Әрбір жанға өзінің отбасы ыстық болса, Отаныда адам баласына сондай ыстық. Отан үшін отқа түс күймейсің – деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Өзі өлседе, аты ешқашан өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. Отан деген - сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер. Отанға деген сүйіспеншілік анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына мақтанамын. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігімен, ынтымағымен жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Сондықтанда оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол 1993 жылы 15 қарашада «теңге» болып қабылданды.
Біздің еліміз біртіндеп дамыған мемлекеттер қатарына кіріп жатыр. Соңғы он жылдың ішінде адам танымастай болып өзгерді. Мұнай, газ, химиялық өнеркәсібіне өте бай ел. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Әрине осы жетістіктеріміздің бәрі елбасымыздың арқасында.