Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына мақтанамын. Қазақ елі кең пейілімен, қонақжайлығымен, бірлігімен жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.Себебі Қазақстанда көп ұлт өкілдері де бейбітшілік өмір сүреді . Менің Отанымның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір өзен мен көлдер, алуан-алуан өсімдіктер өседі. Қазақстан жерінде әр түрлі аңдар мен құстар, жануарлар өмір сүреді.
Мен қазір төртінші сыныпта оқимын.Өскен соң мен де Қазақстанның дамып,көркеюіне өз үлесімді қосамын деп уәде беремін .Өз ойымды мына өлеңмен қорытамын.
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.