Менің атым- Нияс. Менің отаным- Қазақстан Республикасы. Мен Балқаш қаласында тұрамын. Қазір 1 сыныпта оқимын. Маған мектепте білім алған ұнайды. Бәрі өте қызықты, мен үшін жаңашыл. Анам маған мектепте 11 жыл оқисың деп айтады. Содан кейін университетке бір маман иесі болу үшін оқуға түсесің дейді. Мен, ол қалай деп сұрағанымда, сен өскенде кім болғың келеді?-деп сұрады. Мен полиция қызметкері болғым келеді деп жауап бердім. Сонда анам, олай болса полиция қызметкерінің жұмысын уйрену үшін тағыда білім алатынымды айтты.
Менің арманым және болашақ мамандығым полиция қызметкері болып, заң бұзушылармен күресу және қоғамда тәртіптің болуын қадағалау, халқымыздың тыныштығын сақтап, жақсы өмір сүруіне қызмет ету. Мен полиция бөлімшесінің бастығы боламын. Бұл да менің алдыма қойған арман мақсатымның бірі. Мектептегі мұғалімдерімнің, ата-анамның көмектерімен, еңбектерімен, өзімнің ынтаммен осы арманыма қол жеткізетініме сенемін.