Менің отбасым өте тату.Отбасымда төрт адам бар: әкем, анам, ағам және мен.Менің анамның аты - Венера.Әкемнің аты - Нұрлан.Ағамның аты – Даурен.Менің атым - Нагима.Әкем қырық екі жаста, анам отыз жеті жаста, ағам он жеті жаста, мен он үш жастамын. Біз бір-бірімізге көмектесеміз, бір-бірімізге қолдау береміз. «Әке – асқар тау, Ана бауырындағы бұлақ» дегендей, әкем, анам ауырып жатқанда, анама қамқор болады.Қиын жағдайда біз бір-бірімізді ешқашан тастамаймыз.Әкем құрылысшы болып жұмыс істейді, анам дүкенде жұмыс істейді.Ағам оныншы сыныпта оқиды.Мен жетінші сыныпта оқимын.Ағам екеуіміз орыс сыныбында оқимыз.Ағам маған сабақ жасауға көмектеседі, мені әрқашанда қорғайды.Менің әкем шебер, әкемнің қолы алтын.Әкем Қырғызстандағы туысқандарына, анасына, бауырларына көмектеседі, ешқашан көмегін аямайды.Менің анам тамақты өте дәмді дайындайды.Түр-түрімен дайындайды.Менің ағам волейболшы. Ағам волейболды өте жақсы ойнайды.Спорттан алған көп жетістіктері бар.Мен де волейболға қатысамын.Ағам сияқты жақсы ойыншы болғым келеді.
Менің отбасым Қырғыстан Республикасында туылды.Қырғыстанда туылсақ та, ана тіліміз – қазақ тілі.Қазақстанға 2006 жылы көшіп келдік.Менің әкем, ағам және мен – қазақпыз.Анам - қырғыз.Әкеме жететін адам жоқ, біздің тірегіміз! Ата-анам біз үшін барлығын жасайды.Біз үшін жұмыс істейді, қамқор болады. Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар.
«Отбасы – шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасының біріміз. Мен өз отбасымды, ата-анамды, ағамды сыйлаймын.Отаннның бір кішкентай бөлшегі – ол отбасым.Менің ата-анам мейірімді, жақсы адамдар.Менің отбасым – менің байлығым.Мен өз отбасымды мақтан етемін.