  • Жаяу Мұса « Ақ сиса»
  • Д.Кабалевский « Галоп»
  • Күрделі шығарма:
  • О.Ридинг 1Концерт h-moll»
  • «Концерт G-dur»

3 сынып
Дыбыс тазалығы, динамика, ырғақ пен жұмысты жалғастыру. Деташе легато, мартле штрихтарымен бірге стакатто штрихын меңгеру. IV-V позицияда жаттығулар ойнау. Тербеліспен (вибрация) жұмысты жалғастыру.
Жыл бойында 6-7 этюд, күй, 5-6 шығарма, 2 күрделі шығарма.
Күйлер: 

  • Арынғазы «Арынғазы»
  • Ықлас «Жез киік»
  • К.Күмісбеков «Өмір жолы»
  • Этюдтер:
  • Н.Бакланов «Шесть этюдов средней трудностей»
  • Я. Донт «Этюды»

Шығармалар: 

  • А.Жұбанов «Романс»
  • Л.Хамиди «Романс»
  • Л.Обер «Тамбурин»
  • «Жига»
  • С.Лұқпанов «Элегия»
  • «Лирикалық ән»
  • Д.Шостакович «Романс»
  • Күрделі шығармалары:
  • А.Вивальди «Концерт a-moll»
  • «Концерт G-dur»
  • А. Комаровский «Концерт №1» 2-3 бөлім
  • Пайдаланылған оқулықтар.
  • С.Еркінбеков «Домбыра мен қобызға арналған пьесалар»
  • Ғ. Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі»
  • Қ. Уразалиева «Қобыз аспабын сатылай үйрену»

4 сынып
Орындаушылық шеберлігін дамыта түсу. Сол қол саусақтарының техникасын арттыру: қол жүгірту, трель, әр түрлі позицияларды қосу.
Жыл бойына 5-6 мажорлы, минорлы гамма, арпеджио 7-8 этюд, 5-6 шығарма, 2 күрделі меңгеруі тиіс.
Күйлер:

  • Құрманғазы «Саранжап»
  • «Төремұрат»
  • «Адай»
  • Этюдтер:
  • Я.Донт «Этюды»
  • Р.Крейцер«Этюды»
  • Ф.Мазас«Этюды»
  • Шығармалар:
  • А.Жұбанов «Вальс»
  • А.Бестыбаев «Романс»
  • А.Жұбанов «Көктем»
  • Л.Обер «Тамбурин»
  • «Жига»
  • П.Чайковский «Песня без слов»
  • А.Яньшинов « Прялка»
  • Күрделі шығармалар:
  • И.С.Бах «Концерт a-moll»
  • А.Вивальди «Концерт a-moll»

5 сынып
Орындау шеберлігін жетілдіру 3-4 октавалы гамма, арпеджио (тез екпінде 12 нотаға дейін гамманы, 9 нотаға дейін арпеджио) меңгеру. Мектеп бітіру бағдарламасымен жұмыс.
Күйлер: 

  • Құрманғазы «Төремұрат»
  • Тәттімбет «Саржайлау»
  • Этюдтер:
  • С.Коргуев «Упражнение в двойных нотах»
  • Ф.Мазас «Этюды»
  • П.Роде «Каприс»
  • Шығармалар:
  • А.Жұбанов «Романс»
  • Е.Үсенов «Майра әніне жазылған фантазия»
  • Е.Брусиловский «Алтынай»
  • К.Сен-Санс «Лебедь»
  • Дженкинсон «Танец»
  • Яковенко «Скерцо»
  • Күрделі шығармалар:
  • Ф.Зейтц «Концерт»
  • Г.Гендель «Соната g-moll»

Қорытынды
Дарында оқушыны қобыз өнеріне сауатты, биік шығармашылық деңгейге жеткізу үшін,музыка мектептерінде бір аптада берілетін сағаттық апталық жүктеме дарынды бала үшін аздық етеді. Шығарма күрделенген сайын, оқушымен көп жұмыс істеуге тура келеді. Менің тәжірибемде егер ата-анасы қарсы болмаса аптасына 5-6 рет қосымша сабақтар өткіземін.Балалардың деңгейі өсіп жан-жақты тәрбиелеу мақсатында дамыту жұмыстарын жүргіземін.Балаларды байқау-фестивальға қатыстырып шеберлік деңгейлерін шыңдау мақсатындажұмыстану.Әр балаланың деңгейі әртүрлі.Әр балаға жас ерекшелігене қарай әдіс-тәсілдерді қолдану.Үлкен жетістікке жету үшін әр балада жеке аспабы болу қажет.
Қобыз аспабында шебер ойнау үшін оқушының бойында : 
1.Әуенді есту қабілеті жоғары .
2. Ырғақ қабылдау қабілеті жоғары .
3.Аспапты меңгеруге деген ынтасы жоғары болу керек,сонда окытушы- ұстаз да үлкен жетістікке жетеді деп ойлаймын.тиімді оқыту әдіс- тәсілдерін қолдана отырып үйрету үлкен жетістікке жетуге,әр түрлі өнер сайыстарында өзін биік дәрежеде көрсете алуына жол ашады.
Бұл нәтижеге жету үшін 1-сыныптан бастап баспалдақты түрде жұмыс жасау керек. Адамды рухани рахаттандыратын шынайы көркем шығармаларды тыңдап үйрену-үлкен өнер.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Д.Тезекбаев. Қобыз үйрену мектебі. Алматы 1980 ж. 
2. Б.Қосбасаров. «Қобыз өнері», Алматы «Санат» 2001 ж.
3. Ғ.Молдакәрімова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы, «Жазушы» 2004 ж. 
4. Коган И. Штриховая техника кобызиста. – А.: Білім, 1980 ж.
5. Д.Тезекбаев Қобыз сарыны – РБК, 1997 ж. 
6. З.Бисембаева. Қобыз аспабын үйретуге арналған оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2006 ж.
7. Қ.Ахметова « Қобыз үйрену мектебі»
8. Н.Бакланова «Маленькие этюды»
9. О.Пархоменко и В.Зельдис « Школа игры на скрипке» Киев 1974 ж.
10. З. Бейсенбаева «Қобызға арналған пьесалар»
11. Д.Шостакович «Альбом пьес»
12. К.Фортунатова «Юный скрипач»
13. С.Еркінбеков «Домбыра мен қобызға арналған пьесалар»
14. Қ. Уразалиева «Қобыз аспабын сатылай үйрену»
15. https://infourok.ru/kiel_aspap-obyz_tayrybynday_shyarmashyly_saba-439589.htm

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты