Мен өзімді бақытты сәбимін деп есептеймін. Олай айтатын себебім, мен тату, бірілігі жарасқан, ауызбірішіліг мол, адал, еңбекқор, қарапайым отбасында тәрбиеленіп жатырмын. Менің отбасым шағын. Отбасымда: әкем, шешем, әпкем, ағам және мен. Біз өте татумыз, көңілдіміз. Әкем-механик, анам - дүкенде сатушы, әпкем-студент, ағам-10 сынып оқушысы, ал мен 5 сыныпта оқимын. Отбасымды қуанту үшін ылғи үздік баға алып жүрмін. Әкем мен шешемнің қолдары босағанда уақытты бірге, қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Қыс мезгілінде бірге жиі шаңғы тебеміз, ал жазда ауыл шетіндегі өзенге шомылуға барамыз. Әкем мен ағам балық аулағанды жақсы көреді. Анам мен әпкем тоқыма тоқиды, дәмді ас әзірлейді. Ал мен оларға көмектесемін. Анам маған "кішкентай көмекшім, білгірім" деп, ал әкем "сары балапаным" деп ереклетеді. Әпкем демалысқа келгенде маған көп қызық нәрселер көрсетіп, үйретеді. Өскенде менде әпкем секілді сұлу, білімді, ақылды боламын. Ата-анамыз бізге ылғи өтірік айтпандар, ұрлық жасамандар, жаман іске араласпандар, қайта, жақсы, адал істер істендер деп айтып отырады. Үлкен кісілерден бата алып өсіндер дейді. Мен өз отбасымды мақтан етемін! Мен оларды жақсы көремін!
Сочинения (эссе)
Наши олимпиады