Мен өмірімді шытырманға теңеймін. Шытырманның қиындығы көпжолдарынан қанша қиналсам да, мені ең соңында жеңіс күтіп тұрғанынақатты сенемін. Мен білемін, бұл жолда тек қана қиыншылық емес, қызықтыкездер де болады. Шытырманмен жүріп өту де қызық емес пе? Қазір мен 6жастамын. Осы шытырман жолдың алі бірінші кезеңінен өтіп жатырмын.Қазіргі мақсатым – қазақи тәрбие, сапалы білім алу. Болашақта кімболатынымды да болжап қойдым. Болашақта тігіншілікпен айналысып,елімнің өркендеуіне үлес қосуды армандаймын. Отандық ою-өрнегімізсалынған сапалы киімдерді тігіп қана қоймай, оны өзге елдерге детаныстырғым келеді.Мен болашағымды Отаныммен ғана елестетемін. Біз достығыжарасқан, дамыған елде өмір сүріп жатырмыз. Біз бақытты балалармыз!Қазақстан қазір қандай мықты болса, көп жылдардан соң бұдан да күштімемлекет болатынына сенемін. Елімді көркейту үшін аянбай еңбек етемін.Білімді боламын. Қиналған адамдарға қол созып, қайырымды іс атқаратынболамын. Уақытымды босқа пайдасы жоқ іспен кетірмеймін. Халқыма көмегітиетін істер атқаратын боламын. Маған ата-анам, бауырларым мақтанышпенқараса екен деп армандаймын. Менің артымнан өсіп келе жатқан бауырыммаған қарап ол да жақсы азамат болып өседі. Менің армандарым көп. Өзармандарымды өзім орындау менің қолымнан келетініне сенемін.
Ең бастысы балалар тәрбиелі, білімді, саналы болып өссін. Өйткені,болашақ біздің қолымызда. Елбасымыздың арқасында еліміз дамығанелдердің қатарына қосылды. Еліміз тыныш, елбасымыз аман болсын!
Сочинения (эссе)
Наши олимпиады