Менің отбасым
Менің атым Санжар. Мен үшінші сыныпта оқимын. Менің отбасымда төрт адам бар.Анам,әкем, әпкем , ағам және мен. Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз. Менің ата-анам мейірімді.Мен өз отбасымды жақсы көремін.Олар да мені жақсы көреді. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын.Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын. Біз әр мейрамды бірге тойлаймыз. Менің ата-анам менің біліміме риза.Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым.Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым-ең үлгілі отбасы.