Отбасы. Отбасы деген сөз әрбір адамның жүрегінен орын алатын ерекше сөз. Отбасы адамдары ылғи тату болады. Яғни әрбір отбасы мүшелері бір-біріне қамқор болып, шалыс басқан кезде оны қорғап демеу болып жүреді. Адамдардың ешқайсысы шалыс баспауы мүмкін емес. Осындай қиын -қыстау кезінде ағайын көмек береді. Міне, осы жасаған қателікті түзететін отбасылық махаббат. Отбасы адам үшін ең жақын орта. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның деңгейі берік болады. "Отан- отбасынан басталады"- деп бекер айтылмаған. Отбасы кішкентай бір мемлекет. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасында бала алғаш рет өмірі мен қоршаған ортаны отбасы арқылы танып біледі. Осы шапағатты көріп өскен бала тәрбиелі болып өседі. Ал тәрбие өзімізді аялап , бағып- қағып өсірген ата-анамыздан. Ата-ана өз баласын бар махаббатымен аялап өсіреді. Өз баласы ешбіреуден қалмасын деп қолында бар затын өзінің баласына береді. Қиын- қыстау кезінде өз баласы не затты қаласа сол затты баласына алып береді. Осы ата-ана махаббаты. Ата-ана өз отбасын, жанұясын қорғау үшін өз тағдырын құрбан етеді.
Әке -ол асқар тау. Отбасында осы жанның орны бөлек. Әке-бұл шаңырақтың бар ауыртпашылығын көтеретін, асырайтын жалғыз адам. Әке әрбір баласы үшін үлгі болар адам. Сол себепті әрбір адам баласы әкесін аялап, оған көмек беріп, әке алдында өз парызын орындауы тиіс.Адам баласы үшін анасы ерекше жан болып табылады. Әр баланың тәрбиесін нашар немесе жақсы болса ол ананың тәрбиесінен. Ана баласы қандай қателік жасаса да оны кешіреді. Оның мейірімділігі шексіз. Ана өз баласын бағып өзін-өзі ұмытып, бар уақытын өз сәбиіне жұмсайды. Ана алдында да өтер парыз да жеткілікті. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Менің отбасымда бес адам бар. Олар әкем, анам,ағам, әпкем және мен. Біз тату тәтті тұрамыз. Қазақтың әр отбасының тірегі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын !