Отан дегеніміз әр перзент дүние есігін ашқан кезде,әр елді мекеннің танып,сол елді жақсы көріп туған жері үшін жанның пида етуге даяр болады.Менде дәл солай дүние есігін ашқалы бері Қазақстанда тұрып жатырмын .Қазақстан мен үшін өте ыстық,өз Отанымды қатты жақсы көремін.Өз елімінің әрбір тасы ,топырағының өзі қандай керемет шіркін !
Мен Қазақстанда туып өскеніме мақтанамын .Себебі тәуелсіз ,жері кең,ұлан байтақ ,егеменді ел .Менің елім Қазақстан!-деп айтуға тұрарлық .
Еліміздің асты да ,үсті де бай.Асты бай дегенім-көптеген пайдалы қазбалар бар ,ал үсті бай дегенім бейбіт ,аспаны ашық ,әртүрлі ұлт өкілдерімен тату –тәтті өмір сүрудеміз .
Қазақстанда 150-ден астам ұлт өкілдері тұрады . Олар :орыс қырғыз,қытай,түрік және т.б ұлт өкілдері бар .Қазақстан өз алдына дербес мемлекет .Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алған .Қазіргі таңда өзіміздің әнұран, елтаңба,рәміздеріміз бар .Жеріміз жағынан да тоғызыншы орынды алып тұрмыз .Басқа елдерге қарағанда соғыс ,көтерілістер жоқ.Тыныштық та төмір сүрудеміз,оның бәрі елбасымыздың арқасында . Мұқағали Мақатаевтің мына бір өлеңі жүрегіме жақын .
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.