Менің Отаным- Казакстан! деп, жұдырықтай жүрегімнен шыққаносы сөзді мақтанышпен айтамын. Ата-бабамыздың бостандық жолындағы еренерлігінің арқылы осынау іңкәр дәуірге жеткен елімді мақтаныш етемін. Мен өзелім Казакстанды пенде тәніммен сүйемін.Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бізтәуелсіздікті 1991 жылы алдық. Қазақ елі 1992жылы БҰҰ-ның мүшесі болды. 1991жылы Елбасының жарлығы бойынша Семей полигоны жабылды. Біз ТМД Мемлекеттерініңарасындағы экономикасы дамыған елміз. Егемендік алғалы білім беру мекемелері,денсаулық сақтау саласы жақсарды. Қазақ елі-байтақ, бақытты халық. Қазақстан-Еуразия құрлығында орналасқан, 14 облыс бар, жері пайдалы қазбаларға байөлке..
Қазақстандакөп ұлттар мекендейді. Қазақстанның жалғыз бөлшегі- менің өсіп, тұрыпжатқан көмірлі Қарағанды. Осы мекенде тұрып жатқан менің ауламдағы жалғызкөп қабатты үйде қаншама ұлт өкілдері тұрады. Олармен еркін орыс тіліндесөйлессем, олар менімен қазақ тілінде сөйлесіп, тіпті мерекелі күндерді қалайатап өтетініміз туралы, менен сарқыт сұрады, ол дегеніміз олармен қаттыараласатыным. Мен де олардың мерекелерін құрметтеймін.
Атамекен, меніңше, теңіз, өзен, жұлдыз, күн, қалалар соныменқатар адамдар. Атам, әжем, анам, әкем, бауырым, досым бәрі-менің туған елім.Мен Отанымның кішкентай бөлшегімін. Туған елімнің болмысы әдемі.Рас айтамын,өте көркем! Оны Алматы қаласына барғанда байқалынды. Пойыздың терезесінен жасылдаланың шексіз екенін көріп таң қалдым.Күн деген өзі сұлу екен ғой! Ал күнніңқызарып батқаны тіпті қызық. Күннің қызарып батқанын пойызда отырып көрдім,тіпті мен қалада жүргенде мән де бермеппін. Кең байтақ жерді көргенде мененөткен, қазақтан өткен бақытты ұлт жоқ сияқты болып көрінді. Алматы жап-жасылшаһар. Біз орталық алаңда суретке түстік. Анам екеуміз Елбасы НұрсұлтанНазарбаевтың туып-өскен жері Шамалғанда болдық. Келесі күні тоғайға бардық.Тоғай ішіне кірсең құстардың әндеткенін естуге болады. Таудан аққан өзендібақыладым. Бұл — Қазақстанның қоршаған орта байлығы.
Ойлағанарманым көп. Мен келешекке сенемін. Өскесін Алла қаласа ғұлама боламын.Болашағымның жарқын болатынын лүп-лүп еткен жүрегім сезеді. Атамекен алдындағыборышым-халық болашағы үшін шаруа ету. Қазақстанды гүлдендіру, көркейту,жағымды хабарымен қуанту. Еліміздің болашағы-біздерміз. Ата-анасын, Отанынсыйлаған жастар ғана еліне ақ жүрек шаруа болады. Мен өз еліме бейбітшілік,жақсылық тілеймін!