Мен елімді жақсы көремін. Қазақстанымыз кең байтақ, дамыған. Осындай елде тұру - нағыз арман емес пе ?
Қазақстан көп жылдар бойы өз бостандығы үшін қүрескен. Біздің халқымызда соғыссыз өткен ғасыр да болған жоқ. Хандық кезінен талай рет жоңғардың шапқыншылығын шыдағанын, Алаш кезінде неше дана адам атылғанын еске түсірмекшімін. Осының бәрі тәуелсіздікке барар жолда. «Міне келді сол уақыт,еш елге бағынышты емеспіз» деген қуанышты сөздер қазақтың сөздері! 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан алғаш рет тәуелсізіздігің алды.
Еліміз үлкен болғаны соншама әлем бойынша тоғызыншы орында. Ең тез дамитын ел болдық. Ең белгілі елдер де ғасырлар бойы дамыған. Ал еліміз небәрі 26 жылдың ішінде сондай жетістіктерге жетті. « ЭКСПО-2017» көрмесі – еліміздің тағы бір мәрте асқақтағанының белгісі. Сол көрмеге жүзден астам мемлекет қатысты. Дәл сол жылы бүкіләлемдік универсиада ойындары өткізілді. Еліміздің халық саны 18 миллион болса да бұл біз үшін үлкен жетістік.
Отанымыздан мыңдаған танымал адамдар шыққан. Олар ғұламалар, спортшылар, әншілер. Мысалы боксшы Генадий Головкин өзге ұлт өкілі болса да, туған жердің даңқын көтереді. Бауыржан Момышұлы –ардагер әрі жазушы. Туған жері үшін өмірін аямаған. Соғыстан кейін бүкіл әлемге белгілі Фидель Кастромен кездесті.
Қазақстанда бір отбасы болып он сегіз миллион адам тұрады, жүз жиырмадан астам ұлт бар . Әртүрлі ұлт өкілдері әртүрлі тілде сөйлейтін, әртүрлі діндерге сенетін адамдар біздің елде үйлесімді өмір сүріп жатқанына таңданамын. Осының бәрі жақсы қарым-қатынаста ғана емес, бір-біріне деген көзқараспен де жүреді. Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдеріндегі кітаптар мен газеттер шығарылады, ұлттық театрлар, студиялық ансамбльдер жұмыс істейді, ұлттық радио және теледидар бағдарламалары таратылады.
Қазақстан халқы бірлікте тұрып жатыр. Бұл Қазақстанның жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Және бейбітшілік - болашақ гүлденудің ең маңызды шарты
Біз Президентімізді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құрметтейміз, соның арқасында бейбіт және гүлденген елде өмір сүруге мүмкіндік бар. Адам өмірде не қажет? Әрине, адамдар ұйықтап жатқанда, олардың өмірі, болашағы, ештеңеге қауіп төнбейтініне сенімді болар еді. Бейбітшілік пен келісім - әрбір адам үшін ең маңызды нәрсе. Біз болашағымызға сенімдіміз, біздің Президентіміз бақытты өмір сүруді қамтамасыз ету үшін бәрін
жасайды. Мен оған сенемін! Бұл менің Қазақстаным: бейбіт, еркін, бай, көпұлтты. Мұндай елді сүймеу мүмкін бе?
Қазақ халқы көптеген ғасырлар бойы сақталып қалған дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жоғары бағалайды. Біздің байлығымыз - біздің жер. Егер үлкен аумақ қазақ халқының негізгі кәсіптері - көшпенділік малдар үшін өте қолайлы болса, қазір еліміздің экономикасындағы басты рөлді осы жердің ішкі байланысы атқарады. Пайдалы қазбалардың кен орындары көлемі мен алуан түрлілігінде. Бірақ Қазақстанның басты байлығы - оның халқы. Ең күрделі күндерде өз елі, отанымен бірге болған адамдар. Бұл патриотизм біздің қанымызда қалып отыр.
Ал соңында айтқым келгені: президент Нұрсұлтан Әбішұлы болмаса 50 дамушы елге кіруші едік пе? Әр азамат бүгінде басын тік көтеріп, «Тәуелсіз елде тұрып жатырмын» деп мақтан тұтады.
Біз еліміздің өткенін мақтан тұтамыз, біз өз өмірімізді ортақ болашағымыз үшін арнаймыз.