Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір”
Н.А. Назарбаев
Менің елім, туған жерім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алады.
Менің кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады.
Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі.
Мен осы Мәңгілік ел, егеменді елімде туып өстім. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім-көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім-Қазақстан жеріндегі бейбіт, аспаны ашық, қырандай самғап, өмір сүріп жүрген қазақтарым. Біздің еліміздің табиғаты- өте сұлу,көркем. Ата-бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған қасиетті жерлері бізге аманат.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайратының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.
Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 миллионға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 130-дан аса өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Яғни, қазақ елі өзінің ұлан байтақ жері сияқты кең пейіл, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Бүгінгі күні Қазақстан- отыз дамыған елдің қатарына енген, бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз ел. Еліме деген махаббатымды төмендегі өлең жолдарымен өрнектеймін:
Қазақстан – Мәңгілік ел, Отаным.
Қазақстан менің елім, аңсағаным,
Кең байтақ жерімменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанамын,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Ұлы елім - Қазағым мәңгі – мәңгі жасай берсін! Менің елім – мәңгілік ел екеніне сенемін! Қазағымның болашағы жарқын болсын! Қазақ болғаныма қуанамын!
<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->